Байланысты: УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)
§ эмоциялық сезімі бұзылған балалармен әлеуметтік-эмоциялық дамыту сабақтарын;
§ қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайтын балалармен қарым-қатынас икемділігін
қалыптастыру сабақтарын;
§ тәртібінде бұзылыстары бар балалармен тәртібін қалыпына келтіруге көмектесетін сабақтарды
жүргізеді.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары: - білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және
жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және
түзете дамыту ортасын құру;
- мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-
әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық
жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы
көрнекі дидактикалық материалдар);
- балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын жүргізетін дефектолог мұғалім,
педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін түзете дамыту құралдарымен,
оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен
жабдықтау;
- білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен,
арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігі психологиялық, педагогикалық, медициналық диагностиканың және жалпы көрсеткіштердің мәліметтері бойынша анықталады: 1. білім беру ұйымында болған бала мен ананың жағымды әсері;
2. баланың сенімділігі (позитивті, тең Мен тұжырымдамасын қалыптастыру үрдісі);
3.
баланың өзге балалармен ынтымақтастыққа бейімділігі (топтардың, сыныптардың,
балабақшаның, мектептің), ересектермен;
4. тиісті жас кезеңін меңгеру жетістігі және баланың қызмет түрлеріне қарай ерекшеліктері.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін анықтау үшін катамнеза әдісін қолдануға
болады. Мәліметтерді жинау баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін жарты жылдан соң, одан
кейін жылына бір рет ұйымдастырылады.