3. Зияты төмендігін топтастыру және олардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебильдік, имбецильдік және идиотия Дебильдік дәреже (миақы) - (латын тілінен “debilis”- әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебил кезіндегі интеллектуалдық коэффициенті 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдардың психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Интеллектуалды дамымаушылық деңгейіне байланысты айқындылған орташа және жеңіл дебильдікті ерекше көрсетеді. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Дебилдардың сөздік қоры жеткілікті, олар мектепте оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын жұмыс болып келеді, әсіресе математика. Дебилдар қиын емес, еңбек әрекеттеріне ие бола алады.
Танымдық әрекеттің бұзылуы қиын түсініктерді қортуға қабылетсіз екендігін көрсетеді. Олар бастысын екіншісінен айыра алмайды. Оларда абстракты ойлау нашар дамыған және мүлдем жоқ. Оларды нақты ассоциация және нақты-жазылу түріндегі аз нәтижелі ойлау басым болады. Бірақ кейбір дебилдар интеллектінің жетіспеушілігін аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен толтырады. Оларда инициатива-ның, өз бетінше шешім қабылдау ерекшелігінің, жайбасарлықтың барлық психикалық процестердің селсоқтығы жоқтығы белгіленеді.
Дебилдердың темпераменті мен мінезі әр түрлі. Олардың кейбіреулері салмақты, көпшіл, ақ көңіл, басқалары – ашушаң, кекшіл, қатыгез.
Дебилдердың бір ерекшеліктері – олардың жоғары иланғыштығы. Олар бөтен адамдардың әсеріне тез еліктеп кетеді. Талдау және қорытынды жасай білмесе де, дебилдер (әсіресе, жеңіл дәреже кезінде) қарапайым өмір сүру жағдайларында икемді қалыптаса алады, құлықты жеткілікті біле туып, жылпостық және іс жүзінде хабардар, сондықтан кейде өмірде жаман орналаспайды.
Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді. Олар өз-өздеріне қызмет көрсете алуға, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі мамандандырылған дайындық алуға қабылетті және осымен белгілі мөлшерде ойлаудың жеткіліксіздігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала болады.