Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 1. Заркенова Л.С. Электрондық тасымалдаушылардағы материал (кейс) «Арнайы педагогика» пәні бойынша.- Қарағанды, ҚарМУ, 2009.
2. Заркенова Л.С. Еңбекке баулу және тәрбиелеудің арнайы әдістемесі (электрондық оқу құралы). –Қарағанды, ҚарМУ, 2009.
3. Заркенова Л.С. Арнайы педагогика: Электрондық дәрістер. – Қарағанды, ҚарМУ, 2010.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сұрақтар: 1. «Білім алудағы ерекше қажеттіліктер» ұғымының мәнісін ашып көрсетіңіз.
2. Дамудағы ауытқулардың себептерін атаңыз.
3. «Дизонтогенез» терминінің мәнісін түсіндіріңіз және негізгі топтарын атаңыз.
Тапсырма: Қазақстандағы БАҚЕ балалардың контингентін, олардың инклюзивті блім берумен қамтылу үлесін көрсететін кесте құрыңыз.
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... .
1. Олигофрено- педагогика пәні мен міндеттері Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos - кем, аз және phren-ақыл, ми) - бұл ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы педагогикалық ілім. XIX ғ. аяғында және XX ғ. бірінші жартысында шетел және отандық әдебиеттерде (әсіресе психиатриялық) «кем ақылдық» термині қабылданып кеңінен таралған. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын және қатып қалған бір нәрсе деген көзқарастарын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл термин аномалды баланың интеллектісінің сандық күйін қалыпты жетілген құрбы-құрдасымен салыстырғанда анықталды. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін және оның психологиялық мектебінің әсерінен осы ұғымға кезекпен «ақыл-есі кем бала» немесе «кемақыл» деген термин келеді. Осы термин отандық дефектологтардың аномалды баланың интелектуалды дамуының табиғаты мен мәніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі - бұл аномалды баланың интеллектісіне мінездеме, тек ол ғана емес, мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық, соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.
Демек, осы заманғы позицияда олигофренопедагогика - бұл баланың түрліше интеллектуалды дамуының бұзылуын, оның тәртібін, білім алуын және оқуын, сонымен қатар, кезекті реабилитациясы мен әлеуметтік бейімделуіне сынай қарайтын дефектологияның бір саласы (арнайы педагогика, түзету педагогикасы).