Инклюзивті білім беру


Зияты зақымдалған балалардың дамуы және оқыту, тәрбиелеу мәселелері



бет6/8
Дата20.09.2022
өлшемі391,78 Kb.
#39547
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3-лекция казакша

4. Зияты зақымдалған балалардың дамуы және оқыту, тәрбиелеу мәселелері
5. Айқын зияты зақымдалған балалардың дамуы және оқыту мен тәрбиелеудегі шетелдік тәжірибелер
XVIII ғасырдан бастап келесі психиатрлардың Ж. Эскироль, Э.Сеген, Ф.Галътон, А. Бине, Э.Крепелин, Дж. Кэттэл назары ақыл-ой (зияты зақымдалған) дамуының айқын бұзылыстарын зерттеу мен талдауға аударылды. Олардың алдындағы мақсат болып интеллектуалдық жетіспеушілікпен тән (жан), психикалық аурулардың байланысты анықтау мен аталмыш бұзылыстардың тереңдігін бағалау саналды.
XIX ғ. ортасынан бастап, еуропалық елдерде жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізіліп жатқан кезде, мектепте берілетін білімді меңгеруге кедергі жасайтын ақыл-ой жетіспеушіліктерін анықтау сұрағы тек медиктердің емес, сонымен қоса педагог, одан кейін психологтардың да назарын өзіне аудара бастады. Аталмыш уақытта көмекші сыныптар мен мектептерде пайда бола бастады, бұларға тән (жан) ауруының белгісі жоқ, жалпы білім беретін бағдарламаны меңгере алмайтын балалар жіберіле бастады.
Отандық ғылымда кемақылдылықтың түрлі көріністері, олигофренияны туа біткен психикалық жетілмеушілік түрі ретінде үдейе түсетін тән (жан) ауруларының сипаттамасынан ажырату кейіннен – ХХ ғ. басында ғана басталды және медицинада, дефектологиядаХХ ғ. 20-шы жылдары кеңінен зерттейтін пән болып саналды (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо және басқалар).
Ресейде кемақылдылардың психологиясы шетелдік ғалымдармен үзілмес ғылыми қарым-қатынас барысында дамыды. Ол халықаралық конференцияларға және конгресстерге қатысу барысында, мамандардың стажировкаға, командировкаға бару барысында, студенттермен, аспиранттармен, әдебиетпен алмасу барысында жүзеге асты.
Бүгінгі күні Ресейде кемақылдыларды халықаралық топтастырылуымен қолданады, оның негізінде кемістіктіктің айқын көріну дәрежесі бойынша төрт топқа бөледі: кемақылдылықтың жеңіл, ептеген, ауыр және терең дәрежелерімен.
Бірінші үш топқа жататын балалар VIII түрдегі арнайы (түзете оқыту) жалпы білім беретін мектепке тән бағдарламасының түрлі варианттарымен оқытылып тәрбиеленеді. Олардың көбісі арнайы білім алып әлеуметтік бейімделіп жұмыс орнына орналасады. Олардың даму болжамасы жағымды. Төртінші топқа жататын балалар халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің интернаттық мекемелеріне орналастырылады. Бұл жерде олар өзіне-өзі қызмет ету қалыпты тәртіптің қарапайым дағдыларын игереді. Бұл мекемелерде олар өмір бойы болады. Аталмыш кемақылды балалар тобының жеке өкілдері жанұяларында тұрады.
Олигофрен-балалар дамуға қабілетті, аталмыш қасиет кемақылдылықтың күрделі түрлерінен ажыратылады. Кемақылды балалар психикасының құрылымы күрделі келеді. Алғашқы кемістік көптеген екінші, үшінші ауытқулардың пайда болуына әкеледі. Олигофрен-баланың танымдық іс-әрекеті мен тұлғасының бұзылыстары әр түрлі әрекеттерінде байқалынады. Бірақ кемшілікпен бірге аталмыш балаларға жағымды қасиеттерде тән. Олардың болуы даму процессін қамтамасыз ететін сүйеме болып табылады.
Айқын зияты зақымдалған балалардың дамуы және оқыту мен тәрбиелеудегі шетелдік тәжірибелер бойынша инклюзивті оқытуды енгізу керектігін қарастырады.
6. Қазақстанда ақыл-ойы жетіспеушіліктің ауыр деңгейіндегі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің тәжірибелері. Зияты зақымдалған тұлғаларға әлеуметтік саясаттың қарым-қатынасына замануи сипаттама
Векслердің ақыл-ой тестімен өлшеу барысында кемақылды (зияты зақымдалған) балаларды кемістіктің айқын көріну дәрежесі бойынша ажыратуға болады. Ақыл-ой дамуының ортаңғы деңгейі 90- 109 көрсеткіш диапазонына келеді. Ақыл-ой дамуының «жақсы нормасы» 110-119 (у.е.) диапазонына келеді. Төмендетілген норма 80-89 (у.е.) диапазонына келеді. Ақыл-ой дамуының норма мен ақыл-ойдың төмендеуі арасындағы шектелген деңгейі 70-79 (у.е.) диапазонына келеді. Интеллектуалдық төмендеу 70 төмен (у.е.) диапазонына келеді. Кемақылдылықтың жеңіл (дебильдік) дәрежесіндегі балалар 75-80% құрайды. Олардың ақыл-ой дамуының деңгейі (IQ) 50-70 (у.е.) құрайды. Арнайы мектептерде немесе қалыпты мектепте орналасқан сыныптарда оқығаннан кейін, немесе үйде оқытылып тәрбиеленген жағдайда олардың көбісі әлеуметтік бейімделіп жұмыс орындарына орналасады.
Кемақылдылықтың ортанғы (имбецильдік) айқын көрінетін дәрежесіндегі балалар 15% құрайды. Олардың ақыл-ой дамуының деңгейі (IQ) 20-50 (у.е.-шартты бірліктер). Кейбіреулерінде (ептеп жеңілдеу кемақылдылықпен) (IQ) 35-49 (у.е.) құрайды, олар имбецил балаларға арналған арнайы мектепке барады немесе кемақылды балаларға арналған мектептердегі сыныптарда немесе үйде ата-аналарымен тәрбиеленіп оқытылады немесе педагогтармен үйде оқиды. Олар көбіне жанұяларында тұрады. Олардың жұмысқа орналасуы қиындатылған. Айқын көрінетін кемақылдылықтың келесі тобының (IQ) 20-34, тек өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын және қарапайым еңбек әрекеттерін игереді, бұндай балалар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің интернаттық мекемелеріне жіберіледі.
Кемақылыдылықтың терең (идиотия) дәрежесіндегі балалар көбіне өмір бойы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің интернаттарында болады. Кейбіреулері, ата-анасының қалауы бойынша жанұясында тұрады. Олардың жалпы саны барлық кемақылды балалар арасында - 5% құрайды. Бұл балалардың ойлауы толығынан жетілмеген, кейде жақын адамдарына деген тандамалы эмоциялық жақындық көрсетуі мүмкін. Олар өзіне-өзі қызмет етудің тіпті қарапайым дағдыларын да игере алмайды. Бұл балалардың (IQ) 20 төмен болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына, қоғам өміріне қатысуға және олардың әлеуметтік бейімделуіне бірдей құқықтарын жүзеге асыруда қалыпты мектептерге тек физикалық қатысу емес, сонымен қоса білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру жағдайларын туғызу қажет, басқаша айтқанда инклюзивті білім беру саясатын жүзеге асыру қажет. Аталмыш мәселеге мемлекет, оқытушылар, ата-аналар белсенді қатысуы керек.
1991 жылы 21 маусымда қабылданған «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңында бағдарламаға сәйкес мүгедек адам арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Білім беру мекемелері мүмкіндіктері шектелген балаларды оқуы мен бейімделуіне қажетті оқу-әдістемелік және техникалық құралдарымен қамту қажет. Аталмыш жоба жетекшісі Сулейменова Р.А. бір топ зерттеушілермен мүмкіншіліктері шектелген тұлғалар мен олардың қажеттіліктері туралы мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру моделін әзірлеген. Ол халықаралық мекемелермен қабылданған құжаттарды талдауына негізделіп ҚР үкіметімен ратифицировтелген, сонымен қоса мүмкіндіктері шектелген адамдардың тіркелуімен, қажеттіліктерін бағалаумен байланысты құжаттарға, заңдарға негізделген. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде ақыл-ойы жетіспеушіліктің ауыр деңгейіндегі балаларды, зияты зақымдалған тұлғаларды анықтау, есепке алу және жеке реабилитациялық бағдарламаларды жоспарлау- аталмыш жүйенің бірінші деңгейі болып саналады. Көрсетілген іс-шаралар білім беру мен денсаулық мекемелерінде жүзеге асуы қажет (дәрігерлік диагностика, блім беру іс-шаралары). Екінші деңгейі – өмір сүру мүмкіншілігінің шектелуін дәлелдеу, маман-эксперттер жүргізеді. Үшінші деңгей – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар туралы мәліметтер базасын қалыптастыру және республикалық, регионалдық деңгейлерде ұйымдастыру шешімдерін қабылдау. Төртінші деңгей – региондардағы ақпаратты жалпылау, жүйелеу және талдау негізінде, бюджет мүмкіншілігі мен мемлекет приоритетін ескере отырып мемлекеттік білім беру және әлеуметтік бағдарламалар мазмұнын білім беру және ғылым министрлігі және еңбек пен ҚР халқын әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет