Имбецильдік дәреже (миқула) (латын тілінен “imbecillus”- әлсіз, елеусіз) - бұл психикалық дамымаушылықтың орташа қиындығы. Имбецилдің психикалық дамуы 3-7-жастағы баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті 20-50. Шапшаң көрінген имбецилдік кезінде 20-35, өте жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдардың барлық психикалық процестері баяу қозғалуымен және селсоқтықпен ажыратылады. Қозғалтқыш қызметінің дамуы үлкен тежеулікпен болады.
Аурулар жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді. Аурулар білім алуға бейімсіз, бірақ жәй сөздерді түсінеді, олардың өз сөздері нашар дамыған. Имбецилдардың сөздік қоры небары 200-300 қиын емес сөздерден құралған.
Логикалық ойлау, қорыту және абстракты түсініктің пайда болуы оларға түсініксіз. Өте төменгі деңгейде ойлауымен, нақтылығымен және тиянақсыздығымен ерекшеленеді. Кейбір имбециалдарда жақсы механикалық ес болуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу және жазуға бейім емес.
Имбецилдардың салыстырмалы бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері-жинау, кір жуу, ыдыс жууға, ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекетіне машықтанудың арқасында үйренуге қабылетті. Имбецилдар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз.
Интеллектінің төмендігіне қарамастан, олардың аралықсыз эмоционалды реакциялары кедейлеу және бірыңғай. Мінезі жағынан кейбір имбециалдар көнгіш, ақ көңіл, тіл алғыш, басқалары қырсық, қатыгез, ашушаң. Олар тәртібі жағынан ширақ, ұшқалақ, белсенді болуы мүмкін, бірақ та табиғи қажеттілігін басу үшін барлығына солғын, енжар, селқос қарауы да мүмкін.
Имбецилдар үздіксіз қамқор мен мамандандырылған бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың кішкене өзгеруі имбецилды қиын жағдайға қояды. Таныс емес жайда олар сасқалақтауы мүмкін және өте жәрдемсіз болып қалады.
Идиотия (милау) - (латын тілінен “idiotea” - тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Интеллектуалды коэффициенті 20-дан төмен. Идиотиямен ауыратындардың психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады.
Аурулар қорғансыз және қарау мен күтімді қажет етеді.
Терең идиотия кезінде қоршаған ортаға деген реакция бұрмаланып аурулар не қоршаған жайға көңіл аудармайды, не бұл реакция қоздырушыға сәйкес келмейді. Идиотиямен ауратындар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты сора бастайды.
Терең идиотия кезінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды және буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сурануды және дәретхананы пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсіздыққа қарамастан сұланған және ластанған киімдерінде узақ уақыт қала береді.
Білім алу іскірлігі толығымен мүлдем жоқ болады. Ауруларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да жеткіліксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз тұғандарымен шешесін танымайды. Психиканың терең кемшілігі-нен физикалық даму кемшілігі жиі бірге жүреді.
Идиотияның орта және жеңіл дережесі кезінде аурулар туғандарын бөтендерден ажыратады, өздерін күтетін адамдарға бауыр басып қалады да, олардың келуіне қуанады. Олар кейбір өзін-өзі күту және өз еркімен жылжып жүру сияқты әдістерді менгере алады.
Идиотияның орта және жеңіл дережесімен ауратындар кейбір күнделікті айтылатын сөздерді есте сақтап қалуға бейгісе және бір буынды «бер», «керек», «бар» деген кейбір сөздерді айта алады. Бірақ маңқылдап және шалжың, әріптерді өткізіп сөйлейді. Олар кесіп алуды, үшкір заттың кіріп кетуін, күйіп қалуды түсінеді және өздеріне жарақат түсірмейді.
Идиотиямен ауыратындарды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне орналастырады.