Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7302
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
Национальная академия образования им.И. Алтынсарина 
 
 
 
 
 
 
 
Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша 
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың 
оқытуын ұйымдастыру 
 
Әдістемелік ұсынымдар  
 
 
Разработка рекомендаций по организации обучения 
детей с особыми образовательными потребностями  
по 8 категориям в условиях инклюзивного образования
 
Методические рекомендации 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2016 


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 18 қыркүйектегі № 8 хаттамасы).  
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2016 года).  
 
 
Инклюзивтік  білім  беру  жағдайында  8  санат  бойынша  ерекше  білім 
беруде  қажеттіліктері  бар  балалардың  оқытуын  ұйымдастыру.  Әдістемелік 
ұсынымдар.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы, 
2016. – 64 б. 
 
Разработка  рекомендаций  по  организации  обучения  детей  с  особыми 
образовательными потребностями по 8 категориям в условиях инклюзивного 
образования. 
Методические 
рекомендации.– 
Астана: 
НАО 
имени 
И. Алтынсарина, 2016. – 64 с. 
 
 
 
Әдістемелік  ұсынымдарда  әртүрлі  санаттағы  білім  беруде  ерекше 
қажеттіліктері  бар  балалармен  түзету  және  оқу-тәрбие  жұмыстарын 
ұйымдастыруға  қойылатын  негізгі  талаптар  жайында,  жалпы  білім  беру 
ортасының бейімделуін жоспарлау нәтижелері туралы баяндалған.  
 
В  методических  рекомендациях  изложены  основные  требования  к 
организации  коррекционного  и  учебно-воспитательного  процесса  детей  с 
особыми 
образовательными 
потребностями 
различных 
категорий, 
планируемые результаты адаптации общеобразовательной среды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы, 2016 
© Национальная академия образования 
им. И. Алтынсарина, 2016 
 
 
 


 
МАЗМҰНЫ  
 
Анықтама жазбахат..............………..................……………………….
 

1
 
Жалпы тарау. Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру ….. 
 

2
 
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар..................... 
 
13 
2.1
 
Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған оқушыларды 
оқытуды ұйымдастыру…………………………….....................……… 
 
13 
2.2
 
Көрмейтін және нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру ....  20 
2.3
 
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оқытуды 
ұйымдастыру.............................................................................................. 
 
25 
2.4  Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды 
ұйымдастыру.............................................................................................. 
 
30 
2.5  Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру.......  34 
2.6
 
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
.........................
  43 

Ұйымдастыру-әдістемелік тарау ............ ................................................  52 

Болжамды қорытындылар................. ......................................................  59 
 
Анықтамалар мен қысқартулар...………………………………………  61 
 
Пайдаланылған және ұсынылған әдебиеттер тізімі.......………………  63 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Анықтама жазбахат  
 
Бұл 
әдістемелік 
ұсынымдар 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының  30-шы  бабына  сәйкес,  республиканың  барлық 
азаматтарының  ұлты,  тілі,  жынысы,  әлеуметтік  жағдайы  және  денсаулық 
жағдайына  қарамастан  жалпы  орта  білім  алуға  тең  құқықтары  мен 
мүмкіндіктерін 
қамтамасыз 
етуге 
бағытталған 
«Қазақстан 
Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»,  «Білім  туралы»  және 
«Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзеу 
арқылы  қолдау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заң  нормаларының 
негізінде әзірленді. 
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің негізгі мақсаты инклюзивті білім 
беру  жағдайында  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту 
процесін  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар  жүйесін  жасау  болып 
табылады. 
Аталған 
санаттағы 
балаларды 
оқытуды 
ұйымдастыру 
процесінде,жалпы  білім  беруді  дамытудағы  бүгінгі  күнге  қалыптасқан  екі 
үрдісті  ұстану  керек.  Бірінші  үрдіс,  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балаларға (ақыл-ой кемістігі бар балалардан басқасына) білімін жалғастыруға 
және  мамандық  алуға  тең  құқықтарын  қамтамасыз  ететін,  ҚР  МЖБС 
талаптарына сәйкес мектеп білімін беруде базалық білім беру талаптарының 
бірлігін  сақтауға  байланысты.  Екінші  үрдіс,  аталған  санаттағы  балалардың 
әлеуетті  мүмкіндіктерін  дамыту  үшін  ерекше  білім  беруге  жағдай  жасау 
қажеттігін,  олардың  жеке-типологиялық  ерекшеліктерін  ескеру  қажеттігін, 
сонымен  қатар,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапасына  әсер  ететін  әлеуметтік-
мәдени факторларды ескеру керектігін білдіреді. ҚР «Білім туралы» заңында 
ерекше  жағдайларға  мыналар  жатқызылған:  «білім  алу  үшін  арнайы 
жағдайлар  –  ерекше  білім  берілуіне  қажеттілігі  бар  адамдардың 
(балалардың)  оларсыз  жалпы  білім  беретін  оқу  және  білім  беру 
бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын 
және  оқыту  әдістерін,  техникалық  және  өзге  де  құралдарды,  тыныс-
тіршілігін,  сондай-ақ  медициналық,  әлеуметтік  және  өзге  де  көрсетілетін 
қызметтерді қамтитын жағдайлар…» [1]. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім 
берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, 
тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім 
беруге  ерекше  қажеттілігі  бар  тұлғаларға  білім  беруге  қатысты  ерекше 
мақсаттары да анықталған: 
көзі  нашар  көретін  тұлғаларға  –  оқуға  және  жазуға  арналған  арнайы 
құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау; 
есту  бұзылыстары  бар  тұлғаларға  –  ауызша  сөзді  сөйлеушінің  ерін 
қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, 
сөйлеу тілін дамыту; 


 ақыл-ой  бұзылыстары  бар  тұлғаларға  –  барлық  психикалық 
функцияларын  түзету  және  дамыту,  әлеуметтік  ортаға  бейімделу,  өзін-өзі 
жұмыспен қамтуға дайындау;  
қимыл-қозғалыс  аппаратының  бұзылыстары  бар  тұлғаларға  – 
толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру; 
сөйлеу  тілінің  ауыр  бұзылыстары  бар  тұлғаларға  –  сөйлесудің 
коммуникативтік дағдыларын меңгеру. 
Ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  балаларды  білім  беру  процесіне 
қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының 
кемістігі  бар  оқушылардың  даму  ерекшеліктерінен  туындайтын  арнайы 
міндеттерді  шешуге  дайын  болулары  керек.  Олардың  қатарына  келесі 
міндеттерді жатқызуға болады: 
-  мүмкіндігі  шектеулі  оқушының  даму  ерекшеліктерін  зерттеу,  білім 
беру  процесіне  қосудың  тиімді  түрін  таңдау,  арнайы  педагогикалық  қолдау 
мазмұнын анықтау; 
-  оқушылардың  компенсаторлық  (алмастыратын)  мүмкіндіктерін 
белсендіру,  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  үшін  білім  беруге 
арнайы  жағдай  жасау,  оқу  –тәжірибелік  іс-әрекет  барысында  ағза 
органдарының 
сақталған 
функцияларын 
жұмылдыру, 
сенсорлық 
қабылдаудағы кемшіліктердің орнын толтыру; 
-  әлеуметтік  тәжірибесін  байыту,  дені  сау  адамдармен  бірлесе  қарым 
қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау, мәдени 
құндылықтар  мен  нормаларға
 
бейімдеу,  мәдени  өмірге  белсене  араласуға 
тарту; 
-  физикалық  дамуына  ықпал  ету,  жеке  гигиена  дағдыларын 
қадыптастыру,  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу,  еңбекке  сүйгіштікке, 
дербестікке,  өз  әрекетіне  есеп  беріп,  бақылауға  үйрету  және  жүріс-
тұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру; 

еңбекке  қабілеттілігін  зерттеу  мәліметтері  бойынша  жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру, әлеуметтік-
тұрмыстық  бейімдеу,  оқытудың  барлық  деңгейінде  білім  берудің  бірыңғай 
ашықтығын қамтамасыз ету; 
-  сауықтыру  жұмыстарын  жүргізу,  даму  процесіндегі  бұзылыстардың 
қайталануының алдын алу, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру;  
-  білім  беруге  ерекше  қажеттілігі  бар  балалардың  оқу  сапасына 
мониторинг  жүргізу,  жалпы  білім  беру  жағдайында  оны  арттырудың  тиімді 
жолдарын қарастыру; 
-  әртүрлі  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытудың 
арнайы  әдістері  мен  технологияларын  меңгерген  педагог  кадрларды 
дайындау; 
- ұжымда жағымды психологиялық климат орнату; білім беру кеңістігін 
ізгілендіру,  оқу  процесінің  барлық  қатысушыларының  арасында  түсіністік 
қарым-қатынас орнату. 


1  Жалпы  тарау.  Жалпы  білім  беру  ұйымдарында  білім  беруге 
ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру. 
 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын 
қамтамасыз  ету  үшін  оның  арнайы  білім  алуға  ерекше  қажеттіліктерін, 
медициналық  және  әлеуметтік  қызметке  мұқтаждығын  нақты  және  жан-
жақты  зерттеу  керек.  Бұл  оның  оқу  процесіне  қосылуына  барынша  тиімді 
жағдай жасауға мүмкіндік береді.  
Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді 
тексеруінің  нәтижесінде,  диагнозы  анықталғаннан  кейін,  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  консультацияда  (ПМПК)  жүзеге  асырылады. 
Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі:  
1)  медициналық,  әлеуметтік  қызмет  көрсету  мен  білім  алуға 
қажеттіліктерін анықтау және растау;  
2) баланы оңалтудың кешенді бағдарламасын жасау және жеке даралап 
оқыту бағдарын (маршрут) белгілеу. Оның құрамында:  
-  білім  қызметі  (оқу  бағдарламасының  типін  және  психологиялық-
педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау); 
-  әлеуметтік  қызмет  (жәрдемақылар  және  жеңілдіктер,  техникалық 
көмекші құралдар мен өмір сүру ортасын бейімдеу, үйде қызмет көрсету және 
т.б.); 
-  медициналық  қызмет  (әртүрлі  мамандарға  тексерілу  және  емделу 
қажеттілігі, стационарда және т.б.) 
-  отбасына  қаржылай,  құқықтық,  әлеуметтік-психологиялық  көмек 
көрсету; 
3)  кеңес  беру,  үйрету  және  ата-аналарды  педагогикалық  түзету 
процесіне қатыстыру; 
4)  педагогтарға,  психологтарға  және  мектеп  ұйымының  басқа  да 
мамандарына  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде 
кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; 
5) психикалық даму мониторингі және білім беруде ерекше қажеттілігі 
бар 
балаларды 
медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық 
тұрақты қолдау. 
Арнайы  қызмет  түріне  қажеттіліктерін  анықтау  барысында  алдымен, 
оқыту 
және 
тәрбиелеу 
мәселелерін 
шешу 
барысында 
баланың 
қызығушылығына  басымдылық  беретін  ізгілік  қағидасы  басшылыққа 
алынады.  Сонымен  қатар,  бұл  қағида,  әр  баланың  өз  қабілетін  барынша 
дамытуына  уақытында  қажетті  жағдай  жасау  керектігін  білдіреді.  Бұл 
жағдайлар  инклюзивтілік  принципінің  негізінде  дамып  келе  жатқан  жалпы 
білім  беру  ұйымдарында  жасалады.  Ерекше  жағдайлар  қызметкерлермен, 
қаржылай,  материалды-техникалық  және  басқалай  мектептегі  білім  беру 
процесін  қамтамасыз  етуге  қойылатын  жалпы  талаптар  жүйесі  дегенді 
білдіреді.  Аталған  талаптарды  іске  асырудағы  кіріктіру  нәтижесі  болып 
табылатын  орта:  жалпы  және  ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін 


қанағаттандыратын,  арнайы  қажеттілігі  бар  оқушыларды  қосқанда  барлық 
білім алушыларға бідей физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы, ата-
аналарға  (олардың  заңды  өкілдеріне)  ашық,  балалардың  физикалық  және 
психологиялық  денсаулықтарын  сақтап  және  нығайтуға  кепілдік  беретін 
болуы қажет. Оларға келесі шарттарды жатқызуға болады: 
Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау  
Арнайы  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушыларда  біліктілікті,  дағдыларды 
және  денсаулықтың  психо-совматикалық  резервін  меңгерудің  түрлі 
мүмкіндіктері  бар.  Жалпы  білім  беретін  мектептер  осы  айырмашылықтарды 
ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің 
түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті: 
а)  қалыпты  сыныпта  оқыту  -  танымдық  қабілеттері  сақталған 
оқушыларға  арналған.  Олар  үшін  арнайы  білім  беру  бағдарламаларының 
қажеттілігі  жоқ,  тек  мұғалімнің  жеке  көмегі  керек  болуы  мүмкін.  Осы 
сыныпқа  ерекше  қажеттіліктері  бар  1-2  оқушыны  оқытуға  болады.  Мұндай 
сыныпта,  ауытқуы  жоқ  оқушыларды  оқытатын  білім  беру  саласындағы 
педагог  мамандар  сабақ  бере  алады.  Қажет  болған  жағдайда,  мұғалім, 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  мамандарынан,  ресурс 
орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады. 
б)  арнайы  сыныпта  оқыту  –  арнайы  жағдайлар  талап  етілетін  (арнайы 
бағдарламалар,  арнайы  әдістер  мен  оқыту  тәсілдері,  арнайы  жабдықтар  мен 
дидактикалық  құралдар,  психологиялық-педагогикалық  үздіксіз  қамқорлық) 
оқушыларға  арналған.  Бұл  сыныптарда  арнайы  педагогикалық  білімі  бар 
немесе  курстық  даярлаудан  өткен  мұғалімдер  жұмыс  істеуі  тиіс.  Оқытуды 
ұйымдастыру  арнайы білім беру  ұйымдарына  қойылатын барлық  талаптарға 
сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі. 
Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады  –  есту, көру, 
ақыл-ой  дамуы,  сөйлеу  тілінің  ауыр  бұзылыстары,  психикалық  дамуының 
тежелуі  бар,  тірек-қозғалыс  аппаратының  бұзылыстары.  Олар  контингент 
болған  жағдайда,  сонымен  қатар  ата-аналардың  балаларын  арнайы 
сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан 
тыс  іс-шаралар  (үйірмелер,  факультативтер,  спорттық,  тәрбиелік),  қалыпты 
сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. 
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру 
ұйымына  қосу  мүмкіндіктері  (түрлері)  білім  беру  жүйесінің  қолданыстағы 
нормативтік  құжаттарымен  бекітілген.
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 
2013  жылғы  17  мамырдағы  №499  қаулысымен  бекітілген  жалпы  білім  беру 
ұйымдары  (бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта)  қызметінiң  үлгілік 
қағидаларының  18-тармағында  белгіленген:  «Ата-аналардың  немесе  өзге  де 
заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару 
органдарымен  келісім  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  даму  мүмкіндігі 
шектеулі  балалармен  дені  сау  балалардың  бірлесіп  оқитын  сыныптары  (бір 
сыныпта  даму  мүмкіндігі  шектеулі  екі  баладан  артық  оқытылмауы  тиіс) 
немесе  арнайы  білім  беру  ұйымдарының  үлгілік  қағидаларында  көрсетілген 


толымдылыққа  сәйкес  бұзушылық  түрлері  бойынша  арнайы  сыныптар 
ашылуы  мүмкiн.  Инклюзивтік  және  арнайы  сыныптардағы  даму  мүмкіндігі 
шектеулі  барлық  білім  алушыларға  арналған  түзету  сабақтарын  арнайы 
педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге 
асырады.  Жалпы  сыныптарға  қосылған  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар 
жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [2].
 
Даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  кіріктірілген  (инклюзивті)  білім 
беруді  ұйымдастыру  туралы  әдістемелік  ұсынымдарға  сәйкес  (2009  ж.  
16  наурыздағы  БҒМ  №4-02-4/450  хаты)  білім  беруге  ерекше  қажеттіліктері 
бар  балалардың  жалпы  білім  беру  процесіне  ішінара  интеграциялануын 
арнайы сыныптар жүзеге асырады [3]. Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы 
сыныптардың негізгі функциясы, олардың танымдық қабілеттері мен ерекше 
қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын 
іске  асыру  болып  табылады.  Бұл  жерде  ерекше  қажеттіліктері  бар 
оқушыларды  қоғамға  әлеуметтік  бейімдеу  мен  интеграциялауға,  өз 
баласының  тәрбиесі  мен  дамуындағы  отбасының рөлін  арттыруға  мүмкіндік 
жасалады. 
Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар 
оқушылар  үшін  дамуындағы  бұзылыс  түріне  қарай  және  оқу  үдерісін 
барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады: 
естімейтін балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; 
нашар  еститін  және  кейіннен  естімей  қалған  балаларға  арналған  -  10 
адамнан артық емес; 
зағип балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; 
көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған – 
12 адамнан аспайтын; 
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 адамнан 
аспайтын; 
тірек-қозғалыс  аппараты  бұзылған  балаларға  арналған  –  12  адамнан 
аспайтын; 
психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  арналған  –  12  адамнан  артық 
емес; 
жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларға  арналған  –  12  адамнан  артық 
емес; 
орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларға  арналған  –  6  адамнан  артық 
емес [2]. 
Орта  мектептерде  бұзылыс  түрі  бойынша  білім  беруге  ерекше 
қажеттіліктері  бар  оқушыларға  арналған  арнайы  сыныптар  ашу  туралы 
шешімді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. 
Арнайы  сыныпқа  баланы  қабылдау  ата-анасының  (заңды  өкілінің)  жазбаша 
өтінішімен  және  оқыту  бағдарламасы  көрсетілген  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  консультация  (ПМПК)  қорытындысы  негізінде 
білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. 


Арнайы сыныптар қажетті жағдай жасалғанда (материалдық, кадрмен қамту, 
оқу-әдістемелік) ашылады.  
Арнайы  сыныптардағы  оқу  процесі,  есту  қабілеті,  көру,  сөйлеу,  тірек-
қозғалыс  аппаратының  бұзылыстары,  психикалық  дамуы  тежелген  білім 
алушылар  үшін  ҚР  МЖБС  талаптарына  сәйкес  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларының  мазмұны  бойынша  жалпы  білім  беру  нәтижелеріне  қол 
жеткізу  үшін,  ал  жеңіл  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушылар 
үшін  қолжетімді  білім,  білік,  дағдыларын  қалыптастыру  үшін,  МЖМБС 
талаптарынсыз  қоғамдағы  жеке  және  тәуелсіз  өмір  салтын  қалыптастыруға 
қажетті  бастапқы  кәсіби-еңбек  дағдыларын  меңгерту  арқылы  жүзеге 
асырылады. 
Білім  беру  мерзімі  арнайы  сынып  жағдайында  бастауыш  деңгейінде, 
нөлдік  сыныпты  енгізу  арқылы  1  жылға  ұзартылды  және  оқу-танымдық 
әрекеттердің  баяу  қарқынын  ескере  отырып,  сонымен  бірге  түзете-дамыту 
және  оңалту  шараларын  іске  асыру  мақсатында  негізгі  орта  білім  беру 
сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды.  
Екінші шарт – білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, 
ата-аналар,  мұғалімдер,  білім  жүйесінің  басшыларын)  дамуында  шектеуі 
бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау. 
Қалыпты  білім  беру  кеңістігіне  арнайы  оқу  қажеттіліктері  бар 
балалардың  енгізілуі,  ұжымдағы  құрдастарымен  тең  жағдайда  білім  алуын 
көздейдi.  Сондықтан  да  балалардың  арасындағы  өзара  қарым-қатынас 
жағдайларының  барлық  көріністерін  болжау  қиын,  әсіресе  оның  нәтижесін. 
Инклюзивті  білім  беру  саласындағы  кедергі,  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балаларға  қатысты қалыптасқан  теріс  көзқарас.  Жалпы  білім  беретін  мектеп 
оқушылары  жанында  даму  ерекшеліктерінде  ауытқуы  бар,  өздерін  басқаша 
ұстайтын  қатарластарын  көрмеген,  үйренбеген.  Сондай-ақ  ата-аналар  да 
ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, «стандарттың 
төмендеуіне» әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін. 
Мұғалімдер  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалар  мен  мектеп  оқушыларының, 
олардың  ата-аналарының,  басқа  да  мұғалімдердің  арасында  оң  көзқарас 
қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс. Нормативті дамыған оқушыларда 
осы  балалардың  ерекшеліктері,  олар  пайдаланатын  арнайы  құрылғылар 
туралы сұрақтар туындауы мүмкін. 
Дамуында  ауытқулары  бар  баланы  қалыпты  дамыған  құрдастарының  оң 
қабылдауына  қоршаған  ортасындағы  ересектердің  әсері  бар.  Мұғалімдер 
осындай  оқушыларды  барлық  жағдайларда  қолдауға  және  көмек  беруге 
дайын  болуы  тиіс.  Салауатты  оқушыларға  құрдастарының  дұрыс  сөйлей 
алмауын,  дұрыс  қимылдай  алмауын,  өздерін  басқаша  ұстау  себептерін 
түсіндіруі қажет және т.б. 
Айырмашылықтар  орын  алады  және  басқалар  оған  құрметпен  қарауы 
керек.  Мұндай  жұмыстар  ата-аналар  жиналыстарында  да  жүргізілуі  тиіс. 
Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарға  ықпалды  (толерантты)  көзқарас 
қалыптастыру мақсатында көзделуі тиіс: 

10 
-  білім  беру  ұйымдарының  жұмыс  жоспарына  мүмкіндіктері  шектеулі 
тұлғалардың 
ерекшеліктері 
мен 
қажеттіліктері 
туралы 
мектеп 
қызметкерлеріне,  ата-аналарға,  балаларға  қажетті  ақпаратты  беретін  іс-
шараларды  қосу,  оның  ішінде  өмірде  табысты,  құрметтеу  және  жоғары 
қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру;  
-  мүмкіндігі  ерекше  қажеттіліктерді  керек  ететін  оқушыларға  олар 
пайдаланатын  көмекші  құралдар  (мысалы,  есту  аппараттары)  туралы  айту 
және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету; 

ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  қалыпты  дамушы 
құрдастарымен бірдей  тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және 
пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру;  
-  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларға  нормативтік  дамушы 
құрдастарының  тарапынан  оқу  процесінде,  сондай-ақ  үзіліс  кезінде  бір 
сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі;  
-  ерекше  қажеттіліктері  бар  барлық  оқушылардың  сыныпта  және 
мектепте  мәртебесін  арттыруға  ықпал  ету  үшін  олардың  мектепте  және 
мектептен  тыс  үйірмелерде,  спорт  секцияларына  қатысуын  қолдай  отырып, 
дарындылығын ашуға жағдай жасау [4, 5].  
Үшінші  шарт  –  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқыту  және 
тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  мұғалімдер  және  ата-аналарды  арнайы 
дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру. 
Жаппай  білім  беру  жағдайында  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды 
табысты  оқыту,  тәрбиелеу  және  әлеуметтік  бейімдеу  көбінесе  барлық 
деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар 
жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби 
даярлығына байланысты. 
Бірінші  кезекте  арнайы  курстан  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
басшылары  өтуі  тиіс,  өйткені  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  оқытуға 
ең  басты  жауапкершілік  директорға  жүктеледі.  Мектепте  арнайы 
сыныптардың  немесе  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жалпы 
сыныптарда  болуы  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруға  маңызды  өзгерістер 
енгізеді.  Басқару  құрылымы  өзгереді  – күн  тәртібі,  сабақ  кестесі,  мектептегі 
сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының тиімділігін және сапасын 
бақылау,  түзету,  мектепте  міндетті  түрде  психологиялық-медициналық-
педагогикалық  сүйемелдеу  қызметінің  құрылу  және  т.  б.  Әкімшіліктен 
арнайы  жағдай  жасау,  ғана  сондай-ақ  мейірімді  қабылдау,  қатаң  емес 
педагогикалық режимі, оқу-тәрбие үдерісінің ең жоғарғы түзету бағытына да 
байланысты. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп басшыларын, 
сондай-ақ,  аудан,  қала  және  облыстық  білім  департаменттерінің 
қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыруы өте маңызды.  
Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балаларға  арнайы  көмектің  тұтас  жүйесін  жасауда  маңызды  қадам  ол  осы 
балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау болып 
табылады [6]. 

11 
Мұғалім  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  даму  ерекшеліктері 
туралы  кешенді  пәнаралық  білімді,  дамуындағы  ауытқуларды  тудыратын 
себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың 
арнайы әдістемесін меңгеру қажет. 
Мұғалімдерді  оқыту  тұрақты  болуы  тиіс  –курстық  дайындау 
(модульдік)  түрінде  және  біліктілікті  арттыру  институттар  базасында  ғана 
емес  сонымен  қатар  мектептерде  де  жүргізілуі  керек.  Теориялық 
дайындықпен  қатар  оқыту  орнында  практикалық  оқытуды  қарастыру  қажет, 
мұғалімдерге  өз  мәселелерін  талқылауға  үнемі  кездесуге,  тәжірибесімен 
бөлісуге  мүмкіндік  жасау  қажет.  Ұқсас  жағдайларда  мұғалімдердің  қалай 
жұмыс  жасап  жатқаны  туралы  ақпарат  басқа  педагогтарға  өзіндік  іс-
әрекеттерін  талдауға,  жаңа  идеяларды  жүзеге  асыруда  сенімділік  пен  алға 
ұмтылуға көмектеседі. 
Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын 
жүргізетін  арнайы  педагогтардан  алуға  тиіс.  Олар  психологиялық-
педагогикалық  сүйемелдейтін  мектептегі  қызметтің  немесе  психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары.  
Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және 
түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға 
арнайы  педагогпен  балаларының  түзету  және  консультативтік  сабақтарына 
қатысуға  мүмкіндік  жасалуы  тиіс.  Арнайы  педагог  баланы  оқыту  мен 
тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  ата-аналарға  ұсыныстар  жасайды.  Бала  үйде 
оқыған  материалмен  сабаққа  келгенде  бірін  бірі  қайталайтын  оқытуды 
болдырмау  өте  маңызды.  Егер  табысты  оқыту  үшін  бұл  жалғыз  мүмкіндік 
болса,  баланы  жалпы  мектепте  оқыту  туралы  мәселе  туындайды.  Бұл 
оқушыға  дені  сау  балалармен  сабақтан  тыс  жұмыстарды,  мерекелер  және 
спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы.  
Төртінші  шарт  –  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  арнайы 
психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.  
Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған 
адамдармен  (құрдастарымен,  үлкендермен)  жеке  дара  қарым-қатынас 
жасауына  әсер  етеді.  Сондықтан  жалпы  білім  беретін  ортада  мұндай 
оқушыны  табысты  бейімдеу  және  оқытудың  маңызды  шарттарының  бірі 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялық-
педагогикалық  сүйемелдеу  мамандардың  біртұтас,  жүйелі  ұйымдасқан 
қызметін  білдіретін  білім  беру-тәрбие  процесінде  балаға  көмектің  (немесе 
қолдаудың)  ерекше  түрі  ретінде  қарастырылады.  Оның  барысында  баланың 
мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сәйкес  табысты  оқыту  мен  дамуы  үшін 
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады. 
Психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеудің  нысаны  ретінде  білім 
беру  (оқу-тәрбиелік)  үдерісі  қарастырылады.  Психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің  тақырыбы  -  баланың  әлеммен,  айналасындағылармен 
(ересектер,  құрбылар),  өз-өзімен  қарым-қатынасының  жүйесі  ретінде  оның 
даму  жағдайы.  Ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  сүйемелдеу 

12 
командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы 
педагог,  әлеуметтік  педагог),  мұғалімдер  мен  ата-аналардың  өзара  тығыз 
байланысын көздейді. 
Арнаулы  сүйемелдеу  ішкі  және  сыртқы  (мектепте  қажетті  мамандар 
болмаған  жағдайда  штатында,  мысалы,  сурдопедагог,  тифлопедагог,  емдік 
дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін. 
Іштей 
сүйемелдеу 
командалық 
жұмыс 
ретінде 
консилиумді 
пайдаланатын 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
қызметінің 
мамандарымен  жүзеге  асырылады.  Сыртқы  сүйемелдеу  аудандық 
психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттерінің  мамандарымен  жүзеге 
асырылады. 
Бесінші  шарт  –  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқу 
жетістіктерінің 
мониторингі 
және 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру. 
Жалпы  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар 
баланың  оқу  үрдісі  мен  әлеуметтік  бейімдеуінің  табыстылығы  таңдап  алған 
оқу 
бағдарламаның 
оқушының 
танымдық 
және 
функционалдық 
мүмкіндіктеріне сәйкестігіне  және нақты  оқу  жетістіктерін  тұрақты  бақылау 
арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге 
асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім 
беру  мониторингінің  мәліметтері  мұғалімге  оқыту  барысында  балаларда 
туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін 
толықтыру  бойынша  қажетті  іс-шаралар  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді. 
Оқу  бағдарламаларын  меңгерудегі  туындайтын  қиындықтарды  талқылауға 
сүйемелдеу  қызметінің  мамандары  (психолог,  логопед,  мұғалім-дефектолог) 
қатысады,  олар  қиындықтардың  себептері  мен  жою  жолдарын  анықтауға 
көмектеседі.  Егер  қажет  болса,  жеке  түзету  сабақтарының  мазмұнына 
өзгерістер енгізеді. 
Осылайша,  жалпы  білім  беру  процесіне  енгізілген  ерекше 
қажеттіліктері бар оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін 
жағдайлар жасалады. Білім беру мониторингінің көмегімен педагог оқушыда 
қалыптастырылған дағдылар деңгейін анықтайды және оған сүйеніп, баланы 
табысты оқытуға жағдай жасайтын жеке білім беру бағдарын жасайды.  
Әр  оқу  жылының  соңында  оқушылардың  оқу  жетістіктері 
оқушылардың  психологиялық-педагогикалық  карталарында  сақталатын 
арнайы жетістіктер карталарында тіркеледі.  
 

13 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет