Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық жəне отандық нормативті-құқықтық актілер).
ҚР-да жалпы білім берудің инклюзивтілігін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заң 2002 ж Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 ж «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заң 2002 ж «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң 2005 ж Қазақстан Республикасының Заңдары
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995
30 бап. 1. Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі.
«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заң 2002 ж
Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және оған тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға кепілдік беріледі.
3. Арнайы педагогикалық тәсілдерді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді.
«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заң 2002 ж
31 бап. Мүгедек баланың толыққанды өмір сүру құқықтары
2. Мүгедек бала өзінің дене бітімі, ақыл-ой қабілеті мен қалауына сәйкес білім алуға, қызмет түрі мен мамандығын таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заң 2002 ж
15 бап. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары
5. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға құқығы бар.