Инклюзия Инклюзивті мектеп Инклюзивті бала бақша Инклюзивті балалар Инклюзивті сынып Инклюзивті топ Инклюзивті театр инклюзивті білім беруді дамыту ҚР Білім және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі
Инклюзивті білім беру (ағыл. inclusion-білім беру, бірлесіп оқыту) - әрбір адамға физикалық, зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалды, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру мекемелерінде оқуға мүмкіндік беретін оқыту нысаны.
ЮНЕСКО (ағыл. UNESCO; United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі.
Инклюзивті білім беру - бұл балалар мен қауымдастықтарды оқытудың алуан түрлілігі мен әртүрлі қажеттіліктері мен қабілеттерін, сипаттамалары мен үміттерін құрметтей отырып, барлық дикриминация түрлерін жоя отырып, барлығына сапалы білім беруге бағытталған жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.
ҚР «Білім туралы» Заңы
21-7) инклюзивті білім беру- білім алуда ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
ҚР «Білім туралы» Заңы
3-бап. Мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
- барлығының сапалы білім алу құқықтарының теңдігі;
- әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, халық үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі; [1 тарау, 3 бап]. Келесі ұғымдар енгізілді: «Инклюзивті білім беру», «Білім алу үшін арнайы шарттар», «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдар»
Эксклюзия, сегрегация, интеграция, инклюзия
Инклюзивті білім беру
Сапалы білім
икемді білім
Білім алуда қажеттіліктерді есепке алу
Дискриминациясыз білім
Қолжетімді орта
1 тарау. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар - арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тіршілік ету ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын, онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес жағдайлар;
19-3) Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бастан кешіретін, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына мұқтаж адамдар;