Internet желісі


INTERNET -пен қатынас құру



бет3/15
Дата07.01.2022
өлшемі170 Kb.
#19769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
л6-10

7. INTERNET -пен қатынас құру

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol — FТР). Практикада FТР немесе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретіндс әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameid) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.

FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftp.геlсоm.su nаmеіd раsswоrd — FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

ореn FTP -сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.relcom.гsu — РТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nаmеіd — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;

раsswоrd — сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-таіІ) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

һеLр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quit: — сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дүрыс болса, катынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd каталог аты — каталогты ауыстыру;

cd.. — жоғарғы деңгейден каталогқа кайту;

get файл аты — ҒТР-серверден файл алу;

binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аг]), гаг, іаг, 2Ір жәш т. б.)

dіг — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

ҒТР-сервермен байланысу сеансықда пайдалануга болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

ҒТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

сd риb — барлық ҒТР-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;

dir — сол каталог файлдар тізімін беру;

get 03ndex.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnагу — екілік файлдарды өңдеуге өту;

get fаг 140.ziр — ЕТР-серверден екілік файл алу;,

guit — ҒТР-серверден ажырау (байланысты үзу).

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі дсңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзак 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет