Инвестиция ж


Мысалы: теледидар- телевидение, фотоүлкейткіш- фотоувеличитель



бет2/3
Дата25.09.2022
өлшемі2,07 Mb.
#40207
1   2   3
Байланысты:
калька

Мысалы: теледидар- телевидение, фотоүлкейткіш- фотоувеличитель;
«Волков бояться – в лес не ходить». Осыны калька тәсілімен аударсақ: «Қасқырдан қорқу – орманға бармау» болар еді. Ал мұның тілімізде сәтті баламасы бар: «Қасқырдан қорыққан тоғай араламас» дейді халық.
«Не приметить слона» – «Пілді байқамау» дер едік. Мұның дұрысы: «Көрмес түйені де көрмес». Калька жасау жолымен орыс тілінен қазақ тіліне ауысып, жарасымды, қонымды болғандықтан тілімізге сіңіп кеткен фразеологиялық тіркестер де бар.
«Кулик кулика видит издалека» – «Балықшы балықшыны алыстан таниды». «Лучше поздно, чем никогда» – «Ештен кеш жақсы». «Беречь как зеницу ока» – «Көздің қарашығындай сақтау». «Ловить рыбу в мутной воде» – «Лай судан балық аулау». Осы сияқты бірен-саран болмаса, жалпы калькадан туған нұсқалар қазақ тілінің нормаларына қайшы келеді. 
«Мен ертең келетін боламын».
“ Мен ертең келемін”
«будем награждать», «будем утверждать»
жеңімпаздарды жариялайтын боламыз» 

Жарияла
нады, анықталады
«Кешірім сұраймын, кешірім өтінемін» деген сөз «приношу извинение», «прошу прощение»-нің калькасы. Жай ғана «ке­шіріңіз», «ғафу етіңіз» деген дұрыс. 
“Азаматша, төрайым”
“Азамат, төраға”
Орыс тілінде адам аттарын А.С.Пуш­кин, Л.Н.Толстой деп қысқар­тады. Соған қарап біз М.О.Әуезов деп жүрміз. Бірақ осы ізбен келдік те Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати деп те қысқарттық. Бұл – дұрыс емес. Өйткені Қожа Ахмет әлде Махмуд Хайдар оның аты немесе әкесінің аты емес, дәрежесі. 
«Сөзді дәлме дәл аударуды нысана тұтып, калька тәсіліне шамадан тыс әуестенуден тілдің ғасырлар бойғы қалыптасқан заңды жүйесіне қиянат келтіретін де жайы жоқ емес. Кальканың аудармашыға көмекке келер, шылбыр ұшын берер жерін іздеуіміз ұтымды: ана тілі қорынан аудармақ болған сөзімізге сай келетін балама таба алмаған жерде ғана калька қажеті келіп шығады. Зәру болған кезде асығыстық жасамай, байыппен іздестіре, қармана білсек, ана тіліміздің қалтарыс-қатпарында елеусіз жатқан талай сөздерді әлі де табарымыз анық. Ізденудің қиындығынан қашып, жалаң калька қуу салдарынан кейде жасандылыққа ұрынып қалатынымыз да жасырын емес»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет