Ис bestProfi


-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңымен (27.01.1996 ж. редакцияны қараңыз)



бет6/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ҚР Көлiк туралы заңы


9-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңымен (27.01.1996 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 15.12.2001 жылғы № 272-ІІ Заңымен (28.12.1998 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 24.12.2001 жылғы № 276-ІІ Заңымен (15.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 596 Заңымен (08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (15.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)


9-бап өзгертілді ҚР 02.07.2014 жылғы № 225-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды


9-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды


9-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
Рентабельдiлiгi қолданыстағы реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.

9-баптың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 494-V Заңына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)

Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті ұсыну жер­гілікті атқарушы орган мен астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
10-бап. Тарифтер

10-бап өзгертілді ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңымен (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Жүктердi, жолаушыларды, багажды тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызмет көрсетуге, оның ішінде аралас тасымалдар кезінде тасымалдаушылар және көлік кәсіпорындары қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайлардан басқа) белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет