Ис bestProfi


-бап өзгертілдіҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес



бет8/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ҚР Көлiк туралы заңы


12-бап өзгертілдіҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес


12-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды


12-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Теміржол, теңіз, ішкі су, әуе және автомобиль көлігі көліктік логистика қағидаттарын қолдана отырып және көлік инфрақұрылымын пайдалана отырып аралас тасымалдар жүйесін құрайды.
Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы), аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар аралас тасымалдарға қатысушылар болып табылады.
Аралас тасымалдарды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары, аралас тасымалдар шарттарын жасасудың және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі ережелері мен тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдар қағидаларымен белгіленеді.
12-1-бап. Аралас тасымалдар шарты

3-бөлім 12-1-баппен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Аралас тасымалдар шарты мыналарды:
1) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының құқықтары мен міндеттерін;
2) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының жауапкершілігін;
3) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін;
4) жеткізу мерзімі мен шарттарын;
5) межелі пункттерді;
6) жүктердің көлемін;
7) төлем құны мен тәртібін қамтуға тиіс.
Аралас тасымалдар шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін.
2. Аралас тасымалдар операторының:
1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымал шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға;
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте аралас тасымалдар операторының қосымша шығыстарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүкті алушы) төлейдi;
3) клиенттен (жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, жолаушыдан, кемемен жалданушыдан) аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауды талап етуге құқығы бар.
Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де құқықтары бар.
3. Аралас тасымалдар операторы:
1) белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға;
2) жүкті жөнелту пунктінен межелі пунктке әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып тасымалдауды ұйымдастыруға;
3) тасымалдаудың әрбір кезеңінде жүктің қозға­лысына мониторингті қамтамасыз етуге;
4) бүкіл қозғалыс жолында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге;
5) жүктің белгіленген мерзімде жеткізілуін қамтамасыз етуге;
6) жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) жүкті беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Аралас тасымалдар операторы Қазақстан Респуб­ликасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады.
4. Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының):
1) мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат алуға;
2) аралас тасымалдар операторынан аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;
3) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымалдар кезінде келтірілген зиян­ды өтеуді талап етуге құқығы бар.
Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) Қазақстан Республикасының заңдарына және аралас тасымалдар шартына сәйкес өзге де құқықтары бар.
5. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы):
1) аралас тасымал шартында көрсетілген мерзімге сәйкес аралас тасымалдар операторына жүкті беруге;
2) аралас тасымалдар операторына аралас тасымал шартында айтылған барлық тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті.
12-2-бап. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты

3-бөлім 12-2-баппен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты:
1) аралас тасымал кезінде тартылған аралас тасымалдар операторы мен тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттерін;
2) аралас тасымалды жүзеге асыру талаптары мен тәртібін;
3) төлем құны мен тәртібін;
4) тасымалдаушылардың өзара іс-қимыл жасау және жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу тәртібін;
5) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін;
6) жеткізу мерзімі мен талаптарын қамтуға тиіс.
Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін.
2. Аралас тасымалдар операторының:
1) егер тасымалдаушының көлік құралы өзінің қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетілген жүк параметрлеріне сәйкес келмейтін болса, тасымалдаушыға жүкті аралас тасымалдаудан бас тартуға;
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруды қамтамасыз етуге құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының қосымша шығыстарын аралас тасымалдар операторы өтейді;
3) тасымалдаушыдан аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын талап етуге;
4) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымал кезінде келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар.
Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады.
3. Аралас тасымалдар операторы белгіленген мерзімде жүкті тасымалдаушыға беруге міндетті.
Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттері болады.
4. Аралас тасымал тасымалдаушысының:
1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға;
2) егер жүктi одан әрi тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiріп тастауға құқығы бар.
Аралас тасымал тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады.
5. Аралас тасымал тасымалдаушысы:
1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және қоз­ғалыс барысындағы өз бөлігінде жүктің сақталуына төнген қатер туралы аралас тасымалдар операторын дереу хабардар етуге, бұл ретте аралас тасымалдар операторынан алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және жүктің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі өзi жасаған іс-қимылдар туралы дереу хабардар етуге;
2) жүктi қабылдау кезiнде бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжатындағы (бірыңғай коносаменттегі) жүкке және оның орамасына қатысты жазбалардың дәлдiгiн тексеруге;
3) көлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, жүкті тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүктiң қатталуы мен бекiтiлуiн бақылауға;
4) аралас тасымалдар операторына мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат беруге;
5) операторға жүкті тасымалдаудың тиісті учас­кесінде тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беруге;
6) жүкті аралас тасымал кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгіленген мерзімде аралас тасымалдаудың келесі тасымалдаушысына немесе жүкті қабылдап алу­ға уәкілетті адамға (жүкті алушыға) беруге мін­детті.
Аралас тасымал тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады.
12-3-бап. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент)

3-бөлім 12-3-баппен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шар­тының талаптарын орындау бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) куәландырылады, онда аралас тасымалдар операторы мен жүк тасымалдаушылардың жүкті аралас тасымалдар шартының талаптарына және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес оны межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағаны расталады.
Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысаны және оны толтыру тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдар қағидаларында белгіленеді.
Халықаралық аралас тасымалдар кезінде халық­аралық ұйымдар қабылдаған халықаралық үлгідегі бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) қолданылады.
13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
Жолаушының мынадай құқықтары бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет