Ис bestProfi



бет9/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
ҚР Көлiк туралы заңы


1-бөлік өзгертілді ҚР 29.09.2005 жылғы № 77 Заңымен ( 20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)


1-бөлік өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 340-IV Заңымен ( 17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)

- кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.
Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi .
Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi. Әуе кемесінің салонына кіргізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.

3-бөлік өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес

Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы заңдарымен , Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.
4 бөлiм. Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет