Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Білімді өзектендіру. Математикалық диктант төмендегі тапсырмалардан тұрады:
• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.
• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.
• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?
• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Ұлы анасынан неше есе кіші?
• Әрқайсысы 3 кг болатын 4 банка бояу сатып алды.
4 кг бояуды қолданды. Қанша килограмм бояу қалды?
• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.
• Ағасы 12 жаста, ал қарындасы 2 жас кіші. Қарындасы
неше жаста?
• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау Белсендіру. Жаңа тақырыпты жақсы меңгеру үшін мұғалім оқушыларға қосындыны санға ауызша көбейтуді түсіндіруді ұсынады:
(30+2) ⋅ 4 = 30 ⋅ 4 + 2⋅ 4 = 120 + 8 = 128
Қосындыны санға бөлу:
(120 + 8) : 4 = 120 : 4 + 8 : 4 = 30 + 2 = 32
Жаңаны ашу. Жаңаны ашуға және мәселелі жағдаяттан шығу үшін мұғалім балаларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды ұсынады. Кейінірек оқушылар ұсынылған жүздіктермен разрядтан аттап өту арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен танысады.
Топ ішінде әр оқушы тізбек бойынша қалдықпен бөлудің жазбаша алгоритмінің бір пунктін және тексеруді түсіндіреді.