Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мен ағарту ісі



бет2/4
Дата11.10.2022
өлшемі115,93 Kb.
#42291
түріСабақ
1   2   3   4
ІІІ топ
1-тапсырма. Атлах шайқасының қарсаңында Тан империясының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіріңіз.
Түркілер елінде осы қыйыншылықты көрген, енді қимылсыз отыра берсе мына кең даладан айрылып қаларын сезген Тан империясы да, бұл жерден өз үлесін алып қалуға ұмтылды. Жетісу жеріне олар Гао Сянь Чжи бастаған 100 мың әскер аттандырды. 748 жылы қытайлар Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, Суябты жаулап алды. Келесі жылы Ферғана Ихшиді мен Шаш падшасы арасындағы қақтығысқа араласып, Ферғана әскерімен бірігіп Шашты басып алды. Шаш падшасы өлтірілді. Шаш падшасының ұлы арабтардан көмек сұрады. 
ІV-топ. 1-тапсырма. Атлах шайқасының қарсаңында Тан әскерлерінің және Араб халифатының әскерлерінің макетін жасап, соғыс барысын түсіндіреді.
751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжи қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Х ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Әл Макдиси «Китаб әл-бәд ва-т-тарих» атты еңбегінде: «бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазады. Арабтар, соғдылықтар мен олармен одақтас түргеш және қарлұқтар әскерлерінен қанша адам шығын болғаны белгісіз.

  • 2-тапсырма: жұптық жұмыс.

Бейнероликпен танысады
6Қ стратегиясы бойынша сызбаны толтырады



Сыныптық талқылау
Атлах шайқасы қай өркениеттің (қытайлықтар мен мұсылмандар) Түркістанда билік ететіндігі жайлы мәселені анықтады»
Академик В.Бартольд
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет