Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мен ағарту ісі



бет3/4
Дата11.10.2022
өлшемі115,93 Kb.
#42291
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Атлах шайқасы ҚМЖ

Жеке жұмыс. 3 ҚБ тапсырмасы.

5-3-1 стратегиясы
Мәтіннің негізгі ойын Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтайтын 5 сөйлеммен беріңіз. 3 кілтті сөзді ұсынып, 1 қорытынды ойыңызды негіздеңіз.
Мәтін.
Атлах шайқасы мен ондағы ұлы жеңіс Орта Азия мен Қазақстан халықтарының одан кейінгі тарихында аса маңызды рөл атқарып, көптеген қайшылықтың түйінін шешті әрі қандас халықтар бірлігінің көрнекті үлгісі болды. Арабтар Талас жазығында ұзақ тұрақтай алмады, азғантай уақыттан кейін Жетісу жерінен кетіп, түркі тайпалары бұрынғыша осы жердің қожасына айналды. Шайқастан кейін Түргеш қағанатындағы саяси жағдай тұрақталмады, өзара тартыс уақыт өткен сайын күшейіп, мемлекет әбден әлсіреді. Осы уақытта айтарлықтай күшейген қарлұқ тайпасының көсемдері 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алады.
Шайқастан кейін түркілер тұтқынға түскен қытай шеберлерінен қағаз жасау «құпиясын» үйреніп, Орта Азияда, алдымен Самарқандта қағаз өндірісі пайда болды. Талас шайқасы Тан империясының батысқа бағытталған қанды экспансиясына тоқтау салды. Шамамен мың жылдай уақыт бойы Қытай жауынгерлерінің табаны түркі жеріне тимеді. Орта Азия мен Қазақстан өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Түркі халықтарына ислам діні таратылып, ежелгі түркілердің жазба мәдениеті жоғалғанымен, оның орнына араб жазуы мен грамматикасы келді. Соның нәтижесінде тү­рік дүниесі ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді.


М. Қорытындылау
Pliсkers бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап беру
1. Бұл шайқасқа қандай мемлекеттер қатысты?
А.Бұл шайқасқа қандай мемлекеттер қатысты?
В.Араб халифаты мен Византия мемлекеті
С. Тан империясы мен Ұйғыр қағанаты
D. Түргеш қағанаты мен Киев Русі
2. Бұл шайқас неше күнге созылды?
А. 5
В. 4
С. 3
D. 2
3. Шайқастың шешуші кезеңінде арабтарға кім көмекке келді?
А. Қарлұқтар
В. Түргештер
С. Соғдылар
D. Ұйғырлар
4. Атлах шайқасы қай өркениеттің (қытайлықтар мен мұсылмандар) Түркістанда билік ететіндігі жайлы мәселені анықтады» деген цитатаны кім айтты?
А. В.Бартольд
В. Әл-Макдиси
С. Әл-Марвази
D. А.Левшин
5. Бұл шайқастың тарихи маңызы неде?
А. Талас шайқасы Тан империясының батысқа бағытталған қанды экспансиясына тоқтау салды
В. Талас шайқасы Тан империясының батысқа бағытталған қанды экспансиясын жалғастырды
С. Талас шайқасынан кейін орнына араб жазуы мен грамматикасы келген жоқ.
D. Түргеш қағанаты кері өз билігін орнатты

Ықшамдалған мәтінмен танысады, картаға шапқыншылық бағыттарын түсіреді



Сынып талқылауға қатысады




ҚБ:
Топтар бір – бірін бағалайды
Дескриптор:
Атлах шайқасының қарсаңында мемлекеттердің саяси жағдайын анықтайды -1
Атлах шайқасының қарсаңында мемлекеттердің саяси жағдайын сипаттайды -1
шапқыншылық бағыттарын картаға түсіреді-1
ІV топ үшін дескриптор:
Атлах шайқасының алғышарттарын, барысын талдайды
Атлах шайқасының қарсаңында Тан әскерлерінің және Араб халифатының әскерлерінің сызбасын жасайды-1
Соғыс барысын түсіндіреді -1
Нәтижесін анықтайды - 1

ҚБ: жұптар бір бірін бағалайды.


Дескриптор:
Сұрақтарға толық жауап береді - 2
Сұрақтарға жартылай жауап береді- 1
Сұрақтарға жауап жоқ -0


Дескриптор:
Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтайтын 5 сөйлемді анықтайды- 1
Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтайтын
3 кілтті сөзді табады-1
Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтайтын қорытынды түйін жазады -1
Атлах шайқасының тарихи маңызын анықтайды- 1
Өзіндік баға беріңіз- 1


ҚБ: мұғалімнің кері байланысы

Қосымша-1
https://kk.wikipedia.org/wiki

Бейнеролик
https://youtu.be/LicsYmZNPLA
қосымша 2

Қосымша-3
https://kk.wikipedia.org/wiki



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет