,
Ол менен жаралған соң балам болар
-
.
Теп тегіс інжіш болмаса жаман болар
,
Өз қарнымда балама азап қылса
[4].
Уалләиу алма күнім қанай болар
Ақын
дастанындағы бұл аңыз сюжеті, яғни адамның
топырақтан жаралғаны басқа да шығыс ақындарының
шығармашылығына арқау болғаны көпке мәлім. Мысалы,
Рудаки,
Омар Хайям, Сағди, Низами, т.б. шығармаларында
бұл жайт терең толғаныспен баяндалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
2. Мәшһүр-Жүсіп. Әдһам диуана және Ибраһим. // Абай. –
1995. – №3. – 48 б.
3. Рабғузи. Қисас-ул анбийа. // Б.Сағындықұлының «Ғаламның
ғажайып сырлары» кітабы ішінде. – А.: Ғылым, 1997. – 235 б.
4. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Жер мен көк. // Абай. – 1997. –
№4. – 40 б.
6-дәріс тақырыбы
ҚАЛАМГЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: Ақын поэзиясының ауқымдығын,
идеясының
тереңдігін дәлелдей отырып, өлеңдеріндегі насихатшылдықты,
сатиралық сарынның басымдылығын, сондай-ақ бейнелеу
тәсілдерінің молдығын анықтау.
Міндеттері:
– ақын
өлеңдеріндегі реалистік, романтикалық сарынды
айқындау;
– сатиралық шығармаларынан мысалдар келтіріп, ишара,
меңзеу түріндегі көріністерді аңғару;
– ақын туындыларының көркемдігін,
тіл кестесін нақты
дәлелдер негізінде анықтау.
Жоспар:
1. Қаламгер поэзиясына тән ерекшеліктер
2. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының бейнелілігі мен
стилі
51
Дәріс мазмұны:
1. Қаламгер поэзиясына тән ерекшеліктер
М.Ж. Көпеев өзі өмір сүрген күрделі дәуірдің шындығын өз
туындыларында тап басып суреттей білді. Бұл сипат оның
шығармаларында шындықпен көрініс тапты. Мәшһүр сол
кездегі қазақ даласының қоғамдық-саяси
және әлеуметтік-
тұрмыстық жайларын жіті сезінді. Сөйтіп ол төл туындылары
арқылы өз кезіндегі қазақ өмірінің бет-бейнесін көрсете алды.
Сондай-ақ, шайырдың өмір жайлы, тіршілік сырлары
туралы пәлсапалық ой-толғаныстарға
толы өлеңдерінің бір
қасиеті – адам мен қоғам өміріне, тіршілік- тынысына және әр
түрлі мәселелерге қатысты түсініктері болса керек. Мұның бәрі
ақын поэзиясының мазмұнының ауқымдығын, идеясының
тереңдігін дәлелдей түсері қақ.
Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде насихатшыл-
дық мотиві басым, көбінесе рационалистік поэзияның сарыны
бар. Ол
әлеуметтік мәселелерді, көркем образдар арқылы
бейнелеуден гөрі, өткір, саяси сатира, тікелей толғау түрінде
айтып отырады. Осы жағынан алғанда, қаламгердің бірталай
шығармасы биік көркемдік талаптарға жауап бере алмайды.
Мәселен, манифест туралы өлеңдері әлеуметтік тақырыбы
жағынан маңызды болғанмен көркемдігі солғын.
Сөзіміз
дәлелді болуы үшін мысал келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: