ортаға сала отырып, бірқатар шығармаларында жалпы өнер
атаулының қадір-қасиетін, ерекшелігін жырлай отырып, өнер
адамдарынан елдің жоғын жоқтап, мұңын айтуын қалайды.
Сөз қадірін біліп, халқына қызмет қыл дегенді айтады [4].
Шындығында өнерде өмірмен байланыссыз ешнәрсе жоқ.
Демек, қандай да суреткер болсын, ал өз дәуірінің тыныс-
тірлігімен тығыз байланыста болмақ. Бірақ олардың сол өз
заманымен қатынасы бірдей болмақ емес.
Әлеуметтік
теңсіздік пен әділетсіздікке негізделген қоғамда халық
мүддесін қорғаған суреткердің қай-қайсысы да озбырлыққа
қарсы қайрат қылғанмен күйретуге қауқары жетпей,
трагедиялық күйлерге ұщырап отыратыны тарихтан мәлім.
Сондай күйлерді өз басынан Мәшһүр де көп кешті. Надан
орта, надан қауым оның өміріне де, шығармашылығына да
көп салқынын тигізді. Мұны ақынның өзі де терең сезінеді.
Сондықтан да ол бір өлеңінде былай деп жазды:
,
–
,
Көңілім дария болғанда қолым қайық
-
.
Өз өзімнен боламын Еділ Жайық
,
Айдын шалқар көл қайда қылар шабыт
–
. [1]
Құла түзде қу ілген мен бидайық
Ақын қоғамдағы өз
орнын осылайшы айшықты теңеу,
бейнелі сурет арқылы өрнектейді. Сөз өнерінің сипаты мен
қоғамдық қызметі жайындағы өлең-жырларынан да
Мәшһүрдің азаматтық, ақындық тұлғасын айқын аңғарамыз.
Задында, ақынның лирикалық «менінің» ұмтылысы сол
замандағы қоғамдық оймен, халықтың мүддесімен ұласып
жатады. Сөйтіп, ақын ойы, жыры өз замандастарының көңіл-
күйі, арман-тілегімен, сол арқылы бүкіл
қауымның идеялық-
эстетикалық мұрат-аңсарымен бірге ұштасып жалғасары хақ.
Бұл пікір М.Ж. Көпеев шығармашылығына да қатысты десек,
асыра айтқандық емес.
М.Ж. Көпеев поэзиясына тән тағы бір ерекшелік – пікірдің
өткірлігі, ойдың тапқырлығы, бейнелеу тәсілдері мен
құралдарының орнымен әсерлі һәм әдемі пайдалануы, аз сөзге
көп мағына сыйғызып, парасатты тұжырымдар түйіндеуге
баса күш салуы. Бұның айғағы – мысалға келтірілген
шығармалары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
2. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – А.:
Ғылым, 1990. – 200-б.
54
3. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО»,
2001. – 104 б.
4. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және
бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.
2. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының
бейнелілігі мен стилі
Мәшһүр Жүсіп өзінің демократиялық-ағартушылық
идеясын тек өлең-жырымен
ғана өрнектеп қойған жоқ,
сонымен қатар, ол журналистика саласында да еңбек етіп,
сүбелі туындылар ұсынған. Оның «Дала уалаяты» газеті мен
«Айқап» журналының беттерінде жарияланған, елінің мұрат-
мақсаттарын тілге тиек ете отырып жазған публицистикалық
мақалалары осы пікірді растай түсетіні анық.
Әрине, М.Ж. Көпеев шығармашылығына ғана емес, жалпы
әдебиетке сол кезеңдегі күрделі қоғамдық жағдай мен түбірлі
өзгерістердің қуатты әсер еткені айқын. Бұл туралы белгілі
ғалым Ы. Дүйсенбаев былай дейді: «Қазақтың жазба әдебиеті
осы кезеңде жанр жағынан да, тақырып жағынан да едәуір
байи түсті. Ғасырлар бойы қазақ әдебиетінде тек поэзия
басым
болып келсе, енді проза, публицистика, драматургия
жанрлары туады. Күнделікті өмір талабына пайда болған осы
жаңа жанрлар тез дамып, гүлдене шешек атады. Сол жылдар
жер-жерде шыға бастаған газет-журналдардың да бұған зор
көмегі тиеді. Жер жайын, қоныстандыру мен отырықшылық
немесе оқу мен ағарту, яғни әйел теңсіздігі мен дін мәселелері
тәрізді ежелден келе жатқан түбегейлі тақырыптар жаңа
әдебиеттің бетінен келелі орын алып,
жедел де тың шешім
табады».
Екі ғасыр аралығындағы қазақ әдебиеті осылайша
демократтық, ағартушылық бағыт ұстап, құлашын еркін
сермеп, жан-жақты әрі тез дами түсті. Халықтың бай ауыз
әдебиетінен сусындап, Шығыс пен батыстың классикалық
әдебиет үлгілерінен нәр алған
қазақ қаламгерлері келелі
мәселелерге қалың бұқараның назарын аударуға ұмтылды.
Осындай творчестволық ізденістердің нәтижесінде қазақ
әдебиеті жаңа, тың сипаттарға ие бола бастады. Бұған тағы да
М.Ж. Көпеевтің шығармашылығын жан-жақты талдау үстінде
көз жеткізуге болады.
Сөйтіп, өз шығармашылығына ғана тән осындай басты
ерекшеліктер арқылы шайыр қазақ әдебиетінің жанрлық
55
сипатын молайта, көркемдік көкжиегін кеңейте түсті.
Сонымен қатар, М.Ж. Көпеев таза ағартушы-демократтық
бағыт ұстанып, Абай негізін қалаған сыншыл-реалистік
дәстүрді ілгері апарды [2].
Қарымды қалам иесі мына шығармасы,
атап айтқанда,
«Дүниеге көңілі қалғандықтан сөйлеген сөзі» деп аталады. Бұл
туындыда да сол тұстағы елді сорлатқан әлеуметтік теңсіздік,
атап айтқандай, қулық-сұмдықтың көбеюі, сөздің қадірі
кеткендігі, елді неше түрлі алаяқ-пысықтардың билеуі сөз
болады. Мәшһүр Жүсіп халықтың игі жақсыларын арыстанға,
қу-пысықтарды түлкіге теңеп, сырбаз ерлердің ептілерге
тәуелді болып қалуын көрсетеді. «Сөзінде бай адамның мін
болмайтынын» мысқылдап жазады.
Ақынның өз ойларын
жинақтай келіп:
Достарыңызбен бөлісу: