атқарады. Сондықтан біз олардың бірігуіне сол арқылы жол
бермеуіміз керек»,- деп өз іс-әрекеттерінің түпкі мақсатын еш
шімірікпестен ашық айтады. Әрине, бұл –империя қолдауына
сүйенген түсінік пен пікір екені даусыз.
Осыған орай түркі түлектері де түленіп, ұлттың ұлы
мақсаттарын мұрат тұтқан тұжырымдар ұсынып, ел мүддесін
айқындар әдеби-көркем топтамалар берді.
Бұл ретте, Абай
дәстүрін жалғастырушы, Шығыс пен Батыстың мәдениетінен
қатар сусындаған Шәкәрім қажының Құран-Кәрімге иек
сүйеген , бүкіл адамзаттың сұранысын қанағаттандырар мән-
мазмұнға ие шығармасынан мысал келтірсек те болады:
,
Әлемдегі діндердің түп мақсаты
:
Үш нәрсеге бұлжымай құшақтасар
,
,
,
Құдай бар ұждан дұрыс қиямет шын
[3].
Еш діннің мақсаты жоқ мұнан асар
Бұл өлең жолдарының негізгі тұжырымы Құранның «Шура»
сүресіндегі мына аятқа негізделініп айтылғанын байқаймыз:
«Аллах Нұхқа нұсқау берген нәрселерді және соған уәхи
еткенімізді, сондай-ақ,
Ыбырайым, Мұса және Исаға нұсқау
берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды. Дінді мықты
орындаңдар да дінге бөлінбеңдер («Шура» 42;13). Алайда, бұл-
қандай дінді тұтсаң да , бәрі бір деген түсінікті білдірмесе
керек. Өйткені, Ислам- адамзат
баласының тура жолмен
жүруі, үшін Хақ-тағаланың көрсеткен шынайы әрі ақиқат
жолы. Оған дәлел ретінде Құранның «Әли Имран» сүресінің 19
аятындағы жазуды келтірейік: «Аллаһтың алдында шынайы
дін- Ислам». [8]. Жалпы, Ислам діні адамды қайырымдылыққа,
қанағатшылдыққа, төзімділікке үйретумен қатар, отан-
шылдыққа баулиды, бірлікке шақырады десек, ХХ
ғасыр
басындағы түркі жұртын тұтастыруда Хақ жолы таңдалып,
шариғат қағидаларына сүйену басым болды. Азаттық пен
әділетке жету үшін де бір Алланың қолдауына сүйеніп,
рақымына қол созды.
Шынында, шығыс шайырларының шығармалары басқа ел
әдебиеттерімен қатар қазақ әдебиетіне де зор ықпалын тигізді.
Әсіресе, жазба поэзия жанрлары шығыстық дәстүрді бойына
сіңірген каньондармен толысты. Әсіресе, ХХ ғасыр басындағы
жазбагерлердің шығармаларындағы шығыстық элементтер,
софылық сарындар осыны аңғартады.
Сонымен қатар, софы ақындар
өздерінің сырын ішке
бүккен, күрмеуі қиын ой-тұжырымдарын мысал түрінде
63
жеткізуге тырысқан. Мысалы, «Месневиімен» әлемге әйгілі
Руми «Жылан ұрлаған ұры» атты мысалында бір қарақшының
ақымақтықпен арбаушының жылағанын ұрлағанын, сөйтіп өзі
ұлы жәндіктің құрбаны болғанын баяндай келіп, мынандай
қорытынды шығарады:
Достарыңызбен бөлісу: