Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Жиылып қара құстай билер отыр
 
 
 
. [1]
Жемтігін өлексенің қоршап алып
Ауылнайды «айдаһардай» аранын ашқан жалмауыз деп, 
«мойындарына киізден күйік байлап» алған сұмпайы жандар 
етіп масқаралайды. Билерді «мойнына сары жезден қарғы 
таққан» десе, екіншіден «өліктің басынан үймелеген қарға, 
құзғын» сияқты озбырлар деп жерлейді.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында әлеуметтік 
теңсіздік, ұлттық езушілік, әсіресе, асқынып кеткені мәлім. 
Бұл заманда тайталас-тартыстар мен әлеуметтік 
қайшылықтар шиеленісе түсті. Өз кезінің ең бір сорақы 
шындығы індеттен бетер құбылысы – партиягершілікті 
Мәшһүр былай деп шенеген болатын:
 
 
 
 
,
Бөлініп жұрт екі жақ партиялап
 
 
 
.
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап
 
 
 
,
Басқа орын босағадан тимейтінді
 

 
 
.
Бас қылып бас жегізіп тәрбиелеп
 
 
 
 
,
Көрініс екі жақтан топ көбейіп
-
 
 
 
 
,
Дау жанжал жанып тұрған шоқ көбейіп
 
 
 
 
 
,
Болмаса малға зиян еш пайда жоқ
57


 
 
 

 
. [1]
Атарға бір мылтық жоқ оқ көбейтіп
Мәшһүрдің әсіресе, кітаптарына (Қазан қаласында – С.С.) 
енген өлең-жырларында замана міндері, қараңғылық пен 
надандық, өткір сынға алынған. Мұның өзі шығармаларының 
тақырыптық ауқымы мен көркемдік нысанасын, айшықтары 
мен бояуларын, саяси лириканың салмағы басым екенін, бір 
сөзбен айтқанда, көркемдік ерекшеліктерін айқын аңғар-
тады [3].
Ақынның лирикалық туындыларындағы бейнелілік пен 
стиль мәселесі жөнінде ғалым Қ.Мәшһүр-Жүсіп мынандай 
пікір қосақтайды: « Ақын өз ойын шынайы нақыштау үшін 
табиғаттағы айқын көріністер мен оған шартты түрде болсын 
ұқсас делінген адамдар өмірін салыстыра, жарыстыра алу, 
яғни психологиялық егіздеу тәсілін де жиі қолданған:
 
 
 
 
 
,
Бұлақ деп судың көзін ешкім ашпас
 
 
 
.
Екпіндеп өзі тасып шашылмаса
 
 
 
 
,
Ерлерге жай жатумен қайрат кірмес
 
 
 
. [1]
Ғалыдай орда жатып ашынбаса
Үзіндідегі «тасып шашылмаса» сөздері арқылы отау тіккен 
екпін күші, мәні одан кейін күрескер ерлерге де сондай қасиет 
керек екенін салыстыра бейнелеуге қызмет етіп тұр. Яғни 
табиғаттағы айқындық адамдар бойындағы көзге көрінбейтін 
қайратқа да белгілі бір заттылық, тегеуріндік шарпуын 
дарытқан. Сол іспетті жарыстыру үлгісі:
-
 
 

 
,
Сеңгі сеңгір таулар бар бұлағы жоқ
 
-
 
 
 
.
Қопалы көл жекен мен құрағы жоқ
 
 
 
 
,
Өңшең үрген қарынға душар болдық
 

 
 
. [1]
Зарлап тұрсаң еститін құлағы жоқ
Алдымен қанша зәулім болса да бұлағы жоқ тауларды, 
ізінше жекен мен құрағы жоқ көлді көру мұнарасымен қарап 
барып, «зарлап тұрсаң, еститін құлағы жоқ» «өңшең үрген» 
қарын сияқты адамдардың пайдасы жоқтығы, бейшаралығы 
айқындала түседі».
Осы арада, қаламгердің шығармашылық стиліне қатысты 
жайттарға тоқтала кеткен жөн. Байыптап қарар болсақ, 
Мәшһүр Жүсіп шығармаларына стильдік ерекшеліктері деп 
мыналарды атауға болады: бірінші, сюжетті туындыларға 
бейімділігі, екінші, діни сарынның басымдылығы, үшінші, 
58


шығармаларына сатиралық өткірлік-сарказм тән және 
Батыстан гөрі Шығысқа еліктеу көп [4].
Ал Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің түр ерекшелігіне келетін 
болсақ, көбіне бір ғана формада – ІІ буынды өлең өлшемі, яғни 
қара өлең ұйқасы түрінде келеді. Осы өлшемнен басқа тек 7 
буынды жыр үлгісін қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. І-том. – А.: Ғылым, 1990. – 32-б.
2. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – А.: 
Ғылым, 1990. – 200-б.
3. Сүтжанов С.Н. Мәшһүр мұрасы. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 
2001. – 104 б.
4. Мәшһүр-Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және 
бейнелілік. – Павлодар: НПФ «ЭКО», 1999. – 384 б.
7-дәріс тақырыбы
М.Ж. КӨПЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС-ТҮРКІ 
ӘДЕБИЕТІМЕН ҮНДЕСТІГІ
Мақсаты: Ақын әрі философ жазбагердің шығыс 
классиктерімен үндестігін бағдарлау арқылы, қазақ пен 
шығыс-түркі әдеби байланыс арналарын ашу.
Міндеттері:
– Ақынның баспасөз аралық байланыста атқарған рөлін 
айқындау;
– Мәшһүр өлеңдерінің шығыс ақындары шығармаларымен 
сопылық таным тұрғысындағы сабақтастығы
Жоспар:
1. Көпейұлының Қазанда татар баспагерлерімен тығыз 
қарым-қатынасы және кітап бастырып шығаруы
2. Діни таным-түсінікке негізделген шығармаларының 
әдеби байланыстағы орны
Дәріс мазмұны:
1. Көпейұлының Қазанда татар баспагерлерімен тығыз 
қарым-қатынасы және кітап бастырып шығаруы
59


Қазақ әдебиетінің ел тағдырына ұқсас аумалы-төкпелі 
кезеңдері, өзіндік даму тарихы мен болмыс-бітімі, қыр-сыры 
бар десек, соған байланысты айқындалатын бағыт-бағдары да 
болғаны рас. Және ол үрдістің пайда болып, қалыптасуында 
басқа ұлттар әдебиетімен қарым-қатынастың жетекші рөл 
атқарғанын байқаймыз. Әсіресе, мұны ХХ ғасыр басындағы 
әдеби-тарихи процестен аңғару қиын емес.
Нақтырақ айтқанда, Ресей империясына қарасты 
мұсылман, түркі тектес халықтардың тағдыры мен тарихы 
шытырман оқиғаларға толы қилы кезеңге тұспа-тұс келді. 
Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, түрікпен, қарақалпақ 
сияқты түбі, діні бір, тілдері ұқсас халықтардың өзара рухани 
әрі саяси-әлеуметтік тұрғыда байланыстар жасап, түріктік 
және ислами тұтастықты сақтап қалуына бір қоғамда, яғни 
патша өкіметіне тәуелді ортада өмір сүруі, жан-жақты 
қысымшылық көруі, т.т. басты себеп болды.
ХХ ғасыр басындағы түркі халықтарының өзара қарым-
қатынасында кітап басу ісі белгілі бір дәрежеде үлкен рөл 
атқарды. Бұған, біріншіден, тағы да сол қоғамдық-әлеуметтік 
жағдай түрткі болды. Олай дейтініміз, екі ғасыр аралығында 
түркі қоғамында жүріп жатқан оң өзгерістер тарихи-мәдени 
процеске өз әсерін тигізгені мәлім. Соның соны сипатын сол 
тұстағы баспасөз ісінің өркендеуінен байқау қиын емес.
Кітаптану ісі әр ұлттық сауаттылығы мен білім деңгейін 
білдіретіні баршаға аян. Кітап, материалдық және рухани 
мәдениеттерінің жинақтығы, халықты ағартушылыққа 
итермелейді, әлемдік өркениеттің жетістіктеріне әйнегін 
ашады, әлемдік ортаны танудың әлем дүниесін және адамның 
бақыт кіндік үшін күресте өзін-өзі тануға қаруы болып 
табылады.
Әдеби байланыстар үрдісін сол тұста өмір сүрген түркі 
тілді туысқан елдердің де, өзіміздің де әдебиет майталман-
дарының творчествосынан байқау қиын емес. Атап айтқанда, 
екі ғасыр аралығындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері 
Шәкәрім, Шәді, М. Жүсіп, Мақыш, Ғ. Қараш, Сұлтанмахмұт, 
Мағжан, Бернияз т.б. шығармашылықтарына араб-парсы, 
тәжік және өзбек әдебиетінің ғана емес, басқа халық 
әдебиетінің игі ықпал еткендігін аңғарамыз. Мәселен, татар 
жұртшылығы және оның мәдениетімен байланысын Ғ. Қараш, 
Мәшһүр Жүсіп, Мақыш Қалтаевтардың Қазан, Уфа, Орынбор 
қалаларының баспаханаларында кітап шығаруынан анық 
көруге болады.
60


Қазан қаласы ресейлік шығыс халықтары тілдерінде кітап 
бастыру орталығы саналды. Бұл ретте, тілдік негіз бірлігі, 
ортақ әдеби дәстүрлер, көркемдік дүниетаным мен ой-пікір 
және көне мәдени туыстық, тектестік үлкен рөл атқарғанын 
ескерген жөн. Осыған байланысты ХІХ ғасырдың екінші 
жартысындағы Қазан тарихы туралы мынадай дерек көздерін 
кездестіреміз: «После падения крепостного права Казань 
укрепила и усилила свое значение крупного культурного 
центра Поволжья и Приуралья. Этому способствовали не 
только бурное развитие в городе фабрично-заводской 
промышленности, деятельности университета но и то, что 
Казань возглавляла значительные по своей территории округа: 
учебной, военной, почтово-телеграфный, судебный, водных 
путей сообщения. Казань становится крупным научным 
центром на востоке европейской России. В 60–80-х годах в 
Казанском университете сложился ряд научных школ и 
направлений, основанных талантливыми учеными» 
[1] 
(Аудармасы: «Крепостнойлық (басыбайлы) тәртіп құлағаннан 
кейін Қазан Поволжье мен Приуральенің ірі мәдени орталығы 
ретіндегі маңызын күшейте түсті. Бұған қаладағы фабрика-
зауыт өнеркәсібінің, университеттің қарқынды дамуы ғана 
емес, сонымен қатар Қазанның өз территориясындағы 
маңызды болып табылатын оқу, әскери, пошта-телеграф, сот, 
су қарым-қатынас жолдарын басқаруы да әсер етті. Қазан 
еуропалық Ресейдің шығысындағы ірі ғылыми орталыққа 
айналды. 60–80 жылдары Қазан университетінде дарынды 
ғалымдар негізін қалаған бірқатар ғылыми мектептер мен 
бағыттар пайда болды.»).
Еділ-Жайық бойындағы баспаханалардан жарық көрген 
әдебиеттер тек татар тіліндегі ғана емес, түркі қаламгерлері 
оқи да, жаза да білетін араб, парсы және орта ғасырлық түркі 
тілдеріндегі туындыларды құрады. Татар кітаптарының бір 
бөлігі басқа түркі тілдес Ресей халықтарының да ұлттық 
рухани қазынасына айналды.
Сондай-ақ, төңкеріске дейін Қазанда ең алғашқы қазақ 
ақын-жазушыларының, ғалым-педагог, қоғам қайраткер-
лерінің де кітаптары басылып шықты. Атап айтқанда, 1887 
жылы Ы. Алтынсариннің «Шариат-ул-ислам» («Мұсылманшы-
лықтың тұтқасы») атты шығармасы мен 1899 жылы 
«Мактубаты», ал 1909 жылы А. Құнанбаевтың екінші өлеңдер 
жинағы (біріншісі де осы жылы Санкт-Петербуркте шыққан 
болатын), 1913 жылы – М. Жұмабаевтың «Шолпан» атты өлең 
кітабы мен С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, 1914 жылы 
61


С. Сефуллиннің «Өткен күндер» өлеңдер жинағы және т.б. 
жарық көргені көпшілікке белгілі. 
Ал, өзіміз сөз етіп отырған М.Ж. Көпеевтің Қазан 
қаласында Хұсайыновтар баспаханасынан 1907 жылы үш 
кітап шығарғаны мәлім. Оның бұл кітаптарында сол кезеңдегі 
қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік дағдарысы, ел басына 
түскен отаршылдық езгі, тағысын тағылар сөз болады.
Түркі ұлдарын толғандырып, шығармаларына арқау 
болған мәселелер сол тұстағы империя аясындағы мұсылман 
жұртшылығының басына түскен бәріне ортақ қиыншылық, 
қайғы-қасірет екені анық. Бұл үндестіктен түп, дін, тіл 
тұтастығына үгіттеген үйлесімді табу қиын емес. Осы іспеттес 
жыр жауһарын белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп шығармашылы-
ғынан да кездестіреміз. Сол тұстағы қазақ қоғамының саяси-
әлеуметтік жағдайындағы өзекті де өткір мәселелерді көтеріп, 
әсіресе, дін төңірегінде толғақты тұжырымдар жасаған сопы 
ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет