бары, жаңа ақталған ақын- жазушыларымыздың
шығармашылығын ізерлеп зерттеудің қажеттігі талас
тудырмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Көпеев М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. –
5-6 бб.
2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары.– А.: Жазушы, 1988.– 560-б.
3. Джалаладдин Руми. Поэма о смысле. Притчи. – М., 1986.
4. Көпеев М.Ж. Хал-ахуал. Өлеңдер жинағы. – Қазан, 1907. –
20 б.
5. Сонда, 22 б.
6. Мырзахметов М. Абай және шығыс. – А.: Қазақстан, 1994. –
260-б.
2. Діни таным-түсінікке негізделген шығармаларының
әдеби байланыстағы орны
Рас, Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес
уақыт намазды қаза жібермеген тақуа, пірадар адам болған.
Ол Бұқара, Самарқанд шаһарларында жүрген кезінде дін
оқуын тәмамдап, оны толық меңгереді. Оның дүниета-
нымында діни наным-сенім айрықша орын алады. Сондықтан
бірқатар ғалымдар М.Ж.Көпеевті ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы Қазақстандағы
қоғамдық ой-сананың,
діни-мистикалық ағымның өкілі деп танып келді. Ал, аталмыш
ақынның шығармаларын идеялық-эстетикалық мазмұн-
мағынасына қарай қарастырып, тереңірек үңілсек, бұл
пікірдің оғаштығына айқын көз жеткізер едік. Әрине, бұған
бертінге дейін үстемдік құрып келген сыңаржақ идеологияның
шешуі ықпал етіп келгені талассыз.
Айтылған пікірдің ақиқаттығына жету үшін мысал
келтірейік.
1889 жылы «Дала уалаяты» газетінде Мәшһүрдің ел
аузынан жинаған «Адам һәм оның ғұмыры» атты ертегісі
басылды. Шығарманың қысқаша мазмұны мынадай: Бұл
дүниені, жыр мен көкті жаратушы ием адамды және басқа
мақұлықтарды өз құзырына шақырып, әр қайсысына әртүрлі
мінез, белгілі бір ғұмыр бермек болады. Ең әуелі адам барады,
оған: «сен бәрінен артық жаратылдың,
саған сөйлер сөз бен
ақыл берілді. Барша мақұлықтар саған қызмет қылып, сенен
төмен тұрады, өзің жер үстінде 30 жыл өмір сүресің»,-дейді.
65
Адам бұл ғұмыр жасына разы болмай, босағада бөгеліп
қалады.
Сонан соң келген есекке жаратушы: «сен ауыр мехнат-
машақат көріп жүрерсің. Сөйтіп, елу жыл өмір сүрерсің»,- десе
керек. Сонда есек жалынып: «Мұндай ауыр азаппен жүретін
болғанша, менің ғұмырым 20 жылдай азайса тәуір болар еді»,-
дейді.
Сол уақытта адам келіп: «Есектің алмай тұрған 20 жасын
менің ғұмырыма қосыңыз»,-деп арыз қылады, тәңірі оны разы
қылады.
Онан соң иттің кезегі келіп оған айтты: «Сенің міндетті
жұмысың – үй күзету, һәм нәрселерге қарауыл болу, ғұмырың
дүниеде қырық жыл болар»,-деп. Ит те арыз қылыпты:
«Сондай қорлықпенен кешетін өмірімді 20 жылға азайта
көріңіз».
Адам келіп тағы да иттің алмай тұрған 20 жасын сұрапты
және арызына разылық алыпты.
Ең соңында кезек маймылға келіп,
оған мынадай сөз
айтылады: «Сенің адамға сыртқы сипатын ұқсар, бірақ бала
сықылды ақымақ боларсың, кісілерге ойын, ермек боларсың,
өзің дүниеде 60 жыл жүрерсің».
Маймыл сорлы тізе бүгіп, арыз қылыпты: «Бүйтіп ақымақ
болып, адамзатқа күлкі болатын болсам, менің ғұмырым 30
жылдай қысқарса тәуір болар еді»,-дейді. Адам келіп,
маймылдың тастап жатқан 30 жасын тағы сұрапты. Бұл жолы
да ерінбей жүрген адамның арызы қабыл болыпты.
Сөйтіп, адам 30 жыл бақытты дәурен сүріп, жас жігіт
болып тұрыпты. Онан соң отыздан асып,
елуге шейін қатты
жұмыс істеп көп мехнаттар көріпті. Бұл баяғы есектен алған
20 жылы болады. Содан адам елуден асып, 70 жасына шейін
оны-мұныларды аңдып, соның үшін кім көрінгенмен
ырылдасып итке ұқсап өмір сүріпті. Сонан 70-тен асқан соң
ажардан, ақылынан айрылады, әркімге ермек, ойын болады.
Сол жастар адамның өз еркімен маймылдан алған жылдары
болады.
Қорыта айтқанда, жазушының адамның өмір жасының
белгілі кезеңдерін басқа тіршілік иелерінің ғұмырларымен
салыстыра бейнелеуі өте ұтымды шыққан. Шығарманың
мазмұны Шығыс елдеріне белгілі
сюжет желісі болғанымен,
Мәшһүрдің осы уақиғаны таңдап алуы тегін болмаса керек.
Егер шығарманың идеялық негізіне көз жүгіртіп, ой жүздіріп
қара болсақ, бәріміз мойынұсынатын тәжірибеден алынған
терең де мағыналы философиялық ой-тұжырымның жатқанын
66
сезер едік. Ал, хикаядағы дінге қатысты жайға келсек,
Мәшһүр Жүсіптің Алла Тағалаға сиынып, оны жаратушы ием
деп жоғары бағалағандығын көреміз.
Жастайынан құранды жаттап, діни тәлім-тәрбие алған
Мәшһүр шариғат ережелерін бұрмалаған қожа-молдаларға
қарсы болып, өмір бойы күрес жүргізіп өтті. Құран сөздерін
түсінбейтін, «әліпті таяқ деп» білмейтін дүмше молдалардың іс-
әрекеттерін шенеп:
Достарыңызбен бөлісу: