Ішекқуыстылар типі coelenterata



Дата12.12.2022
өлшемі6,42 Mb.
#56721
Байланысты:
ішекқуыстылар класы

ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA

Қабылдаған: Сексенова Дана

Орындаған:Қожамұрат Аяулым

Жоспар:

  • Ішекқуыстылар
  • Олардың жіктелуі
  • Сцифозоалар класы
  • Құрылысы мен физиологиясы
  • Көбею мен дамуы
  • Экологиясы
  • Классификациясы

Ішекқуыстылар

  • Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.
  • Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы - метагенез арқылы дамиды.
  • Ішекқуыстылар өте ертедегі жануарлар, олардың ізбесті қаңқасы болғандықтан көпшілігі қазба күйінде жақсы сақталынған.

Гидрозоа класы - Hydrozoa

СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ - SCYPHOZOA


Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы - олардан ірі және желкенсіз болады.
Цианеа
Аурелия

Құрылысы мен физиологиясы

Көз құрылысы


Ропалидің ішінде тепе-теңдікті сақтау мүшесі - статоцист және әр түрлі құрылысты көзшелері болады. Қарапайым көзшелері эктодермальды пигментгі және сезгіш ретинальды клеткаларынан құралған, ал күрделі көздері көз шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз көпіршігі түрінде болады. Оның түбі мен бүйірі пигментті және ретинальды клеткаларынан құралған, үстіңгі қабырғасы қалыңдап қасаң қабық пен көз жанарына айналып, қалған бос кеңістік көз көпіршігі бөліп шығарған шыны тәрізді затқа толы. Осындай күрделі құрылысына қарамастан көздері тек жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.

Көбеюі және дамуы https://youtu.be/gheI71vsru0


сцифоцистома

Экологиясы

Сцифомедузалар теңіздерде кең тараған, әсіресе аурелия аурита барлық қоңыржай және тропикалық теңіздерде мекендейді, арктикалық аймақтарда да кездеседі. Балтық, Ақ, Баренц, Қара, Азов, Жапон теңіздерінде көп көлемде таралған.

Дене түсі мөлдір, себебі мезоглеясындағы судың мөлшері - 97,5%. Шатыры жалпақ болып келетін медузаларды - дискомедуза деп атайды, мысалы аурелия аурита, ал шатыры биік - кубомедузалар (Chiropsalmus туысы).

Стауромедузалар отряды - Stauromedusae


Тамырауыздылар отряды
- Rhizostomida

Стауромедузалар отряды - Stauromedusae

Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды. Планула личинкасы бірден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрі жатады. Негізгі туысы: Lucernaria және Haliclystus.

Кубомедузалар отряды - Cubomedusae

Жылы теңіздердің таяз жерлерінде тіршілік ететін медузалар. Шатыршасы төрт қырлы, биік, онда төрт ропалия мен төрт қармалауышы орналасқан. Австра­лия, Океания, Индонезия теніз жағалауларында Chiropsalmus туысының өкілдері кең тараған.

Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida

Тропиктік теңіздерде кең тараған ірі медузалар. Қармалауыштары жойылған, қорек заттарын қалақша өскінділері арқылы ұстап алады. Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңізінде жиі кездеседі.Жапония мен Қытай елдерінде бұл медузалардың "хрустальды еті" тұздалған түрінде тамаққа қолданылады.

Короната отряды - Coronata

Теңіздің терең қабаттарыңда мекендейтін медузалар. Шатыры сақина тәрізді белдеуленіп, орталық дискі және шеткі тәжге - "коронаға" бөлінеді. Қармалауыштары мен ропалиялары қоймалжың келген тұғырда орналасқан.

Негізгі туыстары: Atolla және Poriphylla.

Семаеостомеа отряды - Semaeostomeae

Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет