Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы


Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Жалпы қарау. Диагностикалық маңызы



бет10/38
Дата08.10.2024
өлшемі1,54 Mb.
#147201
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
емтихан жауаптары

Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Жалпы қарау. Диагностикалық маңызы.

Науқастың қалпы: жүрек қызметі жетіспеушілігінің айқын белгілері шыққан кезінде науқастар төсекте жатқанды қалайды, əсіресе төсектің бас жағы көтеріңкі болғанды. Науқас шалқайып оң жағына қарай жатады, өйткені сол жағына жатса, жүрегі кеудеге тығыз тақалып, жағымсыз сезімдер туады. Бұл жағдай жүрек қызметі жетіспеушілігінің айқын көрінісін əсіресе сол жақ қарынша қызметі жетіспеушілігінде ерекше белгі береді. Жүрек демікпе ұстамасында (астма) науқас өзіне ыңғай- жағдайды қалайды, ол көбінесе аяғын төмен түсіріп, кеудесін жоғары ұстайды (ортопное), төсекте түзу жатайын десе, ұстама демік-пе басталады. Ортопное қалпында аурудың ентігуі аздап болса да азаяды, себебі қанның көбі аяқта жиналып, айналымдағы қанның көлемі төмендеуінің нəтижесінде, кіші қан айналу шеңберінде қан-ның іркілуі азаяды жəне өкпе вентиляциясы жақсарады. Наукастың терісі мен кілегей кабықтарының түсі. Кейбір жүрек ауруларында терінің түсі өте аппақ, яғни боп-боз болады, немесе көгілдер түске бөленіп, тіпті Көгеруі де мүмкін. Жүрек ауруының жиі байқалатын белгісі — ол Көгеру (цианоз). Көгеру əр түрлі болады. Жеңіл ақшыл көгілдірден Қошқыл көк түске дейін. Көгеру алғашқыда тек ерінде ғана болып, әрі Қарай мұрын ұшына, бетке, саусақтарға, құлақ қалқанына одан кеудеге дейін тарайды. Мұндай шеткей көгеру акроцианоз деп аталады. Көгеру көбінесе митралды саңылаудың тарылуы ақауында жиі кездеседі, бұл ауруға тəн науқастың екі беті ұшының қызғылт ренді көгілдірлігі, он (митралды ақаудағьі на қастың беті). Терінің айқын көгілдір реңі іштен туған жүрек ақаул рывда (қолқа, өкпе бағанасының қақпақшаларының тарылуы) өкпе бағанасының атеросклерозында кездеседі. Көгеру өкпе жүрек тігінде, созылмалы өкпе ауруларывда (пневмосклероз, бронхоэктаз ауруы жəне өкпе эмфиземасында) жиі кездеседі. Тері мен кілегей кабықтардың сарғаюы. Екі жармалы қақпаша-ның ақауында оның декомпенсациясында жəне басқа да оң жақ қарыншаның жетіспеушілігінен науқастың терісінің түсі жəне көзінің кілегей қабығы сарғыш тартады . Мүның себебі бауыр қан тамырларында қанның іркілуінің нəтижесінде бауыр тінінің циррозға айналуынан болады (жүрек қызметі жетіспеушілігінен пайда болған цирроз). Ісік (оесіета). Жүрегі ауыратын науқастарда ісіктің пайда болуы жүрек қызметі етіспеушілігінің негізгі белгісі болып саналады. Бүл симптомның а йда болуына оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі жəне көк қан тамырларында қан қысымының жоғарылауы себебінен қан і капиллярлардың қабырғаларының өткізгіштігі артады, сұйықтық қаннан тінге өтеді.Жүреіс ісігінің бүйрек ісігінен айырмашылығы ол гидростатика заңына ба-ғынады, сондықтан да ісік төменнен басталады: тобық аймағынаН,басынан сыртына қарай жиналады, көбінесе кешке қарай пайда болып, түнде демалғаннан кейін, таңға қарай ұлғая түсіп ісік балтырға, жанбасқа, бел аймағына, шатка тарайды, кейде тіпті барлық денеге, қуыстарға - өкпе қабына (гидроторакс — һусігоіһогах), іште (шемен — азсііез), жүрек қабына жиналады. Ісіктің мүндай көп жайылуы анасарка (апазагса) деп аталады. Жүрек ұшының соғуы бесінші қабырға аралығында, орталық бұғаналық сызықтан 1—2 см ішке қарай орналасады. Жүдеу жəне қабырға аралықтары кең адамдарда жүрек ұшы айқын көрінеді. Етжеңді адамдарда жүрек ұшы көзге көрінбейді. Тромбофлебит ауруында жергілікіі ісіктер жəне қара дақтар ойық жаралар пайда болады. Бұл кезде науқастардың саусақтары "барабан таякшалары" тəрізді өзгеруі мүмкін. Мүндай өзгеріс іштен туған жүрек ақауларында, созылмалы септикалық эңдокардитте, бронхоэктатикалық ауруда, созылмалы өкпе қызметі жетіспеушілігінде, өкпелік жүректе жиі кездеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет