Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Аускультация. Оның диагностикалық маңызы.
Тыныс алу жүйесін тыңдап, яғни аускультация жасап алған мəліметтеріміз негізгі жəне қосымша тыныс дыбыстары болып екіге бөлінеді. Негізгі тыныс дыбыстарына везикулярлы, бронхиалды жəне аралас тыныс түрлері жатады. Ал қосымша дыбыстарға сырылдар, сықырлар, өкпе қабы үйкеліс шуылдары жатады. Өкпе аускультациясын стетоскоп, фонендоскоп арқылы немесе тікелей қүлақты қойып тыңдайды. Қалыпты жағдайда өкпені тындағанда везикулярлы тыныс естіледі.
Плевральді пункция туралы жалпы түсінік.
Рентгеноскопия, рентгенография және бронхоскопия туралы жалпы түсінік. Диагностикалық маңызы.
Бронхоскопия — бронхоскоп деп атайтын арнайы аспап арқылы кеңірдек пен бронхтардың (I, II, ИІ-реттілі) шырыш қабатын зерттейтін əдіс. Бронхоскопты ішке енгізбес бұрын 1—3% дикаин ерітіндісімен жоғары тыныс жолдарының шырыш қабатына анестезия жасайды. Содан кейін барып ауыз жəне көмекей арқылы кеңірдекке енгізеді. Тексеруші кеңірдек пен бронхылардың шырыш қабатын қарап зерттейді. Үзын түтқасы бар арнайы қысқаш арқылы гистологиялық жəне цитологиялық зерттеу жасау үшін күдікті орындардың тінімен кішкентай бөліктер алуға жəне оның фотосуретін түсіруге де болады.
Рентгеноскопия (рентген сәулесімен ағзаны көзбен көре отырып тексеру) және рентгенография (рентгенге түсірілген сурет алу) ең көп тараған және классикалық зерттеу әдістері, бұлардың маңыздары өте зор. Рентгеноскопия кеуде қуысы мүшелерінің қызметін (функциясын) зерттеуге мүмкіншілік туғызады (өкпе бөліктерінің дем алғандағы қозғалыс бағыты, өкпе түбірінің соғуы, қабырғалардың қозғалыс бағыты мен мөлшері, диафрагманың (көкеттің) қозғалыс деңгейін,көкірек қуысы (медиастинум) мүшелерінің қозғалыстары мен ығысулары, жүрек пен қолқаның соғуы және т.б.). Рентгеноскопия кезінде ауруды түрлі бағытта (проекцияда-тіке, бүйірінен, қиғаш және т.б.) немесе орында (тұрғанда, жатқанда, бір бүйіріне аунағанда және т.б.), яғни бірнеше проекцияда зерттеуге толық мүмкіншілік береді. Рентгенография − рентген сәулесінің көмегімен жарық сезгіш ( рентгенпленка − екі жағына күмістің тұздары жағылған қабыршақ, электрондық жартылай өткізгіштер; газды немесе фотодиодты сцинтиляторлар және т.б. жарық сезгіштер, яғни детекторлар) құрал қолдану арқылы зерттелуші адамның мүшелерінің рентген суретін алу әдісі. Рентгенография мүшенің рентгеноморфологиясын зерттеуге мүмкіндік береді. Рентгенограмма – заңды құжат, дерттің өзгерістерін уақыт өткеннен кейін салыстырып зерттеуге болады, оның сезімталдығы рентгеноскопияға қарағанда бірнеше саты жоғары. Тыныс алу мүшелерін рентгенография жасағанда зерттелуші адамды рентген түтігінен 1,8-2,0 метр қашықтықтан түсірген жөн (мүшенің көлеңкесі мен оның көлемінің мөлшері теңесуге жақындайды), түсіретін уакыт 0,05 секундтен аспауы керек,түсіру кезінде ауру демін ішіне толық алып демін тоқтатқан жөн. Түсіру бағыттары-тікелей, бір бүйірінен, қиғаш, кейбір кезде нысанаға алу (рентгеноскопия кезінде көздеп түсіру тәсілі). Рентгенографияның озық (прогрессивтік) түрі – санды (цифрлы) рентгенография . Жүректі стандарттық бағыттарда (тікелей, оң қиғаш, сол қиғаш, сол бүйірінен) зерттейді. Рентгенограмманы түсіретін уақыт 0,01-0,02 секундтен аспауы керек.