Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Пальпация. Оның диагностикалық маңызы.
Пальпация əдісі төмендегі ауруларда: миозитте, қабырға аралық невралгияда, қабырғалар сынған кезде, кеуде сарайында ауыру сезімінің пайда болу себебін анықтауға жəрдемдеседі. Сол сияқты өкпе эмфиземасы мен қабырға шеміршектерінің қатаюы кезіндегі оның серпімділігін, кей кезде құрғақ плевритте қолмен сезілетін үйкеліс шуылын жəне дыбыс дірілінің кеуде клеткасына таралуын болжау үшін қолданылатын аса маңызды тəсіл. Пальпацияны екі алақанмен, я болмаса саусақтардың алақан беттерін кеуде клеткасының сол жəне оң бөліктеріне симметриялық аймақтарына қойып жасайды. Қолдардың осылай орналасуымен кеуденің тыныстық қимылы, кеуде клеткасының бір бөлігінің екіншісінен қалып қоюын, сол сияқты эпигастралды бұрыштың өлшемін анықтауға болады. Бұл кезде бармақтардың алақан бетін қабырға доғалары бойымен қатты жанастырып басып, саусақ ұштары олардың семсер тəрізді өсіндісіне тіреледі. Қабырғалар сынған кезіңде ауыру сезімі шектелген аймақта, яғни тек қана сол орнында анықталады; қабырға сынықтары қимылдағанда сықырлағаны естіледі. Дауыс дірілін анықтау үшін екі қолдың алақанын кеуде клеткасының симметриялық аймақтарына жанастыра қойып науқасқа анық қатты “р” дыбысы бар сөздерді айтқызады (төрт, қырық төрт, бірде-бір).
Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Перкуссия. Оның диагностикалық маңызы.
Перкуссия жасаған кезде науқас тік тұруы немесе отыруы тиіс. Тік тұрған кезде қолдарын денеден төмен жерге қарай салбыратып ұстайды, отырған кезде қолын тізеге қояды. Жоғарғы иық белдеу бұлшық еттерін босаң ұстау керек, егерде бұлшық еттері ептеп қана жиырылған болса, ол кезде перкуторлық дыбыс өзгеріп шығады. Əлсіз науқастарды перкуссия жасағанда аздап болса да қолмен демеп тұруы керек. Егерде халі нашар жағдайдағы аурулардың отыруға шамасы келмесе, (өкпеден қан кету, миокард инфаркті, мидың қан айналымы бұзылғанда т. б.) перкуссия науқастың кеуде клеткасының алдыңғы бетімен қолтық алды жəне ортасында ғана жасалынады. Перкуссия жасаған кезде науқастың тыныс алуы еркін болуы тиіс. Дəрігер науқастың оң жағынан тұрып, немесе отырып перкуссия əдісімен науқасты тексереді. Міне осылай өкпеге салыстырмалы жəне топографиялық перкуссия жасалынады. Салыстырмалы перкуссия əдісі өкпе қабы қуыстарының патологиясын анықтауға мүмкіншілік береді. Топографиялық перкуссия əдісімен өкпенің шекараларын, əсіресе оның төменгі жиегінің тыныс алуға байланысына сəйкес Қимыл қабілетін анықтайды. Салыстырмалы перкуссия əдетте белгілі бір тəртіппен жасалынады. Кеуде клеткасының симметриялық орындарына бірдей күшпен перкуссия жасалынады. Əдетте перкуссия орташа күшпен жасалуы тиіс бұл кезде симетриялық жерлерден өкпеден ашық перкуторлық дыбыс шығады.