Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Объективті тексеру әдістері.Жалпы қарап тексеру, диагностикалық маңызы.
Науқас дәрігерге жүгінген кезде клиникалық тексеру әрқашан жалпы қабылдаған әдіс бойынша жүргізіледі,бұл патологиялық негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Клиникалық тексеруге мыналар жатады:Науқаспен сұхбат,көрнекі тексеру,пальпация,аспаптық тексеру
Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Қарау
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері. Антропометриялық өлшеулердің маңызы.
дәрігерге жүгінген кезде клиникалық тексеру әрқашан жалпы қабылдаған әдіс бойынша жүргізіледі,бұл патологиялық негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Клиникалық тексеруге мыналар жатады:Науқаспен сұхбат,көрнекі тексеру,пальпация,аспаптық тексеру
Антропометриялық өлшеу. Бойы, салмағы. Өлшеу техникасы. Антропометриялық елшеудің мәні. Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |