Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы


Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Сұрастыру.Негізгі шағымдар және олардың пайда болу механизмдері



бет5/38
Дата08.10.2024
өлшемі1,54 Mb.
#147201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
емтихан жауаптары

Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Сұрастыру.Негізгі шағымдар және олардың пайда болу механизмдері.

Науқасты сұрастыру тыныс алу мүшелері ауруларының негізгі шағымдарын талқылауға мүмкіндік береді (кеуде бөлігінің ауыруы, жөтелуі, ентігуі)
Сұрастыру. Негізгі шағымдары жəне олардың пайда болу механизмі, құрғақ жəне қақырықты жөтел, интенсивті немесе əлсіз, үнемі немесе ұстама тəрізді жөтелдер, пайда болу уақыты, пайда болу жағдайы жəне жөтелді тоқтату түрі. Қақырық, пайда болу уақыты, түрі, түсі, мөлшері, консистенциясы, иісі, қан араласуы. Қан түкіру, өкпеден қан кету. Кеуде тұсының ауырсынуы-үдемелігі, сипаты, таралуы, жөтелмен жəне тыныс алумен байланысы. Демікпе – сипаты, пайда болуы, ұзақтығы. Демікпенің түрлері. Қызу көтерілуі, терлеу, қалтырау. Температуралық қисықтың түрлері. Дауыс өзгерісі. Дыбыс шықпай қалуы (афония), дауыстың қарлығуы. Мұрынмен дем алудың бұзылуы.
Тексеру әдістері:Науқасты тексеру әдістері белгілі бір ауруды танып білу үшін,аурудын әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықтау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдісі.Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдар деп атайды.Науқасты клиникалық тексеру әдістері:
-субективті
-зертханалық
-аспаптық болып бөлінеді.
Қарап тексеру. Науқастың мəжбүрлік қалпы. Тыныс алу түрлері: мұрынмен, ауызбен, еркін жəне қиналып дем алу. Орталық көгеру, оның патогенезі.Кеуде пішіні: нормостениялық, астениялық, гиперстениялық
Шағымдар:
Негізгі: жөтел, қақырық, қанды қақырық,
еңтігу, тұңшығу, кеуде қуысындағы ауырсыну.
Қосымша:тершеңдік, бас ауыруы, әлсіздік,
ыстық көтерілуі

  1. Тыныс алу ағзасының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. Қарау. Оның диагностикалық маңызы.

Науқастың арыз шағымдары. Тыныс алу ағзалары ауруларымен сырқаттанған науқастар кеуде қуысының ауруына, құрғақ немесе ылғалды, яғни қақырықты жөтелге, ентігуге, қан түкіруге, дене қызуының көтерілуіне, жалпы əлсіздікке шағымдануы мүмкін. Кеуде тұсының ауыру сезімі өкпе қабының зақымдану кезінде құрғақ плеврит, ылғалды плевриттің бастапқы кезеңі, өкпе қабының бір-біріне жабысқанында, плевра өспелерінде жəне кейбір плевра қабьшуымен өтетін өкпе ауруларында (өкпе инфаркгі, өкпенің крупозды қабынуы, өкпенің қатерлі ісігі, өкпе туберкулезі жəне т. б.) кездеседі. Кеуде қуысының ауыруы - жүрек-қан тамырлар жүйесі науқастарында да байқалуы мүмкін (стенокардия, қолқа аневризмасы, перикардиттер), мысалы: стенокардия ауруында ауыру сезімі төстің артында орналасуымен қатар ол сол иық пен жауырынға беріледі. Жөтел, жөтелу (tussis) - тыныс жолдарының қабыну нəтижесінде патологиялық секрет (қақырық, сілекейлі шырыш, қан) жəне осы жолдарға бөтен заттар (тағам) түскенде, пайда болатын рефлекторлы қорғаныс актісі. Жөтел тыныс жолдарына қабыну секреті өкпеден түскенде де пайда болады (бронхопневмония, крупозды пневмония). Жөтел өкпе қабынуында (бронхопневмония, крупозды пневмония, өкпе абсцессі, гангренасы мен бронхоэктаздар) секреттердің өкпедегі тыныс жолдарына түскенінен де пайда болады. Жөтел өзінің сипатына қарай құрғақ, яғни қақырықсыз жəне қақырық бөлінетін ылғалды болуы мүмкін, кейде ұстамалы тұрақты түрде науқасты мазалайды. Құрғақ жөтел ларингит, трахеит, пневмосклероз, бронхы демікпесі, құрғақ плеврит пен бронхит кезінде де болуы мүмкін; бұл кезде бронхтың кілегей қабаты бөртіп ісінеді, бронхтың ішкі қуысындағы секрет, яғни қақырық өте қатты жабысып тұрып, қиындықпен бөлінеді. Ылғалды жөтел көбіне созылмалы бронхитте (бронх ішіндегі секрет сұйық консистенциялы), өкпенің қабынуында, өкпе туберкулезінде, өкпе абсцессінде, бронхоэктаздар кезінде жиі кездеседі. Қанды қақырық (hаеmорtое) - жөтелгенде қанның қақырық аралас түкірікпен көп мөлшерде шығуын атаймыз. Өкпеден қан кетуді де осылай атайды. Қан тастау өкпе туберкулезінде ең жиі кездеседі, бұндай жағдай бронхоэктаз ауруында, екпе абсцессі мен гангренасында, өкпенің қатерлі ісігінде де болуы мүмкін. Асқазаннан аққан қан қоңыр түсті, тағам қалдықтарымен араласып түседі. Ол қышқылдық реакция береді. Ал, өкпеден қан кеткенде алқызыл түсті, ауа көпіршіктерімен араласып, реакциясы сілтілі, жөтелмен қатар жүреді. Ентігу (dyspnoe) - тыныс алу жүйесі науқастарының негізгі арыз шағымдарының бірі болып саналады. Тыныс алу жүйесі аурулары кезіңде əр түрлі жағдайларға байланысты өкпе альвеолаларындағы бұзылыстарына байланысты альвеола мембранасы арқылы газ алмасуы өзгереді, оның альвеолаларда оттегімен қанығуы жетіспейді. Қанның құрамында көмір қышқылының көбеюіне байланысты зат алмасу үдерісінде толық тотықтандырылмаған заттардың қосындылары сопақша мидағы тыныс орталығын тітіркендіреді, міне бұл ентігу сезімін туғызады.Ентігу үш түрлі болады: инспираторлық, экспираторлық жəне аралас. Инспираторлық ентігу - тыныс жолдарында бөгет пайда болса, бұндай жағдай көбінесе оларға бөгде зат түскенде, сол сияқты дыбыс байламдарының өте қатты ісінгенінде, қалқанша безінің ісігі немесе қолқа аневризмасымен қысылу кезінде де байқалады. Экспираторлық ентігу - тыныс алудың, оның ішінде ауаны шығаруы кезінде ауа жолшыбай кедергілер арқылы өткенде пайда болады. Бұл жағдай бронх қабатының бұлшық еттері талшықтарының жиырылуы нəтижесінде де пайда болатын бронхиалды демікпеде, бронхиолитте (ұсақ бронхтардың қабынуында) жəне өкпе эмфиземасында жиі байқалады. Ентігудің аралас түрі кезінде ауа жұту да, ауа шығару да қиыншылықпен өтеді. Бұл жағдай тыныс алу бетінің көлемі азайғанда, өкпе қабынуында, ылғалды плеврит, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз ауруларында, сол сияқты кеуде пердесінің биік орналасуында да ентігудің осы түрі байқалады. Аяқ астынан пайда болған, айқын білініп тұрған ентігуді тұншығу деп атайды. Бұл жағдай пневмоторакс, өкпе артериясының эмболиясында, өкпенің ісінуінде де кездесуі мүмкін. Ұстамалы түрде пайда болған тұншығуды демікпе немесе астма деп атайды. Кеудені қарап тексеру. Кеудені қарап тексеруді белгілі бір ретпен жүргізу қажет. Алдымен кеуде клеткасының пішінін, бұғана үсті жəне бұғана асты ойықтардың, жауырындардың орналасуын бағалаймыз. Содан соң барып тыныс алу түрін, тереңдігін, жиілігін жəне ырғағын сипаттаймыз. Дене бпімі дұрыс адамдарда үш конституциялық түрге бөлінуіне байланысты, кеуде клеткасы да əр түрлі конституциялық типтерге сəйкес əр түрлі болады: нормостеникалық астеникалық жəне гиперстенталық. Нормостеникалық кеуде. Ол пішіні жағынан кесілген конус тəрізді, оның негізгі иық белдеуінің бұлшық еттері жақсы дамыған. Алдыңғы - артқы өлшемі (төс омыртқалық), екі бүйірі (көлденең) өлшемінен кем болады, бұғана үстілік ойықшалар жəй ғана көрініп тұрады, ал төстің денесі мен тұтқасының қосылған жері (angulus Ludovici) жақсы байқалады,жауырындары кеуде клеткасына жақсы жанасқан, төс шеміршегінің астыңғы бұрышы 90 градусқа жақын болады. Қабырғалары бүйір бөліктеріне қиғаш бағытталған, қабырға аралықтары жəй ғана көрінеді; дене болмысы кеуде бөлігі мен құрсақ бөлігіне тең келеді. Астеникалық кеуде. Бұл кеуде клеткасының алды-артқы өлшемі (төс омыртқалық), екі бүйірі (көлденең) өлшемінен кем болады, сондықтан да кеуде клеткасы жалпақ, сопақша, жіңішке болып орналасады. Бұғана үстілік жəне бұғана астылық ойықшалар айқын көрінеді. Жауырындар қанат тəрізді кеуде клеткасынан алшақтаған (scapulae alatae). Х-қабырға ұшы қабырға доғасына бекітілмеген, ол пальпация кезінде жеңіл анықталады (costa decima fluctuans). Төс шеміршегінің астыңғы бұрышы 90 градустан кем болады. Адам денесінің кеуде бөлігі құрсақ бөлігінен едəуір артық тұрады. Иық белдеуінің бұлшық еттері нашар жетілген, кеуде клеткасы терең тынысты шығарған кезіңдегідей адамның иықтары төмен түсіп тұрады. Гиперстеникалық кеуде. Бұл кеуде цилиндр пішінді, алды-артқы өлшемі бүйір өлшеміне жақын орналасады, бұғана үстілік ойығы тегіс, төстің денесі мен тұтқасының түзілген бұрышы айқын көрінеді. Эпигастралды бұрыш 90 градустан артық болады. Қабырғалар бағыты кеуде клеткасының бүйір бөліктерінде горизонталды, қабырға аралықтары тарылған, жауырындар кеуде клеткасына жақсы жанасып тұрады. Дененің кеуде бөлігі құрсақ бөлігінен кем болады. Тыныс алу түрлері. Тыныс алу 3 түрлі болады: кеуделік, құрсақтық жəне аралас. Тыныс алудың кеуделік түрі кезінде тыныс алу қимылдары көбінесе жоғарғы қабырға аралық бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Бұл тыныс алу түрі көбінесе əйелдерге тəн. Тыныс алудың құрсақтық түрі кезінде тыныс алу қимылдары кеуде пердесі мен құрсақ қабырғасының алдыңғы бетінің бұлшық еттерінің қосылуынан пайда болады: дем алғанда олар жиырылып, кеуде пердесі төмеңдейді де, кеуде қуысындағы теріс қысым бұрынғысынан да ұлғая түседі, міне, сол кезде өкпеге ауа тез кіреді, сол бір мезгілде құрсақтың эпи – жəне мезогастралды аймақтары алға қарай керіледі. Ал дем шығарғанда, кеуде пердесі босаңсып жоғары көтеріледі, құрсақтың алдыңғы беті омыртқа бағанасына қарай, яғни артқа ығысады. Сондықтан да тыныс алудың бұл түрін құрсақтық деп атаймыз. Бұл тыныс алу түрі ер кісілерге тән. Аралас дем алу түрі мосқал кісілерде, кеуде клеткасының қатайып, серпіліс тудырған кезде жəне өкпе тінінің эластикалық қабілетінің төмендегенінде (өкпе эмфиземасы, пневмосклероз) байқалады, бұл кезде тыныс алу актісіне кеуде клеткасының төменгі бөліктері мен құрсақ қуысының жоғарғы аймақтары қатысады. Тыныс алу жиілігі. Қалыпты жағдайда тыныс алу саны минутына шамамен 16-20-дай болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет