Ісіктер. Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)



бет2/13
Дата29.10.2022
өлшемі32,83 Kb.
#46122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қатерлі ісіктерге клеткалық атипизм тән. Оларды түзуші клеткалар өзі өсіп шыққан ағза не тін клеткаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерлі ісіктер тез өсіп-өнетіндіктен олардың арасында митоз құбылысы көп кездеседі, кейде ісік клеткаларының 10 пaйызы митоз күйінде болады, олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді (хромосома-лардың шашылып немесе бөлшектеніп кетуі, хромосомалар арасында көпірлердің пайда болуы, көп полюсті митоздар, үш топты метафаза және т.б.). Кейбір клеткаларда хромосома саны 200-300-ге жетеді.
Жалпы айтқанда, ісік клеткалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылысы мен қасиеттері,атқаратын қызметтері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды ісік өсуінің атипиясы (грек.,а-жоқ,болмау; typos-түр,пішін) дейді.
Ісіктің бірнеше:
-өсіп-өну атипиясын;
-морфологиялық атипиясын;
-биохимиялық атипиясын;
-антигендік атипиясын;
-функциялық атипиясын;
-физикалық-химиялық атипиясын-ажыратады.
Ісіктердің өсіп-өну атипиясына олардың өсу дербестілігі және тіршілігін жоғалтпай,ұдайы шексіз өсіп-өнуі жатады.
Ісік өсуінің дербестілігі. Ісік ісікке айналған бір жасушаның ғана қарқынды бөлініп көбеюі нәтижесінде дамиды және өған қажетті заттарды қаннан сорып алады. Өйткені ісік жасушаларының өсіп-өнуі өзін-өзі реттейтін жолмен болады. Ісік өсуі жасушалардың бөлініп көбеюін қадағалайтын нәруыздардың артып кетуінен немесе оны тежейтін нәруыздардың жетіспеушілігінен дамиды. Бұл нәруыздар ісік жасушаларына өсу факторы болып есптеледі. Осыдан ісік жасуша-лары өз беттерінше ұдайы бөлініп көбейе береді. Ісік жасушалары, қалыпты жүйкелік-эндокриндік және паракриндік реттеу жолдарына бағынбай, өз беттерінше ырықсыз өседі. Осындай жағдайды ісік өсуінің дербестілігі дейді.
Морфологиялық атипия тіндік және жасушалық болып ажыратылады.
Тіндік атипия - деп тіндік құрылымдардың қалыпты арақатынасының бұзылуын айтады.
Жасушалық атипия - ісік жасушаларының құрылымы мен пішіні және көлемі бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларының алшақтанып, ерекшеленуін айтады.
Биохимиялық атипия - деп ісік тінінде зат алмасуларының қалыптыдан ауытқып ерекшеленуін айтады. Ісік клеткаларында тотықтану процесінен көрі гликолиз (яғни ашу, іру) басым,себебі олар өсіп-өну үшін оттегін көп қажет етпейді,сондықтан оттегімен қамтамасыз ететін жүйенің көмегінсіз-ақ өсе береді.
Антигендік атипия  деп организмде қалыпты жағдайда кездеспейтін тек ісікке тән,не ісікті тудыратын вирустарға, канцерогендерге тән, не эмбрион кезінде ғана ұшырайтын антигендердің қанда пайда болуын айтады. Мысалы, тек эмбрион кезінде пайда болатын фетопротеин ақуызының ауру адам қанында табылуы бауыр рагын, кейде еркек жыныс безі рагын уақытылы анықтауға жәрдем береді. Антигендік күрденелену антигендік дивергенция және реверсия түрлерінде байқалады. Антигендік дивергенсия - деп ісік жасушасында орналасқан тіннен басқа тіндердің антигендері өндірілуін айтады. Антигендік реверсия - ісік жасушаларымен ұрықтық антигендердің өндірілуін айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет