Қан және лимфатамырлары ісіктерінің көпшілігі дизонтогенездік негізде дамиды. Олардың қатерсіз түрлеріне капиллярлық, каверналық, веналық гемангиомалар, гломусангиома, қатерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады.
Мезотелиома - сірі қабықтардың ішкі қабықтарын астарлап жататын мезотелий клеткаларының ісігі.
Остеома - сүйек тінінің ісігі, оның тығыз және кеуек түрлері болады.
Остеоидтық - остеома сүйектердің диафизінде ұшырайтын, диаметрі 1 см-ден аспайтын қатерсіз ісік.
Хондрома - гиалин шеміршегінен өсіп шығатын қатты ісік. Ең көп ұшырай-тын жері қолдың, аяқтың майда сүйектері, омыртқа.
Мезенхиманың қатерлі ісіктері. Оларды саркома деп атайды. Сракоманың мезенхиманың қатерсіз ісіктерден айырмашылығы, онда клетка атипизмі жақсы дамыған,митоздар көп, гематогенді метастаз береді.
Фибросаркома - дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде байқалады.
Дерматофибросаркома - терімен байланысты ісік, арқада, иықта және балтырда тері астынан томпайып тұрған түйін түрінде байқалады.
Липосаркома - май тінінің қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі, ісік клеткаларының арасында бір ядролы және көп ядролы, ерекше ірі, атипиялық клеткалардың болуымен ерекшеленеді.
Қатерлі лейомиома - бірыңғай салалы бұлшықет ісігі.
Рабдомиосаркома - өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді.
Қатерлі гемангиоэндотелиома - бір-бірімен тәртіпсіз жалғасып жатқан, атипті эндотелий клеткаларымен астарланған майда қан тамырларынан құралған.
Ангиосаркома - қан тамырларынан өсіп шығатын аса қатерлі ісік.
Лимфангиосаркома - лимфа тамырларынан өсетін, атипті эндотелий клеткаларымен астарланған қуыстар түзетін ісік.
Қатерлі синовиома - цитоплазмасы ашық немесе ұршық тәрізді клеткалар-дан құралған ісік.
Қатерлі мезотелиома - сірі қабықтарының өте қалыңдап кетуімен, олардың қуысының тарылып немесе бүтіндей тығындалып қалуымен сипатталған ісік.