Ісіктер. Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)



бет7/13
Дата29.10.2022
өлшемі32,83 Kb.
#46122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Ісіктер туралы мәліметтер

Аталық без ісіктері. Жалпы аталық без ісіктерін жетілмеген жыныс клеткаларының без стромасының, без қабықтарының және ен қосалқысының ісіктері деген топтарға бөледі. Герминогенді ісіктерге семинома жатады. Ен стромасының ісіктеріне Лейдиг және Сертоли клеткаларынан өнетін, гормондар бөліп шығаратын қатерсіз ісіктер кіреді.
Лейдигома қоңыр түсті түйіндер түзіп, цитоплазмасы қоңыр, ядролары хроматинге бай клеткалардан тұрады.
Сүт бездерінің ісіктері. Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бұл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады.
Сүт бездеріне тән қатерлі ісіктерге: бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак - без эпителийінің соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі; өзекшеіші-лік сіңіп өспейтін рак - ісікке тән тән атипиялық эпителий клеткаларының бүртік-теніп,өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады; Педжет ауруы - бір жерден емес, ауқымды ісік өрісінен,емізік эпителийінен,бір мезгілде дамитын рак жатады.
Жатыр ісіктері. Жатырға тән ісіктерге трофобластық аурулар қатарына кіретін инвазиялық қағанақ тығыны және хорионкарцинома жатады. Инвазиялық қағанақ тығыны хорион бүрлерінің жатыр және жамбас веналарына бойлай өсуімен сипатталады. Хорионкарцинома трофобласт элементтерінен өсіп-өнетін ,қағанақ тығынынан кейін, түсіктен кейін, жатыр түтігіндегі жүктіліктен кейін қалған хорион қалдықтарынан дамитын, тез арада гематогенді метастаз беретін ісік.
Қалқанша без ісіктері. Қалқанша бездің қатерсіз ісіктеріне аденома жатады. Олар фолликулалы, сорғышты, В және С - клеткалық аденомалар болып бөлінеді.
Фолликулалы аденомалардың өзі фолликулалардың мөлшеріне қарай микро- және макрофолликулалық аденомаларға бөлінеді.
Сорғышты аденомаларда фолликула ішіндегі эпителий тармақтанып кеткен сорғыштар тәрізді өседі. В- клеткалық аденома өте үлкен, цитоплазмасы қызғылт түске боялған, ядролары домалақ және ірі, бір-біріне жақын орналасқан Ашкинази-Гюртль клеткаларынан түзілген. С- клеткалық аденоманың ядролары ұзынша,сопақ болып көрінеді.
Осы аденомалардан дамыған қатерлі ісіктерді фолликулалық рак, сорғыш-ты рак деп атайды. Ал С - клеткалардан солидті, стромасынан амилоидоз дамыған рак өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет