Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет9/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
хандықт

Махмұт Қашқари - түркі халықтары-ұлы филологның тұңғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрген ғалымның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Қашқари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағұн, Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғаш Қашқар қаласында, сосын - Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені – түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы - Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы -Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген ұлан-ғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, «Түркі тілдерінің жинағы» өмірге келеді. Олөзінің «Түркі тілдерінің жинағы» атты еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: «…Мен сол түріктердің қызылтілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан-аяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін және (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кіші-гірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен, олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат ат-түрік» - «Түрік тілдерінің некті диуаны» деген ат бердім» (73, 30).

«Диуани лұғат ат-түріктің» көшірме қолжазбасы ХХғасырдың бас Басылымдары, кезінде табылды. Бұлеңбектің автор қолымен Зерттелуі жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Махмұт Қашқари кітабы жазылғаннан кейін, араға екі жүз жылдай уақыт салып барып, автордың өз қолжазбасынан көшірілген бір нұсқасы қазір Стамбулдың Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Оны көшірген хуснихатшының аты - Әбу Бәкір бин Абдулфотхат.


«Диуани лұғат ат-түрік» 1915-1917 жылдары Стамбулқаласындағы Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көреді. Міне,Махмұт Қашқари еңбегін жан-жақты зерттеу, басқа тілдерге аудару іci осы кезден бастап шындап қолға алынды деуге болады. Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 жылы Лейпциг қаласында бастырып шығарды. Броккельман бұл еңбекті аудару кезінде шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірді. Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырды. Көрнекті түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылы Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.Махмұт Қашқаридің бұл еңбегін зерттеуге, оны басқа тілдерге аударуға, оған тілдік және әдебиет тұрғысынан түсініктер жазуға кеңес ғалымдары қыруар үлес қосты. Мәселен, тілші-ғалым С. Муталлибов «Диуани лұғат ат-түрікті» өзбек тіліне аударып, оны 1960-1963 жылдары Ташкенттегі «Фан» баспасынан үш кітап етіп шығарды. Ал көрнекті кеңес лингвист ғалымдарынан Н. А. Баскаков, А. Н. Кононов, А. К. Боровков, С. Муталлибов, В. Решетов, т. б. осы сөздікке қатысты көптеген құнды зерттеулер жүргізді. Махмұт Қашқари сөздігін қазақ тіліне аударған - А. Егеубай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет