Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі



бет55/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
43. Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі.
Шалкиіз Тіленшіұлы—15-17 ғғ өмір сүрген жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз – жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық үлгісі.
Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал — кез, Шәлі — киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Тор балаң құсты қолға алып», «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» т.б.
Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді.
Енді осы Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығын зерттеген ғалымдарға тоқталсам:
Шалкиіз «Аспанды бұлт құрсайды», «Қарабас құспен шалдырып» деп басталатын көлемді толғаулары алғаш рет 1875 жылы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында жарық көреді. Онда араб әрпіндегі қазақша мәтіні мен орысша мәтіні қатар, салыстырыла беріледі. Орысша мәтіндері 1885 жылы екінші рет басылады. Ы.Алтынсарин хрестоматиясында да орын алды («Би Темірге айтқаны»).
В.В.Радлов кітабына «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының әңгіме түрі, «Шалкиіз» және «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауының үзінділері енді.
Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірде Шалкиіз шығармаларын қазақ даласына кеңірек таратып, таныстырған XX ғасыр басында жарық көрген «Жақсы үгіт» (Қазан, 1903), «Ақын» (Қазан, 1912), «Шайыр...» (Орынбор, 1910-1912), «Көксілдер...» (Орынбор, 1910-1912) жинақтары болды. «Жақсы үгітте» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының толық нұсқалары, «Ақын» жинағында – «Шағырмақ бұлт жайтастар», «Көксілдерде» – «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауларының үзінділері, «Шайырда – «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» толғауының үзіндісі жарияланды.
Шалкиіздің ең көлемді, көркемдігі жоғары туындылары Т.А.Сейдалин, С.А.Жантурин, Ғ.Мұштақ, А.Беркалыұғлы сияқты қазақ жинаушылары мен бастырушылары арқасында жарық көрген. Бұлар атадан балаға, баба жыраулардан жас жыршыға ұласып, халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан асыл туындыларды тарихқа әйгілеп, жоғалмас мұраға айналдырған игі еңбек иелері еді.
Шалкиіз шығармалары кеңес дәуірінде қазақ тілінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) хрестоматиясында, М.Мағауин құрастырған «Алдаспан» (1971), «Поэты Казахстана» (1978) жинақтарында басылды, «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), т. Б. Топтамаларда жарияланды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әдебиет тарихы бөлімі дайындаған XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жыраулар мұрасының ғылыми басылымын да (1982) жарық көрді.
Шалиіз мұрасы М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев, А.Сикалиев, К.Мәмбетов, Қ.Сыдиықов зерттеулерінде және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының зерттеулерінде де сөз болып, швғармаларына талдаулар жасалынып келеді. Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шалкиіз өлеңдері де жырау өмірі туралы деректерді толықтыра түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет