Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары



бет51/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97
Байланысты:
хандықт

38. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.



Жырау

Ерекшелігі

Жыршы

Ақын

Жырау– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды.

Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мәртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ой-өрісінде жататыны да адамзат тарихынан мәлім. 

Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған.

Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.



39. Толғаудың жанрлық ерекшеліктері.

Толғаудың ерекшеліктеріне тереңдеп бармас үшін «толғау деген не?» деген сұраққа жауап бере кетейін.



А.Байтурсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде толғауға мынадай түсініктеме береді: «Толғағанда айталық нәрсенің толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай ішкергі ғаламнан алады.Толғаушы әуелі көңілінің күйік-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, шер тарқату үшін толғайды. Екінші, ішкергі ғаламында болған халдарды нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау-қысқасын айтқанда қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық алғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуда».
Ал поэзиялык сөздікте: «толғау-қазақ поэзиялык туындының халықтық түрі, әдебиетінің сюжетсіз тақырып бойынша ойлап түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні»- делінген. Толғау жанрынын табиғаты З Ахметов еңбегінде едәуір ашылады. «Толғау...» шыңдап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықтап шығарылған түрі.Өлеңдердің триада-триадаға бөлінуі әсіресе толғауға тән… толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай.. толғау-өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғандай-ақ, шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады».
Толғаулардың ақындық поэзиядан айырмашылығы-ақындық поэзияда тақырып ауқымы толғауға қарағанда біршама кең.Лирикалық сипат басым болып келеді. Ал жыраулық толғауларда қоғамдық-әлеуметтік өмірден әр-алуан көріністері мен сол заман жағдайын сипаттайтын болжамдар эпикалық үн басым болып келеді. «Тоғау үшін айтылмақ өзара байланысты болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелген құбылыска автор қатынасынын бүтіндігі арқылы, тәсілдерді жолдану арқылы, сондай-ақ кейбір тұрақты композициялы нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі, тақырыптын жерендей ашылуы, лирикалық, және эпикалық бастаулардың біте қойнауы, өмір құбылыстарын мол қайту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау ретінде калыптасуы жанрдын катарына Халыктын байланысты болса керек».
Толғау өзінің ұзақ уакытка созылған тарихи дамуы барысында төмендегідей ерекшеліктерімен көрінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет