Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Бұқар поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері



бет63/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
Байланысты:
хандықт

53. Бұқар поэзиясының тақырыптық ерекшеліктері
Бұқар жырлары жыраулық поэзияның дәстүрлі жалғасындай болғанымен, әлеуметтік-саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыруға болады. Бұқар жырау жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы толғауларды да дүниеге әкелген.
Бұқар поэзиясының негізгі қаһарманы- заман, адам бейнесі. Ол эпостағы аноним, аңыздық тұлғалар емес, өмірде болған адамдар. Бірақ солардың бейнесі мен ісін ақын аналитикалық ізде емес, заман оқиғасымен байланыста тұтас алады да, әлеуметтік типке бөлмейді.
Мұнда да Бұқар жыраудың эпос стилінен ұзап кетпегендігінің көрінісі бар. Оның образдары- заман оқиғасының бір бөлшегі ғана. Ал, реалдық бейнелерге бет бұру- Бұқар поэзиясының үлкен жаңалығы.
Өзінің жаңалық формасы жағынан Бұқар толғаулары көбіне арнау, бірде ғибрат, философиялық толғау немесе элегиялық жыр болып келеді. Дін тақырыбына құрылған өлеңдері дидактикаға бейім. Оның ішінен жауда өлген Бөгенбайдың өлімін естіртетін лирикалық элегиясы ерекше мұңлы.
Бұқар толғауларының тіліне келер болсақ, онда мақалдап сөйлеу мен эпос тілінің үлгісі басым.
Жал-құйрығы қаба деп, 
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалың малы аразды, 
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз, 
Жауға мінер ат болмас.
Жаман қатын алсаңыз
Топқа кірер ұл тумас, - [1. 89].
деген сөздер мақал үлгісіне құрылған. Мақалдап сөйлегенде, Бұқар өлшеу, ұйқасқа айтарлықтай көңіл бөлмей ( ат болмас, ұл тумас), көбіне логикалық ойға жүгінеді. Мұны поэзияға енген билер сөзінің үлгісі дейміз.
Бұқар жырау Қалқаманұлы толғаулары халық эпосы мен сөйлеу тілінің үлгісіне құрылған. Бүкіл бір тарихи дәуірдің көрінісін беретін Бұқар жырлары ХҮ-ХҮІІ ғасырларда туып дамыған жыраулық өнерге негізделген, авторлық орны бар поэзияның заңды жалғасы болды.
Бұқар жырау өнері мен творчествосы туралы қазақ әдебиетінің не бір тарландары қалам тартты. Оның алып поэзиясына ең алдымен Шоқанның жіті көзі түсті. "Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол" деген өлеңінде Абай Бұқар поэзиясына деген өз көзқарасын айтқаны белгілі. Ал Ыбырай Алтынсарин болса "Абылай мен сені көргенде" толғауын "Қырғыз хрестоматиясына" енгізеді. Болашаққа аманат етіп, жыраудың шығармаларын жинап, басына белгі орнатып кеткен М.Ж.Көпеев еңбегі ерекше. Бүгінгі ұрпақ Бұқар творчествосы туралы кезінде пікір айтып, әдебиеттануда жол салған С. Сейфуллин, Ә. Марғұлан, С Мұқанов, М. Әуезов сияқты ғұламаларымыз да дән риза. Г. Н. Потаниннің нұсқасы енді. Дана ағаларының жолын жалғастырып, үзбей қалам тартып, зерттеушінің ауыр жүгін арқалап осы күнгі қазақ әдебиеті көшінің алдынғы ілегінде келе жатқан қаламгер М. Мағауиннің еңбегі ерен деп есептелмек. Жырау туралы оқулықтарға арнайы зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдар санатында А.Дүйсенбаев, Ә.Дербісәлин, Қ. Мұқанбетқанов, Ш.Сәтбаева сияқты ғалымдар да бар. Әдетте осы әдебиеттанушылардың көпшілігі кешегі ипмериялық өктемдік кезде ойларын ашылып та, көсіліп те жаза алмады. Кейбір сырлары көл болып көңілдің көгінде қатпарланып жатты. Кейде кейбірінің басы артық пікір айтқан кезі де жоқ емес. Сөйтіп олар Бұқарнамаға өз үлестерін қосқан. Бір сөзбен айтқанда, Бұқартану белгілі бір дәрежеде дамыған жанр. Алайда осы ғылымның саласында әлі де сыры ашылмаған, тоталитарлық заманда таптық, партиялық бұғаудың қыл шылбырына түскен проблемалар да баршылық. Әңгіме міне осы жайында.
Сарай ақындары болса хан мен ханзаданы мадақтаудан аспады, "халық" деген қасиетті атқа қадам баспады. Ал Бұқар болса жырау атанды. Мұқтар дана айтқандай, ... жырау демек ақын деу емес. Жыраудың ақын аталудан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұны Ахмет Байтұрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде "толғау" қысқасын айтқанда іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің ілебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардағыдай халін танып, күйіне салып, толғай алуда"-деп түйіндейді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет