Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет52/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
Байланысты:
хандықт

1. Тирадаларга бөліну:
Түйдек өлең жолдары, топтаудың байырғы түрі екен, эпостың поэзияда оның шұмақтан бұрын түрі екені, эпостың поэзияда оның шұмақтан бұрын орныққаны рас»-деп көрсетеді. 3.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» атты енбегінде.
Түйдектін қазақ поэзиясында ертерек заманда туып қалыптасқандығын жыраулар толғауларынан көре аламыз.
2. Афоризмдерге жақындығы. Жыраулар философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін өсиет, ақыл-нақылды шумақтар мол болып келеді.
3. Әлеуметік, азаматтық сарынның басым болуы. Заман қашанда қоғамның әлеуметтік мәселесін, халыктың арман, мұның, тұрмыс тіршілігін толғауларында арқау еткен.
Толғау жанрының дамуына өз үлесін қосқан жыраулар поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі -Жиенбек жырау,Жиеньек толғауларының ерекшелігі батыр жыраудың қан төңірегіндегі көрнекті тұлға екендігін көрсету ғанп емес олардың арасындағы қайшылықтары да суреттеу болмысында.
Жырау толғауының өзіндік ерекшелігі-батыр жыраудың хан таңірегіндегі көрнекті тұлға екендігі көрсетуінде ғана емес,сонымен бірге олардың арасындағы қайшылықтарды суреттеу,бейнелеу болмысында.
40. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің зерттелуі
Қазақ хандығына 550 жыл толып отырған бүгінгі күні қазақтар осы кезде тарих сахнасынан көрінді деуге болмайды. Алтын Орда дәуірінде қазақ рулары болғанын, одан бұрын түрік қағанаты қазақтардың ежелден мемлекеті болғанын тарихшы ғалымдар дәлелдеп отыр, яғни хандық дәуір әдебиеті де бастау бұлағын ертеден алады.

Қазақ хандық дәуір әдебиетін зерттеу ХІХ ғасырдан басталған. Шоқан Уәлиханов, Асан қайғы толғауларына тоқтала келіп, оны «көшпенділер философы», - деп бағалаған. Шоқан зерттеулерінде Асан қайғының халықтың бірлігін сақтап, елді іргелі ел етпек болған Керей мен Жәнібек хандарды қолдап, солардың ақылшысы болғанын сөз етеді. Оның «көшпенділер философы»,-деуі бүкіл жырауларға берген бағасы болса керек.


Ш.Уәлиханов: «Жыр дегеніміз – рапсодия. «Жырламақ» етістігінің белгілі бір ән-әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобызда сүйемелдеу арқылы орындалады. Жырдың мазмұны ертеде өткен батырлардың өмірі мен ерлік істері туралы болып келеді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқиғаның бәрі қара сөзбен баяндалады, ал жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», - деп жазады.
Шоқан Уәлихановтың бұл пікірінен жырдың жалпы сипаты мен оның ертеден келе жатқанын аңғаруға болады. Қазақ жырауларындағы терең мәнді, қоғамдық ойға өзек болған пікірлердің тууы мен шығу себептері мен қалыптасуы қазақ әдебиетіндегі философиялық лирикаға негіз болғанын тұжырымдаған.
Шоқан зерттеулері қазақ әдебиетін таныту жолындағы алғашқы қадам болды. Кеңес ддәуірі тұсында қазақ әдебиеті тарихында хандық дәуір әдебиетінен бастау алған жыраулық поэзияның тақырыптық – идеялық, жанрлық, әлеуметтік сипатын әдебиет зерттеуші ғалымдар: С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншалиев, М.Мағауин, Ж.Тілеков, Р.Бердібай, Н.Келімбетов, А.Байтұрсынов, Б.Абылқасымов, Б.Кенжебаев т.с.с. ғалымдар зерттеп, сүбелі ойларын ортаға салып, ерекшеліктерін ашып берді.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде тұтас бір кезеңнің әдеби мұралары, поэзияның көтерген мәселесі, әдеби даму, дәстүр мен жалғастық, ойшылдық дәстүр мен философиялық сарын және оның туу себептері қарастырылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан – ұлы өркениеттердің мұрагерлері, тарихтың сан – салалық құз – қияларынан өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта білді». Қазақы төл тумалықты сақтай білу – біліктіліктің жолы және ондай жолдың тарихи тұғыры биік, -деуі хандық дәуір әдебиетінің қалыптасуы мен даму белестерінде жыраулардың да және олар туралы зерттеулердің де маңыздылығына тікелей байланысты деуге болады.
Кемеңгер ғалым М.Әуезов елдің намыс оятатын қуат көздері – жері, тілі, діні екенін айта келіп, жыраулар поэзиясын дәл танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті «не болса сол көңіл ашар, «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұнын бағасын сөз қылады. Көбінесе жырау, әрі би болады», - деп бағалаған. [3.25 б]
М.Әуезов жыраулар заманының келелі мәселесіне үн қосып, болжам жасап, тарихтың бағасын береді. Осы жәйттар толғауларында көрініс тауып жатады, яғни, заман мәселесін күн тәртібіне қояды деп ой түйген.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет жыраулар поэзиясымен басталғаны мәлім. Десек те, әдеби жанры жағынан жыраулардың толғау арқылы маңызды қоғамдық әлеуметтік саяси – философиялық көзқарастары анық аңғарылып жатады.
Қазақ әдебиетіндегі толғау жанрын зерттеп, оның табиғаты мен ерекшелігіне алғашқы анықтама берген А.Байтұрсынов еді. Ол хандық дәуірі әдебиетінде негізінен жанр толғау екекнін айта келе: «Толғау - қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі», - дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет