88.Шал ақын жырындағы заман шындығы. Өткен дәуір, яғни XY-XYIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлгалардың бірі - Шал ақын. Шал ақын (шын аты Тілеуке Құлекеұлы) 1748 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақынның әкесі Құлеке батыр Абылайдың жақыны. Орта жүздегі ең беделді рубасыларының бірі еді. 1755-1760 жылдары Құлеке батырдың ауылы Көкшетаудан көшіп, Есіл өзеніің бойына қоныс аударады. Ақынның ес білген соңгы ғұмыры негізінен осы өңірде - Солтүстік Қазақстан облысы манында өтеді.
Бала Тілеуке (Шал ақын) өн бес жасында даңқы шығып, ақын атанып, өнер жолына түседі. Өз заманының өткір тілді, ұшқыр ойлы адамының бірі болған Шалдың білімі ислам жайын, шариғат қағидаларын жақсы меңгеруімен ғана шектелмеген еді. Ол туған халқының өткен тарихын, рухани және мәдени байлығын жете таныған-ды.
Өз айтуынша, көптеген туындыларын жазбаша шығарма да, Шал ең алдымен импровизатор болатын. Ақын жиын-той, мерекелерде, ел аралап жүрген сапарларда кез келген тақырыпқа өлец шығара берген. Соған қарағанда Шал ақынның артында қалған мұрасы ұшан-теңіз болуға тиіс. Алайда, Қазан төңкерісінен бұрын жасаған көптеген қазақ ақындары сияқты, Шал туындыларының да дені сақталмаған.
Ол - негізінен бұқара халық идеясын жырлап, өмір қайшылықтарын көре білген, еңбекші халық ортасынан шыққан, ауыз әдебиеті үлгісін ұстанған суырыпсалма ақын.
Шоқан Уәлиханов өзінің еңбегінде Атығай руының Бейімбетінен Шал деген ақын шыққанын ескертеді. Шоқан оны өз елінің тарихи шындығын көтеріп, өз руының өткенінен сөз қозғаған эпик жыраулардың бірінен санайды.
Дін мұсылман, кәләм шариф араласатын көптеген өлеңдеріне қарағанда Шалдың шынында да сауатты, ислам дінінің қағидаларын біршама жетік білген, өз заманы үшін білімдар адам болғандығы байқалады. Шығармаларының біразын, әсіресе ғақылияларын, қазақты, қазақтың барлық руларын таратқан, хандар генеалогиясын баяндаған шежіре- эпосын қағазға түсіруі ықтимал. Бірақ ақынның мұндай қолжазбалары не жойылып кеткен, не әзір ғылымға белгісіз.
Шалдың бізге жеткен шығармаларының дені - импровизациямен, экспромтпен айтылған өлеңдер. Бұл тұрғыдан алғанда Шал - ақын, ақын болғанда қазақ ұғымындағы ақын.