Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Көтеш ақынның Абылай ханға айтқан жырының тарихи-әлеуметтік мәні



бет96/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
хандықт

89.Көтеш ақынның Абылай ханға айтқан жырының тарихи-әлеуметтік мәні.
Қазақ әдебиетінің тарихында Көтеш Райымбекұлы – ХVІІІ ғасырда қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Сүйіндіктен тарайтын сексен ауылынан шыққан, арғы атасы – Тұрлыбек делінеді. Ақынның туған жылы – 1718, қайтыс болған жылдары 1798 деп көрсетілген. Сонддай-ақ Х.Сүйіншәлиев тағы бір еңбегінде ақынды «Көтеш жырау» деп атап, «1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде дүние салған» деген мәлімет береді. Көтеш ақынның өмір сүрген кезеңі өзге жыраудан беріде болғанымен, ақынның туған жылына қатысты деректер ел аузындағы аңыздарға сүйеніп анықталғаны байқалады.
Мәшһүр-Жүсiптiң «Абылай аспаған сары бел» әңгiмесi де – Көтеш ақын жөнiнде. Төртуыл мен Қаракесек елiнiң Жанай және Ботақан атты екi адамын Абылай тiрiдей зынданға салғызады. Кейiн зынданнан шығарып алмақ болғанда, намыстанған Ботақан: «Көрге түскен адам тiрi шықпайды!» – деп, өзiн-өзi жарып жiберiптi. Осы оқиғадан соң ел iшi бүлiнiп, Абылайдан кек алмақ болып, Бес Мейрам баласы атқа қонады. Көтештiң он жетi жастағы кезi екен. Ханға беттеген ел жақсыларының алдынан орап шығып:
Абылай, Ботақанды сен өлтiрдiң!
Есiл ер жазығы жоқ неге өлтiрдiң?
Хан басың қарашаңмен даулы болып,
Үстiне ақ орданың қол келтiрдiң! – Абылайға қарсы қарап тұрып өлең төгедi.
Тарихта Абылайдың Қаракесек Ботақан мен Жанайды зынданға салдыртып, Ботақанның өзін-өзі жарып өлтіріп, Абылайға қарсы бүкіл Бес Мейрам балалары: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесектің көтерілген оқиғасы - Жонғар шапқыншылығына қарсы күрестің қолбасы батыры Сүйіндік арғын Олжабай батыр жайлы тарихи жырдын бір тармағында соз болады°. Жырда көрініс тапқан бұл оқиға, сондай-ақ оған Көтеш ақынның катынасы - кезінде белгілі әдебиетші Н.С. Смирнованың да назарын аударған. Ал жалпы оқиғаның болғаны - бүкіл Бес Мейрам балаларын Абылайға қарсы бастап, Қаракесек Бекболат пен Сүйіндік Едігенің барғаны жайлы дерек көңіл бөлерліктей мәселе. Мұндағы Қаракесек Бекболат атақты Қаздауысты Қазыбектің бел баласы. Ханға қарсы тепсініп барган топты Қазыбектің өзінің емес, баласының бастауына қарағанда, шамамен бұл оқиға Қазыбек өмірден өткен 1763 жылдан кейін, 1764 жылдын, не 1765 жылдың шамасында болуы мүмкін. Қалай болғанда да мұнып Абылай ісіне, содан шыққан шешімге қарсы қалың елдің қарсы үнінің жаңғырығы екендігінде дау жоқ.
Айтылмыш жыры арқылы Көтеш ақын кезінде қаһарлы хан болып өткен Абылайға Бұқар жыраудан кейінгі ел атынап сөйлеп, ең бір ауыр сөзді айтқан шығармашылық тұлға болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет