Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет92/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
хандықт

Ерікті ұйқас
Қай алтынның буы еді?! А
Оны да мен білуші ем, б
Түрікпеннің төрінде в
Қашып жүріп күнелткен г
Көркемдегіш құралдар:
Теңеу: Тұрымтайдай, ақ сұңқар құстай, сарт едің.
Эпитет: Қалтақтап жүріп, Алтын тұғыр, Ақ сұңқар, Дәулет құс, Арқар ұранды, Жалаң аяқ, қара күң.
Риторикалық сұрақ:
Қай алтынның буы еді?!
Оны да мен білуші ем,
Түрікпеннің төрінде
Қашып жүріп күнелткен
Мәскеудің қара күңі еді.
Метафора:
Ақ сұңқар кұстай, сарт едің. Ақтан. Жұртыңа жаулық.
Ассонанс:
Атаңды білмес құл едің.
Атаң тегін сұрасаң,
Арқар ұранды жат едің
Аллитерация:
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Метонимия:
Алтын тұғыр, Момынға келіп, Бөз. Жуса. Тоят тіледің
Әсірелеу:
Қалтақтап жүріп күнелтіп.
Арнау түрі:
Сұрай арнау
Әдепкі қайталау:
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің
Анафора:
Ашуланба,Абылай,
Ашуланба, Абылай.
Түсіндірме сөздік:
Тоят – ләззат алды, көңілі риза болды.
Сарт- көне,саудагер.
Жусатып – тынығу,тыныстау.
Бөз – мақтадан жасалатын жұқа ,мата.
Ақтан – әйгілі,белгілі болу.
Күрсі – тақ,мінбе.Көңілі тасыған патша жан -жағын жинап шарап беретін болған .
Жаулық – қастық,араздық.
Тұрымтайдай- кіп -кішкентай,шағын.
86.Бұқар жыраудың бір болжал толғауына әдеби-теориялық талдау жасаңыз.
Жыраудың болжау толғауларынан бізге әзірше мәлімі; Асанқайғының «Мұнан соң қилы заман болар» деген біз жоғарыда сөз еткен өлеңінің мәнін шешетін «Ханға жауап айтпасам», сондай-ақ «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында» деп аталатын бір топ жырлары жатады. Бұл шығармаларының алғашқысында («Ханға жауап айтпасам») ол заман, дәуір, болашақ туралы түйген ойларын Асанқайғы жұмбағын шешу үстінде де бүкпесіз ашып толғайды. Жыраудың «Абылай ханның қасында» деп аталатын жыры да әлгі ой-түсініктерімен іштей сабақтас. Мұнда ол соғысты ел берекесін кетіретін қырғын, қажетсіз қантөгіс деп оған қарсы шығып қона қоймай («Соғыссаң кетер сәніңіз… Жаулық жолын сүймеңіз»), бір кезде Асанқайғы арман еткен «Кісісі жүзге келмей өлмейтін, қойлары екі қабат қоздайтын» Жер ырысы - Жиделібайсынға қоныс аудару қажеттігі тұрғысынан қарайды. Ал, «Он екі айда жаз келер» атты толғауында ол тіпті «Ғалымдық тонын жамылған» сәлдесі қазандай арамза молдалардың зұлымдықтарын діни қағидаларға сүйене отырып әшкерелемек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет