Ислам және өнеге
Аллаһ тағала: «Дұғаңның қабыл болмауы, араларыңда
жасаған күнәсына тәубе етпеген біреу бар, сол тәубаға
келмейінше дұғаң қабыл болмайды», – деп жауап
қатады. Сонда Мұса пайғамбар: «Онда ол адамның кім
екенін білдіре гөр», – дегенде, Аллаһ тағала: «Менің бір
есімім – Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасы-
рып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді
қаламаймын. Сендер бірің қалмай тегіс тәубаға
келіңдер, сонда араларыңдағы әлгі кісі де тәуба етеді»,
– деген екен.
Байқасаңыз, Аллаһ тағаланың өзі де құлдарының
ешбір күнәсін әшкерелегісі келмейді. Қайта Ұлы Саттар
ретінде олардың күнәларын жауып тұрады. Демек, бұл
– күнә атаулыдан пәк Ұлы Жаратушымыздан жұғатын
сипат болғаны.
«Білімді адам әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз
адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгенің
айыбын жасыра білу – барша пайғамбарлардың да
бойындағы көркем қасиеттердің бірі. Ешбір пайғамбар
өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды
имандылыққа тәрбиелемеген. Иса пайғамбар (а.с.)
айтқан екен деген мына бір оқиға осыны ұқтыруда.
Иса пайғамбар (а.с.) бірде: «Ұйықтап жатқан
адамның ұятты жері ашылып қалса, қайтер едіңдер?»
– дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз»,
– деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Қайдам,
қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын
сияқтысыңдар», – дейді. «Ол не дегеніңіз?» – дегенде, ол
өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің ай-
ыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан
тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған
47
Адами мінез – арға сын
жақтарын да қоса ашып тастағанмен тең. Бұл өте үлкен
тәрбиесіздік», – деген еді.
«Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы» деп Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай, расында да кісі айы-
бын жаба білу пайғамбарлардың жолын ұстанудан,
сахабалардан өнеге алудан, үлкен адамдық мінезден
туатын қасиет. Өйткені, ешқашан «жаңылмайтын жақ,
сүрінбейтін тұяқ» болған емес. Бұл «Адам баласының
барлығы қателеседі...» деп хадисте де анық ескертілген
59
.
Қазақ халқы өз танымында мінсіздікті тек Құдайға ғана
жарастырып, «Ай кірсіз, Құдай мінсіз» деп қараса,
қытайлар «Өмірде кемшілік жасамайтын екі-ақ адам
бар. Біреуі әлі туылмаған сәби, біреуі әлдеқашан өліп
қалған адам» деп біледі екен.
Біреудің айыбын жұртқа айту – әлгі адамның беделін
түсіруге бағытталатын, әрі сол туралы естіген жұрттың
жаман ойлауына жол ашатын нашар әдет. «Егер біреудің
жасырын күнәсін әшкере етсең, оны ашық істеуге итер-
мелеген боласың»
60
деп хадисте ескертілгендей, айы-
бы әшкере болған жан бұрынғыдай қымсынуын, әлгі
қылығын жұрт көзінен жасыруын, іштей ұялуын доғара
бастайды. Ал дінімізде басқаның жамандығын сөз ету
былай тұрсын, басқа бір мұсылман жайлы жаман ойға
барудың өзіне де тыйым салынған (суи зан). Өйткені,
бұл ешқашан адамдардың арасындағы сүйіспеншілік
пен сыйластықты, бауырмашылдықты арттырмайды,
қайта олардың арасына іріткі салып, бір-бірінен суы-
тады. Бұның аяғы көп жағдайда жауластыққа, дау-
жанжалға, бір-бірінің кем-кетігін қазбалауға, көрген
жерде алакөзденіп, сырт айналуға, қапысын тауып кек
59
Тирмизи, Сыфатүл-қиямат, 49.
60
Әбу Дәуіт, Әдаб, 37.
48
Ислам және өнеге
алу секілді дұшпандық әрекеттерге ұласуы бек мүмкін.
Дініміз бұны иманның әлсіздігіне балап, одан мейлінше
сақтандырған. Басқаның айыбын айтушы бұдан тый-
ылмаса, өз айыбын да Аллаһ тағаланың масқара түрде
әшкерелейтіндігі ескертілген: «Уа, тілдерімен иман ай-
тып, алайда ол имандары жүректеріне әлі толық орныға
қоймаған пенделер! Мұсылмандарды қорламаңдар,
оларды сөкпеңдер, кемшіліктерін іздемеңдер. Кімде-
кім бір мұсылман бауырының кемшілігін іздесе, Аллаһ
та ол адамның кемшілігін іздейді. Ал егер Аллаһ
біреудің кемшілігін іздесе, үйінің ішінде отырса да,
оның масқарасын шығарады»
61
.
«Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен, сынауға
тіптен құмар кім көрінген» деп Мұқағали ағамыздың
кейігеніндей, адам бойынан осалдық емес жайсаңдық,
жамандық емес жақсылық көре білу – нағыз адамдыққа
тән қасиет. Алайда, неге екені адамдар бірден кемшілік
іздеуге әуес-ақ. Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына
ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті.
Сөйтіпті де: «Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?» – деп
сұрапты. Шәкірттері: «Кішкене нүкте көріп тұрмыз»,
– дегенде, «Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей
қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене ғана
дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның
бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса ке-
рек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның
жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар»,
– деп өмірлік мәні зор сабақ ұқтырған екен.
Ақыл-ойы толысқан, парасатты адамдар елден
кемшілік іздеудің орына өз мінін түзетуге көбірек күш
салған. «Өз мінін білген адам – әулие» деген халық
61
Әбу Дәуіт, Әдаб, 40. Тирмизи, Бирр, 84.
49
Адами мінез – арға сын
даналығы осыдан туса керек. Бұған қоса, «Батпан-
батпан мінің бар», – деген Үмбетей жыраудың, «Өз
мінін білген жігіттің, тәлімінде мін бар ма?!» – деп ой
салған Ақтамберді жыраудың, «Бойдағы мінді сана-
сам, тау тасынан аз емес, жүрегімді байқасам, инедейін
таза емес», – деген Абай аталарымыздың сөздерін
еске алсақ, олар ел мінін сөз еткеннен гөрі бойдағы өз
міндерін жетерлік деп білгенін көреміз.
Сен біреудің айыбын ашпа,
Түн сықылды перде тарт.
Күн сықылды аша берме,
Жер жүзінің әр сырын, – деген Шәкәрім бабамыз
өзгенің мініне кешіріммен қарау турасында тағы да бы-
лай деген:
Біреудің мінін кешірсең,
Саған да Құдай кешеді.
Бірінде қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.
Көңілі жұмсақ адамның,
Күрмеуін Аллаһ шешеді.
Рахымы жоқ пенденің
Орны жаман деседі...
Иә, басқалардың айыбын мүмкіндігінше жасыру,
ешкімнен кемшілік іздемеу, әркімді сынап-мінеуден
сақтану, одан да өз мініңді түзеуге күш салу – кемел
адамдық пен нағыз мұсылмандық қасиет.
Сахабалардан Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бір күні
Қағбаға қарап тұрып:
«Уа, Қағба, сен неткен зорсың! Саған деген құрмет
те зор. Алайда Аллаһ есебінде мүминнің абыройы сенен
әлдеқайда биік», – деп, Хақ тағала сүйіп жаратқан әрбір
50
Ислам және өнеге
мұсылманның беделіне нұқсан келтірмеу, адамдық
биігін аласартпау қажеттігін білдірген екен
62
.
Олай болса, кісі айыбын жаба білу арқылы
адамдардың татулығына қызмет еткенге, әркімнің
жақсы қасиеттеріне ғана көңіл аударып, ізгілік гүлін
солдырмағанға не жетсін?!
62
Тирмизи, Бирр, 85.
|