Ислам және өнеге


« К ісі айыбын ашқаннан жапқан



Pdf көрінісі
бет17/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
К
ісі айыбын ашқаннан жапқан 
жақсы»
Ауа  жұтып,  жер  басып  жүрген  пенденің  өмірде 
ағаттықтан  ада,  қателіктен  күде,  періштедей  пәк 
ғұмыр  кешуі  қиын.  Сол  себепті  әркімнің-ақ  кейде 
жіберіп  алған  қателігіне  басқалардың  түсіністікпен 
қарап, бетке баспағанын қалайтыны белгілі. Осы орай-
да тағы бір мұсылмандық мінезге салмақ түсері анық. 
Ол – басқалардың айыбын жасыра білу. 
Күнделікті өмірде өзімен бірге жүрген жандардың 
аңдаусызда жасаған қателіктерін сөзге таңбай, оны жа-
сыра білу, ешкімнен ілік іздемеу Құранда ескертілген 
адами мінезге жатады. «Хұжурат» сүресінің 12-аятында 
бұл жайлы 
«Әй,  иман  еткендер!  Бір-біріңді  аңдымаңдар 
(кемшілік іздемеңдер)!» делінген. 
Айша  анамыздың  (р.а.)  айтуынша,  Адамзаттың 
асыл  тәжі  ардақты  Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  өзінің 
өнегелі  өмірінде  ешкімнің  қателігін  көзіне  шұқып 
көрсетіп,  бетіне  баспаған.  Қате  істі  байқаған  сәтінде, 
сол кісінің атын жарияға жар салмай, мешітке жиналған 
жамағатқа жалпылама ескерту жасайтын. Елге қарата: 
«Араларыңыздан  кей  кісілерге  не  болған,  осындай-
осындай жамандыққа бой беріп жүр», – дегенде, кімге 


44
Ислам және өнеге
қарата  айтылғанын  әлгі  адамның  өзі  іштей  сезіп,  көп 
өтпей сол қателігін түзететін
52
.
Пайғамбарымыз  үшін  әр  сахабасының  беделін 
қорғау,  қателігін  жасыра  жүріп,  қатардан  қалдырмау, 
құласа  қолдап,  сүрінсе  демеу  мұсылман  қоғамының 
тыныштығына  сызат  түсірмеу  үшін  өте  маңызды  еді. 
Хадистерінде  үнемі  өзге  мұсылмандардың  айыбын 
жабуға  шақырып:  «Кім  бір  мұсылманның  айыбын 
жасырса,  Аллаһ  та  сол  адамның  қиямет  күні  айыбын 
жасырады»
53
,  «Кімде-кім  бауырының  айыбын  жап-
са, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып 
қалғандай  сауапқа  кенеледі»
54
,  «Діндес  бауырын  бір 
кінәсі үшін айыптаған адам сол күнәні өзі де істемейінше 
өлмейді»
55
деп, әр мұсылман үшін кісі айыбын жабудың 
қаншалықты жауапты әрі сауапты екенін білдірген. 
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  біреудің  үйінің  ішіне 
рұқсатсыз үңіле қараудың өзіне тыйым салғандықтан
56

сахабалар  бұған  қатты  көңіл  бөлген.  Қажет  кезінде 
бір-біріне  ескерту  жасаған.  Айталық,  Ұқба  ибн  Амр 
мен  Әбүл-Хайсам  арасындағы  мына  бір  оқиға  ғибрат 
аларлық. 
Бірде Әбүл-Хайсам: 
–  Біздің  кей  көршілеріміз  арақ  ішеді.  Осыларды 
ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді. 
Ұқба ибн Амр: 
– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға 
насихат айт. 
52
  Әбу Дәуіт, Әдаб, V, 183.
53
  Мүслим, Бирр, 72.
54
  Әбу Дәуіт, Әдаб, 38.
55
  Тирмизи, Сыфатүл-қиямат, 53.
56
  Mуслим, Әдаб. 43. 44.


45
Адами мінез – арға сын
Қайдан,  мені  тыңдар  емес.  Әй,  жазалатқан 
дұрыс-ау. 
Жоқ,  ондайға  бармағаның  абзал.  Өйткені  мен 
Аллаһ елшісінің «Кімде-кім бауырының айыбын жап-
са, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып 
қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген 
еді
57

Сахабалардан Әбу Дәрда (р.а.) бірде күнә істеген 
адамға  жолықты.  Сол  жердегілер  әлгі  кісіні  жерден 
алып, жерге салып ұрсып жатты. Бұны естігенде Әбу 
Дәрда (р.а.) оларға: «Қойыңыздар, бұларыңыз не? Бұл 
кісінің  құдыққа  түсіп  кеткенін  көрсеңіздер  құтқарар 
ма  едіңіздер?»  –  деді.  Олар:  «Иә»,  –  дегенде,  «Онда 
бауырларыңызға  ауыр  сөз  айтпаңыздар.  Одан  да 
сіздерге саулық берген Аллаһқа мақтау айтыңыздар», – 
деді. Олар: «Сен сонда бұған ашуланбайсың ба?» – деп 
сұрағанда, «Мен бұл кісінің жеке басына емес, істеген 
қылығына  ашуланам.  Осы  қылығын  қойса  болды,  ол 
менің бұрынғыша бауырым», – деп жауап қатты
58

Кісі айыбын жабу – біле білгенге Жаратушымыздың 
бір  мінезі.  Бұған  Мұса  пайғамбардың  кезінде  болған 
мына бір оқиғаны тілге тиек еткен орынды. 
Бірде  елді  қуаңшылық  жайлап  Мұса  пайғамбар 
(а.с.)  қауымын  ертіп,  тасаттыққа  шығады.  Дұға  жа-
сап,  Аллаһтан  жаңбыр  тілейді.  Бірақ  дұға  қабыл  бол-
май,  жаңбыр  жауа  қоймайды.  Сонда  Мұса  пайғамбар 
(а.с.) қолын жайып: «Я, Аллаһ тағалам! Сен менен тіле, 
сонда  жаңбыр  жаудырам,  қуаңшылықтан  құтқарам 
деп едің. Бірақ қанша дұға жасасам да, дұғамды қабыл 
қылмауыңның  хикметі  не?»  –  деп  сұрайды.  Сонда 
57
  Әбу Дәуіт, Әдаб, 38; Бұхари, Мәнақиб, 24.
58
  Али әл-Мұттақи әл-ХиндиКәнзул-Ұммал.


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет