Ислам және өнеге


Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?



Pdf көрінісі
бет16/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
Жаман дағдыға берілмеу үшін не істеу керек?
Исламдық  тұрғыдан  кеңес  берер  болсақ,  бірінші 
кезекте 


41
Адами мінез – арға сын
«Адам баласы осал жаратылды»
49
, – деп Құранда 
айтылғандай, әр адам өзінің осал тұстарын жақсы білуі 
тиіс. Яғни, «мен қателеспеймін» деген ойдан барынша 
аулақ болуы керек. 
Мұқағали ақынның:
Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең болғаны
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады. 
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы.
Аңдамай басып,
Сүрініп  кетсе  болғаны,  –  деп  жырлағанындай, 
өмірде сүрініп кетудің аяқ асты екенін үнемі қаперде 
ұстап,  иманын  күшейтіп,  өзіне  үнемі  құдіреті  шексіз 
Аллаһтан медет, жәрдем тілеп жүруі қажет. 
Бұған  қоса,  «Бойыңда  бір  жаман  дағды  пайда 
болғанда, онымен бүгін күреспесең, ертең күреспейтін 
боласың. Сөйтіп ертеңнен-ертеңге қалдырып жүргенде, 
тіпті  оның  нашар  екенін  сезінуден  де  қаласың.  Күнә 
істеп тұрғаныңды да байқамайтын күйге түсесің» деп 
батыстық  ойшыл  Эпиктет  айтқандай,  жаман  әдеттің 
жолына тосқауыл қоярда уақыт оздырмау қажет. 
Жаман әдеттің соңы неге ұрындыратынын байып-
тап, тигізер зардабын жақсы білу керек. 
Өзіне сын көзбен қарауды күшейтіп, рухани ілімін 
молайтып, шайтанның азғыруына жол бермеудің амал-
дарын  жасау  да  маңызды.  «Қарыны  тоқтық,  жұмысы 
жоқтық  аздырар  адам  баласын»  демекші  (Абай),  ол 
үшін жұмыссыз бос отырмау қажет. 
Жақсылардан  үлгі  алып,  ұнамды  әдеттерге  ғана 
еліктеуге дағдыланған жөн. Жаман әдетті бастапқыда 
49
  «Ниса»  сүресі, 28-аят.


42
Ислам және өнеге
оңай бастағанмен, соңында одан оңай құтыла алмайты-
нын ескеру керек. 
Жаман достардан алыс жүру де жаман әдеттен бой-
ды аулақ ұстауға жатады. 
«Қателескендердің  ең  жақсысы  –  дереу  тәубе 
еткендер»
50
,  «Мінез-құлықтарыңызды  түзеңіздер»
51
 
деген  хадистерді  басшылыққа  алу,  салиқалы  ғұмыр 
кешу  жолында  қиғаш  тартқан  қиялдардың  жетегінде 
кетпеуіңізге септігін тигізеді. 
Сөзіміздің тобықтай түйіні – «жақсыдан үйреніп, 
жаманнан  жирену».  Өйткені  дағды  –  адам  баласы-
на  жақсы  қасиеттерді  үлгі  етіп,  бойына  сіңіру  үшін 
берілген  қасиет.  Нашар  қылықтарға  үйір  болғандар 
өмір бойы орны толмас өкініштерге ұрынып жатса, ал 
жақсы  қасиеттерді  үлгі  еткендер  екі  дүниеде  де  сый-
құрметке бөленбек. 
50
  Тирмизи, Сыфатүл-қиямет, 49.
51
  Ғазали, Ихияу-улумуддин, 4/74.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет