Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет4/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Оңғар өмірбек, 
Қазақстан мұсылмандары діни  
басқармасының баспасөз хатшысы


Б
ірінші
 
Бөлім
АдАми мінез – 
АрғА сын


12
«
С
әлем – сөздің анасы»
Сәлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы 
таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Қайырлы түн!» болып 
келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас изесіп, 
немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын 
білдіреді. Шығыс елдерінде сәлемдесудің түрі тіпті көп, 
қызығы өз алдына. Мәселен, көне қытайдың халқы бір-
бірімен амандасқанда «Чылым-ю?» дейтін болған, оны-
сы – «Тамақ іштің бе?» дегені. Сірә, ашаршылық жа-
нына батқан бұқара халық «қарын тоқ болса, амандық 
сол»  деп  ұғынса  керек.  Алда-жалда  жапон  фирма-
сына  жұмысқа  тұра  қалсаңыз,  сізге  алдымен  бір  ай 
бойы кіммен қалай амандасу керектігін үйретеді екен. 
Деңгейі  өзіңізбен  шамалас  адамның  қасында  бірдей 
ғана бас иесіз, дәрежесі өзіңізден жоғары Че-ның яғни 
фирма директорының алдында барынша бүгіліп, иіліп 
сәлем беруге тура келеді. Тіпті кейде үлкен басшының 
алдында  жерге  жығылып,  маңдайды  жерге  тигізетін 
жайттар  әлі  де  бар.  Төс  қағысып,  құшақтасу,  бір 
тізерлеп отыра қалып, қолын кеудесіне қою, маңдайдан 
иіскеу, қолынан сүю, бетке-бетті тигізу де осы шығыс 
халықтарына  тән  амандасудың  дәстүрлері.  Ал  жалпы 
сәлемдесудің қоғамдық өмірімізде алатын орны қандай 
дегенге келейікші. 
Баянауыл  өңірінен  шыққан,  артына  30  томдық 
мол  мұра  қалдырған  үлкен  Ислам  ғұламасы  Мәшһүр 
Жүсіп:


13
Адами мінез – арға сын
«Біздерге сәлем беру болды – сүннет, Пайғамбар 
сүннетін  тұт,  болсаң  үмбет»  –  деп,  сәлемдесудің  ең 
әуелі  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.)  істеген  істерін 
өнеге тұтатын, ізінен ерген иісі мұсылман баласының 
барлығына  тән  сауапты  іс  екенін  жұп-жұмыр  екі-ақ 
жол өлеңмен бедерлеп берген. 
Қасиетті  Құранды  ашсақ,  бұл  жайында  мынадай 
әдемі аятқа көзіміз түседі:
«Егер  сіздерге  біреу  амандасса,  сәлемін  одан  да 
асыра не дәл солай қабыл алыңыздар!»
1

Өйткені  сәлемдесу,  амандық-саулық  сұрасу  – 
адамдардың  бір-бірімен  тез  тіл  табысуына,  әңгіме-
лесуіне, араласуына, өзара сыйластық, татулық, бауыр-
машылдық,  жолдастық,  достық  құруына  жол  ашатын 
кілт. 
Пайғамбарымыз  бір  хадисінде:  «Сендер  толық 
иман  келтірмейінше,  жәннатқа  кіре  алмайсыңдар.  Ал 
өзара  сүйіспеншілікте  болмайынша,  толық  иманға 
келмейсіңдер.  Өзара  сүйіспеншіліктеріңді  арттыруға 
септігі тиетін нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, 
араларыңда  сәлемдесуді  жайыңдар!»
2
  –  дейді.  Бұны 
естіген  сахабалар  үнемі  бірін-бірі  көрген  жерде 
ыстық  ықыласпен  сәлемдесу  арқылы  араларындағы 
сүйіспеншілікті,  құрметті  нығайтуға  ұмтылған.  Тіпті 
мынадай қызықты әрі өнегелі жайттар да кездескен. 
Бірде Тұфайл ибн Әбу ибн Кағыб (р.а.) өзімен бірге 
базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.):
1
  «Ниса» сүресі, 86.
2
  Әбу Хұрайрадан Имам Муслим риуаят еткен.


14
Ислам және өнеге
– Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып 
алатын не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. 
Одан да келіңіз мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-
дүкен құрайық, – дейді.
Сонда Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған:
–  Біз  кейде  үйден  тек  сәлемдесу  үшін  шығамыз. 
Кездескен  кісілермен  амандасып,  есен-саулықтарын 
сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен
3
.
 
Әнас ибн Мәліктің (р.а.) айтуынша, тағы бірде мы-
надай оқиға болады:
Бір  күні  Омар  ибн  Хаттабқа  (р.а.)  біреу  келіп 
сәлем береді. Ол сәлемін алып тұрып, «Қалың жақсы 
ма?» – деп әлгінің қал-жағдайын тәптіштей сұрады. Ол 
Құдайға  шүкіршілік  айта  жауап  қатты.  Сонда  хазірет 
Омар: «Менің сенен естігім келгені осы еді», – деп, қай 
кезде де ең әуелгі сөздің Аллаһ тағаланы еске алып, іле 
бас  амандығы  үшін  шүкіршілік  айту  болғаны  дұрыс 
екенін ұқтырды.
Сәлемдесу  әуелі 
адамды  кішіпейілділікке 
тәрбиелейді. Хадисте: «Көлікте отырған адам – жаяуға, 
жаяу адам – отырғанға, аз адамдар – көпшілікке, жасы 
кіші – жасы үлкенге сәлем берсін»
4
, – дегені де тегін 
емес. Неге десеңіз, көліктен түсіп барып жаяу адамға 
амандасу,  өзіңді  жаяудың  қасында  артық  сезінбе,  ал-
дымен кішіпейілділікті сен таныт, оның көңіліне қаяу 
келмесін дегені. 
 «Екі мұсылман кездескенде бір-бірінің қолын алып, 
қал-жағдай сұрасса, Аллаһ тағала сол мезет оларға жүз 
3
  Тұфайл  ибн  Әбу  ибн  Кағыбтан  (р.а.)  Имам  Мәлік  риуаят 
еткен.
4
  Мүслим, Сәлем, 1.


15
Адами мінез – арға сын
рақымын  төгеді.  Соның  тоқсаны  сол  екеудің  бірінші 
болып  сәлемдесіп,  ақжарқын  қуаныш  сыйлағанына 
бұйырады»
5
; «Екі мұсылман баласы кездескенде, олар 
бір-бірімен  амандасып,  қол  алысқанда,  Аллаһ  тағала 
олардың  осы  сәт  бір-біріне  тілеген  тілек-дұғаларын 
қабыл  алады.  Қолдары  ажырамай  жатып,  күнәларын 
кешіреді»
6
, – деген хадистер адамды жылы жүзділікке, 
кішіпейілділікке  тәрбиелеп  қана  қоймай,  сәлемдескен 
кезде,  адамның  күнәлардан  арылатындығын,  сауапқа 
кенелетіндігін хабардар етуде. 
Сәлем  беру  –  адамға  жақсылық,  есендік,  саулық 
тілеу дегенді білдіреді. 
Жүсіп Баласағұн бабамыз өз өлеңінде: 
«Сәлем – жолы есендіктің адамға,
Сәлем бердің – саулық бердің аларға; 
Игі тілек, танытқанға мейірім – 
Аллаһ сыйлар деннің саулық, хайырын», – дейді. 
«Ислам»  дегеннің  өзі  сол  есендік,  татулық, 
бейбітшілікті бүтіндеуден туады. «Ассалаумағалайкүм» 
деген  сөз  «Сізге  есен-саулық,  тыныштық  тілеймін!» 
дегенді  білдіреді.  Ал  «Уағалайкүм  ассалам»  болса, 
«Маған  тілеген  есен-саулық,  жақсылықты  сізге  де 
тілеймін!»  дегендік.  Кейде  сәлемді  артығымен  қабыл 
алу мақсатында «Ассалаумағалайкүм уә рахматуллаһи» 
(Сізге Құдайдың тыныштығы, есен-саулығымен қатар 
рақымын  да  тілеймін)  деп,  оған  «Уа  алайкумасса-
лам уа рахматуллаһи уә баракатуһу» (Сізге Құдайдың 
тыныштығын,  рақымын,  оған  қоса  берекетін  де 
тілеймін) деп те жауап беріліп жатады. 
5
  Байхақи, Шуабул-иман, 7323.
6
  әл-Барраудан (р.а.) Имам Әбу Дәуіт риуаят еткен.


16
Ислам және өнеге
Сәлем беру – сүннет болса, алу – уәжіп. Мұқағали 
ақынның:
«Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,
Балам қабақ шытса да жасқанамын. 
Сәлемімді біреулер алмай кетсе, 
Екі  иығым  салбырап,  пәс  қаламын»  деп  күйін-
геніндей, өкінішке орай, сәлемге салқын қарайтындар 
да  кездесіп  жатады.  Бірақ  ондайларға  бола  іштей 
ренжіп, сәлемдесуден суып қалудың реті жоқ. Өйткені 
«Сәләм»  –  Аллаһ  тағаланың  көркем  есімдерінің  бірі. 
Сондықтан  сәлем  беруші  артық  сауапқа  ие  бола-
ды. Хадисте егер берген сәлеміңді қарсы жақ алмаса, 
әрбір  сенің  сәлеміңді  одан  гөрі  жақсырақ,  абзалырақ 
періштелердің алатындығы айтылған
7

Мұсылманшылықты  болмысына  сіңіре  білген 
қазақ халқы сәлемдесуге үлкен мән берген. «Әдептен 
құр  қалмассың,  Үлкенге  сәлем  бергенің»  деп  Ақтан 
Керейұлы  (ХІХ–ХХ  ғ.ғ).  айтқандай,  сәлем  беруді 
мәні  терең  әдептілікке  балаған.  Амандасқанда  алыс-
жақынды түгел түгендеп шұрқыраса амандасқан. Бер-
ген  сәлеміне  қарап-ақ  адамның  қандай  адам  екенін 
таныған. Тіпті келіннің үлкендерге иіліп сәлем салып 
тұруы  секілді  оның  жасқа,  шамаға,  жынысына  қарай 
реттілігін де дәстүрге тамаша енгізе білген. Сөз қадірін 
биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға 
берген. 
Оны  әйгілі  Бұқар  жыраудың  мына  бір  өлеңінен 
жақсы байқауға болады:
7
  Имам Ахмад, 4/20; Бұхари, Әдабул-муфрад; Әбу Яғла 3/127.


17
Адами мінез – арға сын
Әй, айташы, айтсаң айт!
...Құдіретімен жаратқан
Он сегіз мың ғаламды айт. 
Ақтан сия танытқан
Дәуіт пенен қаламды айт. 
Сөйлеу үшін жаратқан
Сөз анасы – сәлемді айт! 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет