Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Адами мінез – арға сын
Әр  жұма  сайын  ғұсыл  құйынып,  жуынып  тұруға 
шақырғаны  бөлек,  дәрет  алу  кезінде  аяқ,  қол,  ауыз, 
мұрын,  бет,  тіпті  құлақ,  мойынға  дейін  су  тигізу  күн 
сайын бірнеше мәрте қайталанатын мұқият тазалыққа 
жатады.  Өйткені  бүгінгі  ғылым  бір  грамм  мұрынның 
суында 10 млн бактерия болса, бір грамм түкірікте 100 
млн бактерия кездесетінін анықтап отыр. 
Пайғамбарымыз бірде қабір басына келіп: «Сәлем 
сіздерге, уа, мүминдердің мекені. ИншАллаһ, ерте ме, 
кеш  пе,  біз  де  сіздердің  қатарларыңызға  қосыламыз. 
Әттең, діндес бауырларымды да көрер ме едім», − де-
ген  еді.  Қасындағылар:  «Сіздің  діндес  бауырларыңыз 
біз  емеспіз  бе?»  −  деп  сұрағанда,  «Сендер  менің 
сахабаларымсыңдар,  бауырларым  әлі  келген  жоқ», 

  деп  жауап  қайырған.  Сахабалар:  «Үмбетіңізден  әлі 
келмегендерді қалай танисыз?» – дегенде, ол: «Біреудің 
бірыңғай жирен түсті үйірі болса, соның ішінен қасқасы 
мен аяғында аласы бар аттарын тани алады ғой. Дәрет 
алған  мүшелер  де  осы  секілді  ақыретте  аппақ  болып 
жарқырай  көрінеді.  Содан  танимын.  Әркім  шамасы 
келгенше,  денесін  нұрландыруға  тырыссын»
17
,  –  деп 
жауап берген еді. 
Бір  хадисте:  «Бес  нәрсені  жаратылысынан  адам 
қажетсінеді: мұртты басу, тырнақ қысқарту, қолтықты 
түктен  тазарту,  ұятты  жерді  түктен  тазарту,  сүндетке 
отыру»
18
, – деп, Исламдағы тазалық адам жаратылысын 
толық  қамтитынын  аңғартқан.  Бүгінгі  күні  медицина 
ғылымы  профилактикалық  әрі  гигиеналық  тұрғыдан 
сүндеттің адам ағзасына аса қажетті екендігін дәлелдеді. 
Батыс  елдерінде  сүндеттеу  оқиғасы  жиі  ұшырасады. 
17
  Мүслим, Таһарат, 39.
18
  Муслим, Таһарат, 49, 56.


22
Ислам және өнеге
Өйткені  қатерлі  ісікке  жол  ашпау  секілді  жыныстық 
кеселдердің  алдын  алу,  тазалық  тұрғысынан  олардың 
бұған әлдеқашан көзі жеткен. 
Құранда  «Киіміңді  таза  ұста,  жаман  нәрселерді 
таста»
19
  делінгендіктен,  Пайғамбарымыз  әрқашан 
киіміне  қыл  жуытпауға  тырысқан.  Намаз  оқу  үшін 
де  киімнің  тазалығы  маңызды  болғандықтан,  «Ақ 
киім  киіңіздер.  Ақ  түсті  киім  әдемі  көрінеді,  тазалық 
тұрғысынан  да  ыңғайлы.  Мәйітті  ақ  түсті  матамен 
кебіндеңіздер»
20
,  –  деп,  ақ  киген  жағдайда  тазалыққа 
көңіл бөлудің анағұрлым артатындығын аңдатса керек. 
Киімі әбден лас болған адамды көріп, «Мына кісі 
киімін жуатын ештеңе таба алмаған ба?!»
21
 – деп ренішін 
білдірген  еді.  Барша  мұсылмандарға  таза  киініп,  таза 
жүріп-тұруды өсиет етті. 
Құранда 
  «Әй,  адам 
баласы!  Мешітке  барған  сайын  әдемі  киімдеріңізді 
киіңіздер»,
22
  –  деп  айтылғандықтан,  мешітке  барарда, 
сондай-ақ мереке күндері үсті-басының тазалығын жіті 
қадағалай түсетін. 
  «Аллаһ  тағала  −  мәрт,  жомарт  құлдарын  жақсы 
көреді.  Аллаһ  тағала  −  таза,  тазаланғандарды  жақсы 
көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар»
23
 
деген  Пайғамбарымыз  үмбетін  әрқашан  өзі  тұратын 
үйді, ауласын таза ұстауға шақырған. 
Бірде  «Абайлаңыздар,  қарғыс  атқандардың 
қатарынан  болмаңыздар»  деп  еді.  Олардың  кімдер 
19
  «Мүддәсир» сүресі, 4-5-аяттар.
20
  Табарани, әл-Мұғжамул-кәбир. 18/225.
21
  Әбу Дәуіт, Либас 14.
22
  «Ағраф» сүресі, 7/31.
23
  Тирмизи, Әдаб 41.


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет