Ислам және өнеге


« Т аза болсаң, судай бол!»



Pdf көрінісі
бет5/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«
Т
аза болсаң, судай бол!»
Еуропалықтар  ХІХ  ғасырда  ғана  қолға  алған 
тазалыққа мұсылмандар VІІ ғасырда-ақ қатты көңіл 
бөле бастаған. Еуропада патша сарайларының өзінде 
монша  жоқ  кезде  шығыста  бұған  барлық  жағдай 
жасалып,  тазалықтың  күнделікті  әдетке  айналғаны 
таңғаларлық. Тіпті сабынның өзін мұсылмандар ойлап 
тапқанын былай қойғанда, Ибн Сина, Рази, Абдулқаһир 
және Сахир ибн Насруллаһ сынды ғалымдар тазалық, 
денсаулық  тұрғысынан  моншаның  қаншалықты  пай-
далы екендігін зерттеп те үлгерген. 
1600 жылдары шығыс Испанияның инквизиция со-
тында испандықтардың мұсылман я христиан екенін 
денесінің  тазалығына  қарап  ажыратқан.  Саяхат-
тап келген өзге елдің адамдары мұсылман елдеріндегі 
тазалыққа таңғалатын болған. 
Иә,  Ислам  діні  тазалыққа  ерекше  көңіл  бөлген. 
Тіпті алғашқы түскен аяттардың өзінде
«Әй,  бүркенген  жан!  Тұр,  халыққа  ескерт. 
Раббыңды  ұлықта.  Киіміңді  таза  ұста»
8
  деп  хазірет 
Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тазалыққа 
шақырған бұйрықтардың келуі ой саларлық. 
Осы  уақыттан  бастап  Пайғамбарымыз  тазалық 
мәселесіне  айрықша  ден  қоя  бастаған.  «Иманның 
жартысы − тазалық» деп білген ол әр дене мүшесінің 
8
  «Мүддәссир» сүресі, 1-4 аяттар.


19
Адами мінез – арға сын
тазалығын  жіті  қадағалаған
9
.  Дәрет  алған  сайын  әрі 
тамақтанардан бұрын және кейін де мұқият қол жуатын 
болған. «Тамақтың берекеті – тамақтың алды мен ар-
тында қол жуу»
10
, – деп ескертетін. Сондай-ақ ұйқыдан 
тұрғаннан  кейін  де  қол  жуу  керектігін  еске  салып: 
«Ешкім ұйқыдан тұра салысымен, қандай да бір ыдысқа 
қолын  жүгіртпестен  алдымен  қолын  жусын.  Түнімен 
қолымен не ұстағанын білмейді ғой»
11
, – дейтін. 
Пайғамбарымыз  көрсеткен  тазалықтың  тағы  бір 
үлгісі – тіс тазалығы. Әр намаздың алдында, мисуакпен 
тіс тазалағанын ескерсек, күніге ең кемі бес уақыт тіс 
тазалап  тұрғанын  көреміз.  Бұған  басқа  да  күншығыс, 
сәске,  түнгі  намаздарын,  сондай-ақ  тамақтанғаннан 
кейінгі  уақыттарды  да  қоссаңыз,  тіс  дәрігерлерінің 
өзі  мұншалықты  тіс  тазаламайтындай  өте  жиі  тіс 
тазалағанына  куә  боламыз.  Дәл  осындай  тазалықты 
бұйырар  болса,  үмбеті  ауырсынатындығын  біліп: 
«Үмбетіме  ауыр  соғады-ау  деп  тартынбағанымда,  әр 
намаздың алдында мисуак қолдануын міндеттер едім», 
– деген екен
12
.
Ауыз тазалығына көңіл бөлгені сонша – жағымсыз 
иіс  шығаратын  пияз  бен  сарымсақ  жеуден  де  тар-
тынатын.  Өйткені,  мұншалықты  таза  болмаса,  өзіне 
періштелер  жақындай  алмас  еді.  Осыны  меңзеп: 
«Сіздер жеңіздер, менің жемеу себебім – маған періште 
келетіндігінде», – деп түсіндіретін. 
9
  Мүслим, Таһарат, 1.
10
  Бұхари, Уду, 26.
11
  Муслим, Таһарат, 87.
12
  Муслим, Таһарат, 42.


20
Ислам және өнеге
Тіс тазалығына онша мән бермейтіндерге: «Менің 
қасыма сарғайған тіспен, жағымсыз иіспен келмеңіздер» 
дейтін
13

Кей уақыттарда тырнағы өсіп кеткендерді көргенде, 
ренішін жасырмайтын. Сондай кейіппен қасына келіп 
дін жайын сұрағандарға қарата: «Сіздерден маған біреу 
келіп,  көктен  хабар  сұрайды.  Қараймын,  тырнақтары 
өсіп  кеткен,  іші  кірге  тола»,  –  деп,  бұндай  ластықты 
ұнатпайтындығын  білдіретін.  Бір  жолы  хазірет  Али-
ге  де  (р.а.)  «Ей,  Али,  өсіп  кеткен  тырнақтарыңды 
алғайсың.  Ішінде  зиянды  нәрселер  жүреді»,  –  деген 
еді
14
.  Уахи  арқылы  көп  жайтқа  қанық  болып  отыра-
тын Пайғамбарымыз тырнақ ішінде микроб жүретінін 
халыққа сол дәуірде тек осылай ғана түсіндіре алғаны 
белгілі. 
Бірде  өзінен  көмек  сұрап  келген  әйелге  Пайғам-
барымыз  бірнеше  ешкі  беріп  тұрып:  «Балаларыңызға 
айтыңыз,  сауғанда,  ешкілердің  жанын  ауыртып  әрі 
желінін қанатпау үшін тырнақтарын алсын»
15
, – деген.
Бұдан  басқа  Пайғамбарымыз  шаш  күтіміне  де 
айтарлықтай көңіл бөлген. Адамдардың шаштары кір-
кір,  алба-жұлба  боп,  дудырап  жүргенін  қаламайтын. 
Бірде  сақал-шашы  ұйысқан,  кір-қожалақ  бір  кісіні 
көргенде: «Мына кісі басын жуатындай су, шашын ба-
сатындай май таппаған ба?» – деп ренжіп еді. Бұған қоса 
«Кімнің шашы болса, жақсы күтсін»
16
 деп өсиеттеген. 
13
  Суюти, Жамиус-сағир, 2/72.
14
  Дәйләми,  Фирдаус,  3/205,  Дарул-кутубул-илмия,  Бәйрут, 
1986.
15
  Хайсами, Мәжмауз-зауаид, 8/196.
16
  Әбу Дәуіт, Тәрәжжул, 3.


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет