Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет7/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
Адами мінез – арға сын
екенін  сұраған  сахабаларына:  «Ел  жүретін  жолға,  ел 
көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына 
дәрет сындырып ластағандар»
24
, – деу арқылы қоғамдық 
орындарды да таза ұстағандарды құп көретінін жеткізді. 
«Суға  дәрет  сындырмаңыздар.  Сол  судан  дәрет  алу  я 
болмаса ғұсыл алу қажет болмасын қайдан білесіздер? 
Ешкім  жүніп  кезінде  су  құйылған  ыдыстың  ішіне 
түсіп шомылмасын. Басқа бір ыдыспен су алып сырт-
та жуынсын»
25
дегені де тазалық тұрғысынан аса мәнді 
екені сөзсіз.
  Құранда   
    «Біз  берген 
рызықтың  адалынан  ғана  жеңдер»
26
  делінгендіктен, 
күнделікті алдындағы асының да адал болуына қатты 
көңіл бөлген. Тіпті жай кезде тағам бетінің ашық қалып 
кетпеуін де жиі ескерткен. Бірде өзіне беті ашық ыды-
спен сүт әкелгенінде: «Тақтаймен болса да бетін жауып 
әкелмедіңіздер ме?», – деген еді. 
Исламда  сыртқы  тазалықпен  қоса  ішкі  руха-
ни  тазалыққа  да  айтарлықтай  мән  берілген.  Өйткені 
сыртқы  тазалық  пен  ішкі  тазалық  үйлескенде  ғана 
адамның  жаны  нұрланып,  жасаған  құлшылықтары 
қабыл болмақ. 
Ішкі  тазалық  −  жүрек  тазалығын,  көңіл  ақтығын, 
ниеттің  дұрыстығын,  пейілдің  ақжарқындығын, 
әдептілік  мен  адамгершілік  қасиеттердің  кемелдігін 
құрайды. Жүректі таза ұстау жөнінде Пайғамбарымыз 
былай дейді: «Адам баласының денесінде жұдырықтай 
ет  бар.  Сол  жақсы  болса,  бүкіл  дене  (іс-әрекеттері) 
жақсы  болғаны.  Ол  бұзылса,  бүкіл  дене  бұзылады. 
24
  Мүслим, Таһарат, 68.
25
  Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 2/259, 265.
26
  «Ағраф» сүресі, 7/31.


24
Ислам және өнеге
Абайлаңыздар,  ол  −  жүрек»
27
.  Және  бір  сөзінде  «Әр 
затты кір шалғаны тәрізді жүректі де кір шалады. Оны 
тәубамен,  кешірім  тілеумен  тазалап  отырыңыздар» 
деп,  жүректі  қалай  таза  ұстау  керектігін  де  үйреткен. 
Өзі күн сайын жүзден аса мәрте Жаратқаннан кешірім 
тілейтін. Сонымен қатар, «Лә иләһә иллаллаһ» секілді 
зікірлердің де жүректі тазартатындығын айтады
28

Рухани  тазалыққа:  өтірік,  өсек,  балағат  сөздерге, 
ғайбатқа үйір болмау, екіжүзділік пен жалақорлықтан, 
ұятсыздық,  арсыздықпен  қатар  тәкаппарлықтан  бой-
ды  аулақ  салу,  күнәлі  істерге  жуымау,  харам  ас  же-
меу, қулық-сұмдық, алдау-арбаудан өзін жырақ ұстап, 
ешкімнің ала жібін аттамай, кісі ақысына көңіл бөлу, 
ешкімді  күндемеу,  жан  баласына  жамандық  ойламау, 
өзіне өлшеп берілген нығметтерге шүкіршілік ету т.б. 
жатады. 
Айнаға қараған сайын: «Я, Раббым, сыртқы бейнемді 
әсем  еткеніңдей,  ішкі  жан  дүниемді  де  әсемдей  гөр!» 
–  деп  тілеген  Пайғамбарымыз  рухани  тазалығымен, 
көркем мінезімен әрдайым өнеге-үлгі көрсеткен. Өзіне 
қаскөйлік танытып, сан мәрте қастандық жасап, келеке 
еткендердің бәрін де кешіре білу − үлкен мейірім иесі 
екендігінің дәлелі. 
Пайғамбар  салған  сара  жол  айналасындағыларға 
үлгі болды. Әбу Бәкір (р.а.) бірде құлының алып келген 
асының  харам  екеніне  көзі  жеткенде,  дереу  саусағын 
тамағына жүгіртіп, өзін қинап құсып тастаған еді. 
Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  Куфада  бір  қойдың 
ұрланғанын естігенде, сол қойдың етін жеп қоям ба деп 
27
  Бұхари, 1/20 (52).
28
  әл-Хаким, Тирмизи, Нәуадирул-усул 2/204..


25
Адами мінез – арға сын
қауіптеніп, қойдың жасын есептеп, он шақты жылдай 
бір түйір де қой етін аузына салмаған деседі. 
Тағы  бірде  матаны  қымбаттауға  сатып  алған  бір 
кісіні кезіктірген уақытта: «Бұл матаны менің дүкенімнен 
қалай қымбатқа алып жүрсіз, бағасы арзанырақ еді ғой», 
–  деп  алушының  қарсылық  көрсеткеніне  қарамастан, 
дүкенге  қайта  ертіп  әкеліп,  артық  ақшасын  қайтарып 
берген екен. 
Пайғамбарымыздың  «Мына  кісі  −  жұмақтық» 
деп  көрсеткен  сахабасы  өмірінде  қызғаныш  дегенді 
білмейтін.  Ешкімді  күндемейтін,  ғайбат  сөйлемейтін, 
момын адам екен
29

Міне, осы сарындас мысалдардың барлығы да ішкі 
рухани тазалықтың тұнығына қол жеткізгендерде кезде-
скен. Таразылай салмақтап қарасақ, сыртқы тазалықпен 
қатар ішкі тазалықтың мәні зор екенін көреміз. 
Ішкі жан дүниенің тазалығына көбірек көңіл бөлу 
керектігін ата-бабаларымыз өзінің толғау-өлеңдерінде, 
елге айтқан насихаттарында тілге тиек етеді. Айталық, 
Үмбетей  жырау  елдің  тұтқасын  ұстап,  үлгі  болған 
жандарға басу айтқан бір сөзінде:
Әй, Ақтамберді, Қабанбай
Суытпа бекер түсіңді,
Қайрама мұнша тісіңді. 
Сырт тазасы не керек,
Тазарт әуел ішіңді! − десе, Ақмолда 
Мұхаммедиярұлы (1831–1895):
Әуелі жуу керек іштің кірін,
Іште толып жатпасын сасық ірің. 
Аһ, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,
29
   Ю. Кандаһлауи, Хаятус-сахаба, 2/164.


26
Ислам және өнеге
Әйтпесе пайда бермес құры білім, − деп өмірде ойға 
түйген тәлім мен бойға жиған білім адамды тазалыққа 
бастап, ізгілікке жетелеп, адамдығын арттырмаса, «сыр-
ты бүтін, іші түтін болу» опа бермейтіндігін айтқан. 
Абай  атамыз  да  өз  өлеңінде  халыққа  Ислам 
дініндегі  тазалықты  дұрыс  насихаттау  керектігін, 
сыртқы тазалығына көңіл бөлетіндердің көп жағдайда 
ішкі  рухани  тазалыққа  да  соншалықты  көңіл  бөле 
бермейтіндігіне қынжыла отырып өлеңіне арқау етеді:
Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған
Хүснізан мен иманды білді ойлаған. 
Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, 
Сыртын қанша жуғанмен іші оңбаған... 
Иә,  «Мықты  болсаң  жердей  бол,  бәрін  шы-
дап  көтерген,  таза  болсаң  судай  бол,  бәрін  жуып 
кетірген»  демекші,  Ыбырай  Алтынсарин  бабамыздың 
да  оқырмандарын  бұлақтай  тұнық,  судай  таза  болуға 
шақырған  «Таза  бұлақ»  әңгімесінің  астарында  үлкен 
мән жатқан жоқ па?! 


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет