Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет139/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   363
Айналамызда болып жатқан қайта  
тірілудің үлгілері
Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің 
сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта 
тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат 
алмақ  ниетпен  пікір  етсек,  әрбір  көктем  қайта  тірілудің 
дәлелі  емес  пе?  Көктем  қайта  тірілудің  сансыз  үлгісіне 
толы.  Жазда  жап-жасыл  болып  жайқалып,  күзде  жеміс-


150
ИМАНИ ГҮЛ
жидегін  шашу  етіп  шашқаннан  кейін  барлық  өсімдік 
әлемі  адамның  қартайған  шағындағы  шаштарының 
ағарғанындай  жапырақтары  солып,  сары  алтынға  боя-
лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай бастайды. Қыс кел-
генде,  бейне  бір  өлімге  ұшырап,  аппақ  қардың  астында 
қалады.  Тіршіліктерінің  тынысы  байқалмайды.  Міне, 
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды 
көктемде көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған 
шақта күллі өсімдік әлемі әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін 
ашып,  жап-жасыл  болып  жайқала  түседі.  Қысқы  өлік 
көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне Алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тәңрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» – деп жырлағандай 
көктемде айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген-
дей сезінесің. Өйткені айналаңдағы табиғат жаппай қайта 
тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген құстардың тамылжыта 
сайраған  әсем  әніне  тұнып  тұр.  Қыста  ызыңы  жоғалып, 
аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып, 
үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен 
саған  қайта  тірілетініңді  меңзеп  тұрғандай.  Иә,  қысқы 
өлімнен кейін өсімдік әлемін, адамнан қанша есе көп жал-
пы жәндіктерді қайта жер бетіне шығарған Ұлы Жарату-
шымыз адам баласын өлім қысынан кейін қайта тірілтеді. 
Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей, жәндіктерден 
де маңызды әрі мағыналы.


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет