Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет211/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

«Мүмін әйелдерге айт, өздеріне 
харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты 
жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр 
көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен 
екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін. Орамалда-


341
ИМАНИ ГҮЛ
рын жағаларының ойықтарын жабатындай етіп 
тақсын...»
200
 
-делінеді.
Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді 
еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай 
бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік 
бойжеткендердің абыройдан айрылуына себеп болып 
отыр. Нәтижесінде көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк 
сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жы-
лына қаншама қыз баласы қолдан түсік жасатуда
201
.
Пайғамбарымызға бірде бір сахаба келіп 
«Уа,
Алланың Елшісі, мені жұмаққа жетелер бір амал 
айтсаңыз»,
- дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
 «Ашуланба! 
Ашуыңды жең, ашудың жетегінде кетпе»,
- деп қысқа 
да нұсқа жауап берді. 
Иә, ашу атүсті қарайтын жеңіл мәселе емес. Себебі, 
ашуға бой алдырған адам санаға сыймайтын үлкен 
күнәларға да оп-оңай барып жатады. Мысалы, ашуға 
булыққан адам бір сәттік өзін ұстай алмай мылтықтың 
шүріппесіне басып кеп жіберу кесірінен жылдар бойы 
түрмеде отырады. Сөйтіп, ғұмыр бойы өкінумен өтеді. 
Міне, ашудың осындай кесірлі нәтижесін білгендіктен 
пайғамбарымыз (с.а.у.) кейбір сахабаларына 
«ашуыңды 
жең, ашуға салынба, ашудан аулақ жүр»
деген ескерту-
лер жасаған. 
Ал енді ашу дегеніміз тек қана жүйкенің тырысу-
мен ғана болатын құбылыс емес. Ашудың 
«жыныстық 
ашу»
дейтіні де болады. Ол – адамның нәпсіқұмарлық 
сезімдерінің өршіп, шәһуатының қозып, өз-өзін ұстай ал-
май ақылға сыйымсыз қылықтарды жасайтындай көзсіз 
200
Нұр сүресі, 31-аят.
201
Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі 
бар. 2003 жылғы есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми 
тіркелген. Ал ресми тіркелмегені қанша екені тағы белгісіз.


342


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет