Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


Пайғамбарымыз керемет психолог еді



Pdf көрінісі
бет55/237
Дата12.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#106907
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   237
Байланысты:
515027 1387345936

Пайғамбарымыз керемет психолог еді.
Ол 
адамдардың қоғамдағы дәрежесіне, ақыл деңгейі мен 
түсінігіне және мінез-құлықтары мен құбылмалы көңіл-
күйлеріне қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне, 
сондықтан Ол кейде бір ғана сөзімен заманының заңғар 
тұлғаларының жүрегіне жол тауып, көңіліне Исламға 
деген сүйіспеншілік отын маздататын. Барлық сахабаға 
жүрегінен жеке орын беріп, ерекше назар аударғандықтан, 
әрқайсысы өзін 
«Пайғамбардың ең жақсы көретін адамы 
шығармын»
деген ойда қалатын.
• 
Ол барлық ғылымның негізін қалап, өшпейтін 
хат қалдырған – ғаламның ғалымы.
Оның осыдан он 
төрт ғасыр бұрын түйіндеп айтқан хадистері мен Оған 


99
ИМАНИ ГҮЛ
түскен Құран аяттарын – қазіргі технология мен зертха-
на, жалпы ғылым дүниесі енді ғана түсініп, Оның (с.а.у.) 
пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында 
бас июде. Бүгінде ғылым өзінің сан рет жаңылып, неше 
мәрте қателескен жерінде Құранның әу бастан дөп ба-
сып тура айтқанын көріп таң қалуда. Құрандағы ғылыми 
аяттар осы кітаптың 
«Кітаптарға иман»
бөлімінде жеке 
берілетін болғандықтан, қазір тек Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған бірнеше 
хадисін мысал ретінде келтірейік.
• 
Сүндет.
Алла елшісі он нәрсені адам табиғатына 
тән нәрселердің қатарына жатқызады. Соның бірі – 
сүндеттелу.
Қазіргі ғалымдар ер кісінің жыныс мүшесінің 
аузындағы терінің ластық пен түрлі микробтарды 
жинайтындығын, нәтижесінде оның түрлі ауыруларға се-
беп болатындығын дәлелдеуде. Ал одан сақтану жолы – 
сүндет жасату.
Бүгін Америка мен Англияда сүндет жасатқандардың 
саны миллионнан астам. 
«Элефтером Тинос»
грек 
газетінің хабарлауынша, АҚШ-тың педиатриялық ака-
демиясы жүргізген зерттеуге қарағанда, ұл балалардың 
59,5 %-ы сүндеттеледі екен. Осылай істеу арқылы олар 
көптеген аурулардан сақтануды көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет