Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әлі де бір Алланың барлығына сенбей, 
данышпансып отырған ол:
– Соңғы сұрағыма жауап берсең ғана сенен 
жеңілгенімді мойындаймын. Алла бар деп 
бойбермейсің. Сол Аллаң дәл қазір не істеп жатыр? – 
деп сұрайды. Аз ғана ойланып қалған Әбу Ханифа: 
– Мына отырған мінберден түсіңіз, сұрақтың 
жауабын сонда берейін деп дінсізді төмен түсіріп, өзі 
мінберге шығып: 
– Дәл қазір Алла тағала сен сияқты бір дінсізді 
мына мінберден түсіріп, мен сияқты бір пендесін 
жоғары шығарды,–дейді.
Дінсіз аузын аша алмай қалып, қалың халық 
алдында 
«калимаи шаһадат»
айтып, исламды 
қабылдаған екен.
Әбу Ханифа фиқһ ілімінің жетік маманы болған 
кезінде, дініміздің көптеген келелі мәселелеріне 
байланысты сұхбаттарға да қатысатын. Бірде 
ол мешітте отырғанында қарулы харижиттер 
(суниттерге қарсы топ өкілі) үстіне баса–көктеп 
кіріп, сынау үшін оған: 
«Босағада екі өлік жатыр. 
Бірі арақтан өлген ер кісі, екіншісі зина жасап 
қойып, сонысы үшін ұялып асылып өлген әйел. Бұл 
екеуіне қатысты не айтар едіңіз?»
,–деп сұрайды. 
Харижиттердің сенімі бойынша, үлкен күнә жасаған 
кісі кәпір саналып, мәңгілік тозаққа түседі.
Ол кісінің ниет-пиғылын бірден түсінген Әбу 
Ханифа: – Ол екеуі яһуди ме, әлде христиан ба, не 
пұтқа табынушы ма? Мұның қайсысы?– деп қарсы 
сұрақ қояды.
– Олардың ешқайсысы да емес.
– Сонда қай үмбеттен?
– Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі 
дейтін қауымнан,– деп жауап берген харижиттерге: 


q
q
31
Имам Ағзам Әбу Ханифа
– Куәлік кәлимасы иманның үштен, төрттен яки 
бестен бірі ме? – деп тағы сауал қояды.
– Иманның ондай үштен де, төрттен де, бестен де 
бірі болмайды. Ол бөлінбейді.
– Иманның қаншасы сонда?
– Тұтасы.
– Ендеше, жауабын өздерің бердіңдер. Олардың 
мұсылман екенін айттыңдар. 
– Сен мұны қой. Олар жәннаттық па, әлде 
жәһәннәмдық па? – деп харижит сүріндіру үшін 
сұрақты бастырмалата бастайды.
– Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар мүшріктерге: 
«Ей, Алла! 
Маған бойсұнғандар мен қарсы шыққандарға Сен 
кешірімді әрі рақымдысың»,
–деп дұға етті. Иса (ғ.с.) 
пайғамбар: 
«Ей, Алла! Егер оларды азапқа салсаң, 
олар Сенің құлдарың, егер кешірсең, Сен мейірбан әрі 
рақымдысың»,–деді. Иманды жандарды қудалауға 
себеп те, негіз де жоқ»,
– деп түйіндейді өз жауабын 
Әбу Ханифа. Сөзге тоқтаған харижиттер қаруларын 
тастап, мешіттен шығып кетеді.
Осылай Әбу Ханифа Құранның асыл аяттары 
менхазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)
 
пайғамбарымыздың 
хадис шәріптерінен, сондай-ақ бұрын өткен 
пайғамбарлардың (ғ.с.) өсиеттерінен нақты дәлелдер 
мен мысалдар келтіру арқылы, жат топтардың теріс 
пікірлерін түзеп отырған.
Әбу Ханифаның баласы ғылыми айтыс-тартысты 
ұнататын, әрі жат топтардың теріс пікірлеріне 
еліктеп кете жаздағанда, әкесі оны олардан қайтарып 
алатын. Сонда баласы әкесіне таңырқай қарап: 
«Мен сенің де әр қилы мәселелерде пікір таласып
айтысатыныңды көретінмін, ал енді мені содан 
тыйғаның қалай?», –деп сұрайды. Әбу Ханифа: 
«Балам–ау! Біздің пікірталастағы сақтығымыз 


q
q
32
Имам Ағзам Әбу Ханифа
соншалық, төбемізде құс қонып тұрғандай аса 
мұқияттылықпен сөйлеуші едік. Бәсекелесіміз 
қателеспей, екеуіміздің де ойымыз бір жерден 
шықса екен деп тілейтінбіз. Ал сендер бір-біріңнің 
беттеріңнен алып, қарсыластарыңның қателесіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет