Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
тура жолдан адасқанын қалап тұрасыңдар. Есіңде 
болсын, кімде-кім бәсекелесінің қателесіп, тура 
жолдан адасқанын қаласа, ол оның діннен шығуын 
қалағанымен бірдей. Ал серігінің дінсіздігін қалаған 
адам, сол арам ниеті үшін, әуелі өзі дінсіздер 
қатарына қосылады»,
–деген екен [2, 32].
Бірде Әбу Ханифа ұстазы Хаммад ибн 
Сүлейменнің дәрісханасында отырғанда бір әйел 
келіп, одан: 
«Пәленше өзінің күңін шариғатқа сәйкес 
талақ етпекші, оның жолы қалай?»,
–деп сұрайды. 
Сонда ол: 
«Бұл мәселені анау ұстазымыздан сұрап 
көр, жауабын маған келіп айтарсың»,
–дейді.
Әйел Хаммад ибн Сүлейменге барып, сұрағына 
жауап алады да, қайтып оралып: 
«Мұның жауабы 
былай екен: Ислам некелі ерлі-зайыптыларды бір 
шаңырақ астында тату өмір сүруге бұйырады. 
Дегенмен, олардың отбасылық өмірі жараспай, 
ажырасуды қаласа, ері әйелін талақ етеді. Ол 
үшін күйеуі әйелімен жақындасуды тоқтатып, 
оны үш рет қатарынан келген әр етеккірінен 
тазарысымен бір реттен талақ айтады. Осымен 
ерлі – зайыптылардың некелік байланысы біржола 
тыйылып, әйел басқа еркекке күйеуге шығуға құқылы 
болады екен»,
–деп мәселенің түпкілікті шешімін 
баяндап береді [1, 10].
Мұны естіген Әбу Ханифа: 
«Ақида ілімін ерінбей 
оқыдым, зерттедім, бірақ қарапайым халықтың 
күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынастарында 
жиі ұшырасатын басқа да сан алуан түйткілді 


q
q
33
Имам Ағзам Әбу Ханифа
мәселелеріне нақты шешім іздейтін, әрі аса 
байыптылықты қажет ететін фиқһ іліміне аса 
көңіл бөлмеген екенмін»,
–деп отырған орнынан 
тұрып Хаммадтың фиқһ ғылымының дәрісханасына 
беттейді. 
Шәкіртінің бұл ілімге деген ынта-ықыласын 
байқаған ұстазы: 
«Балам, бұдан былай оқушылардың 
алдыңғы қатарында отыр»,
–деп арқасынан қаққан 
[1, 10].
Әбу Ханифа өз заманында араб тілі, ақида (діни 
сенім), хадис сияқты көптеген ілімдерге мойын бұра 
келе, соңында олардың ішінде ең қызықтысы мен 
маңыздылығы жағынан өзіне қатты ұнаған фиқһ 
ілімін таңдайды. Бұл ілімді жай оқып қана қоймай, 
тереңнен зерттеп, мәселелерді тақырыбына қарай 
тараулап бір жүйеге келтіру арқылы негізін салады.
Йухий ибн Наср әл-Әнсари 
«Мен Әбу Ханифаның: 
«Менде хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздан 
жеткен сандық-сандық хадистер бар»,
–деген сөзін 
жеткізсе, Хасан ибн Зияд: 
«Әбу Ханифа төрт мың 
хадис риуаят еткен: екі мыңын ұстазы Хаммадтан, 
ал қалғанын басқа ұстаздарынан үйренген. Оның 
айтқан сөздері мен істеген амалдары хадис шәріпке 
сәйкес болатын»,
–дейді.
Әбу Ханифаның ілімі мен даналығын қызғанып: 
«Ол хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың 
хадистеріне көп сүйене бермейді, оның шығарған 
пәтуалары әлсіз»,
–дейтіндер де болған. Бұған қарсы 
жауап ретінде Найм ибн Әмр оның: 
«Адамдар 
мен туралы: «Ол айтқан пәтуаларын өз ойынан 
шығарады, нақты дәлелдерге сүйенбейді»,–дейді. 
Расында, әрбір мәселеге байланысты берген 
үкімдерімде Құран мен хадиске сүйенбеген кезім 
болған емес»,
–деген сөзін келтіреді.


q
q
34
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Талантты әрі терең парасат иелерін күндеушілері 
де табылатыны сияқты Имам Ағзамның (р.а.) бедел 
биігіне көтерілгенін, атақ-даңқының асқақтағанын 
көре алмай қызғанған дұшпандары да болмай 
қалмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет